Студенттерге арналған пәнді оқыту бағдарламасының Ұйым стандарты



бет3/7
Дата25.09.2024
өлшемі235 Kb.
#205097
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
1.2. Курс мақсаты және міндеттері: педагогиканы колледждерде оқытудың әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелерімен студенттерді қаруландыру; орта оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуды ұйымдастыру және басқару үшін қажетті тәжірибелік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
Нақты пәнді оқыту нәтижесінде студент:

  • педагогика принциптерін құру оқу пәні ретінде және педагогикалық пәндердің мазмұнын игеруді ұйымдастырудың тәсілдері ретінде елестете білуі;

  • педагогиканы оқу пәні ретінде құрудың және қазіргі оқыту технологияларының ғылыми негіздерін білуі;

- педагогиканы оқытудың тәжірибесінде теориялық білімдерді жүзеге
асыра білу біліктілігі болуы керек.
2. Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, Педагогиканың жалпы негіздері, Дидактика, Тәрбие теориясы, Педагогика тарихы.
Сабақ формалары ұжымдық, топтық және жеке тұлғалық.
Курс аяқталған соң, меңгерілген білім бойынша студенттер сынақ тапсырады.
Пәннің тақырыптық Ұйым стандарты
жоспары ПМУ ҰС 7.18.2/07


3. Пәннін тақырыптық жоспары



Тақырыптардың атауы



Сағат саны

Дәріс

Семин.

Зерт.

СӨЖ

1

Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері.

1

0,5




3

2

Педагогика курсының құрылымы мен мазмұны.

2

0,5




3

3

Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын талдау.




0,5




3

4

Педагогиканы оқытудағы технологиялар.

2

0,5




3

5

Іскер ойын педагогикадағы белсенді оқыту әдісі ретінде.




0,5

2

4

6

Колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері.

2







4

7

ІІедагогикадағы оқытудың көрнекі құралдары.




0,5

2

4

8

Педагогика бойынша лекцияларды дайындау мен өткізудің әдістемесі.




0,5

2

4

9

Педагогика бойынша семинар сабактарын дайындау мен өткізудің әдістемесі.




0,5

2

4

10

Педагогика бойынша практикалық сабақ-тарды дайындау мен өткізудің әдістемесі.




0,5

2

4

11

Модульдік оқыту.




0,5

2

4

12

Педагогика мамандығына кіріспе.

2

0,5




3

13

«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.

2

0,5




3

14

«Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама..

2

0,5




3

15

Тесттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.




0,5

2

4

16

Педагогика курсында білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу әдістемесі.




0,5

1

4

17

«Тәрбие теориясы» бөліміне әдістемелік сипаттама.

2







3




Барлығы: 97,5 (90)

15

7,5

15

60

3.1 Теориялық курстың мазмұны


1 тақырып. Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері
Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері. Педагогика гылым және оқу пәні ретінде. Оқу пәні ретінде педагогика дамуының негізгі кезеңдері. Педагогикалық білім беру мекемелерінде педагогиканы оқу пәні ретінде құру. Педагогикалық білімдерді меңгерудің ерекшеліктері. Педагогиканы оқыту әдістемесі теория мен практиканың жиынтығы ретінде. Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні. Педагогиканы оқыту әдістемесінің жалпы және дербес бөліктері. Педагогиканың әдіснамалық және жалпы педагогикалық мәселелері оқыту әдістемесінің жалпы бөліктерінің құрамалары. Педагогиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретіндегі міндеттері.
2 тақырып. Педагогика курсының құрылымы мен мазмұны
Оқу пәнінің мазмұны ретінде ғылымның бейнеленуі. Педагогика ғылымының дамуының оқу пәнінің мазмұнына ықпалы. Педагогика курсы мазмұнын құру, оның негізгі өлшеуіштері: ғылымның даму деңгейі; курсты окушылардың жастық құрамы; тыңдаушылардың жалпы даярлығының деңгейі; оқушылардың болашақ кәсіби іс-әрекетінің сипаты; педагогикалық білім беру мәселелерінің теориялық жасалу деңгейлері. Педагогиканың ғылымдар жүйесінің кең көлемдегі түрі ретінде. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаты. Курстың мазмұнын педагогика бойынша құрастырылған бағдарламаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында ашып көрсету. Педагогика ғылымын дамыту және қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес оку пәні ретінде педагогика курсының мазмұнын жетілдіру.
3 тақырып. Педагогиканы оқытудағы технологиялар
Педагогиканы оқыту процесі және оның ерекшеліктері. Болашақ педагогтарда танымдық қажеттіліктер мен педагогикалық білімдерге қызығушылығын қалыптастырудагы педагогика оқытушысының шешуші рөлі. Оқудағы оқушылардың белсенділігі мен өзбетінділігінің танымдық қажеттіліктер мен қызығушылықтарының байланысы.
Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы. Педагогиканы оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалану. Педагогиканы оқытудағы концептуалдық идеяларды жасау технологиясы. Педагогикалық пәндердің ықпалдастырылуы. Педагогикалық пәндерді ықпалдастыру процесінің типтері мен варианттары. Педагогикадағы оқытуды қарқындату процесі. Қарқындатудың әр түрлі жолдары. Педагогиканы оқытудың диагностикалық негізі. Педагогиканы оқыту технологияларының құрамалары.
4 тақырыл. Колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері.
Форма, окыту формасы, әдіс, оқыту әдісі, тәсіл, ұгымдар. Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы. Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ түрлері. Жеке, топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары. Сынып - сабақтық оқыту жүйесі. Лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар. Студенттердің өзіндік жұмысы. Педагогикалық практика. Педагогикалық үйірмелер. Педагогика пәні бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы. Педагогикалық оқыту процесінде (сөздік, көрнекілік, практикалық, өзара әрекеттестік, проблемалық, хабарламалық, т.б) түрлі әдістерді қолдану.
Модульдік оқыту. Пәнге ену жоғары оқу орынында оқытудың бір амалы. Педагогикалық мониторингтің әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет