Әдебиет:
Негізгі (1,2,3)
Тақырып 2.
Бұлшық ет және неррв талшықтарының физиологиясы
Жоспар:
1. Тірі тканьнің қасиеттері
2. Нерв-бұлшық ет талшықтарының қасиеттері
3. Н.Е.Введенскийдің парабиозы
Барлық тірі тканьдердегі тән төрт қасиет бар: 1- қозу дегеніміз тірі
тканьнің тітіркенуге беретін ерекше жауабы Қозу үшін тітіркендіру күші ұзақ
уақыт әсер етуі керек. Әсер ету күшіне қарай тітіркендіргіштер
табалдырықтан төмен, табалдырықты және табалдырықтан жоғары болып
үшке бөлінеді. Табалдырығы төмен дегеніміз өте әлсіз тітіркендіргіштер.
Табалдырықты тітіркендіргіштер- тканьді қоздырушылар. Табаолырықтан
жоғары тітіркендіргіштер -–тканьді күшті қоздырушылар. Тітіркендіргіштер
адекватты және адекватсыз болып бөлінеді. Адеватты дегеніміз осы тканьнің
үйреншікті тітіркенуі. Мысалы, көзге болатын сәуле әсері, құлаққа келетің
дыбыссс әсері. Адекватсыз дегеніміз тканьнің үйренбеген жағдайға тітіркенуі.
Тітіркену физиқалық. химиялық, биологиялық және жэлектрлік болып
бөлінеді. Тітіркенуден қозу болғанға дейнгі уақытты хронаксия дейді.
Хронаксия туралы ілімді жасаған франсуз ғалымы Л.Лапик.
Лабильдік- айырықшы ритмді тітіркенгішке тірі тканьнің айрықша ритмді
жауап беру қасиеті.. Басқаша айтқанда лабильдік – дегеніміз тканьнің
функциональдық тұрақсыздығы. Лабильдік өасиет әрбір аппараттын
физиологиялық әрекетіне байланысты. Тітіркену- тканьнің тітіркендіргішке
беретін қабілеттілік жауабы – заттар алмасуының өзгеруі, дене
температурасының көтерілуі.
Биоэлектірлік құбылыстар. Тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді
биоэлектрлік құбылыстар деп атайды. Жануар электрінің бар екендігі туралы
алғашқы мәліметтер ХVIII ғасырдың аяғында зертеген Л.Гальвани.
Биопотенциал түрлері. Тірі тканьдерде кездеседі бірнеше түрі: Олар:
тыныштық- мембраналық, зақымдану, электротондық, лоқальдық, қақпа,
әрекет, табалдырық потенциалдары. Мембраналық потенциал- тыныштық
күйде клетка мембранасының сыртқы бетінің оң элект зарядты, әшкі бетінің
онымен салыстырғанда терісс электр зарядты болатындығынаң туатын
айырымның нәтежесі.Мұның шамасы –50-90 мВ. Сипаттамассы: бирфазалық,
тұрақты; Na және K насос аркылы пайда болатын биоэлектірлік құбылыс,
әрекет потенциалдан төмен. Әрекет потенциялы – табалдырық күші бар
тітіркендіргіш әсер еткенде. Нерв, ет және кейбір басқа клеткаларда қозу
кезінде тез тербелістер түрінде байқалатын мембраналық потенциал
өзгерістері. Нерв, ет және кейбір басқа клеткаларда қозу кезінде тез
тербелістер түрінде байқалатын мембраналық потенциал өзгерістері. Мұның
шамасы –50 –120 мВ. Сипаттамасы: тұрақты емес; Na және K насос аз жұмыс
істейді немесе жөқ, екіфазалық, мембраналық потенциалдан жоғары.
Тыныштық потенциалының табиғатын түсіндіру ұшін әр түрлі
гипотезалар мен теориялар қсынылады. 1896, ж В.Чаговец Аррениустың
электролиттік диссоциация теориясына сүйене отырып, потенциалдар пайда
болуын иондардың орын ауыстыруымен түсіндіруге талаптанады. Оның
гипотеза бойынша, бұл процесте көмір қыщқылы диссоцияланған кезде
түзілетін иондар диффуздануының әр түрлі жылдамдықта жүретіндігі негізгі
фактор болып есептеледі. Ю.Берншетейн мамбраналық – иондық теорияны
қсынды. Оның түсінігінше, клетка мембранасы калий иондарын тандап
өткізеді де, басқа иондарды, мысалы натрий иондарын өткізбейді. Сондықтан
клетка ме мранасының сыртында он заряд пайда болады, ал ішінде теріс
заряд пайда болады. А.Ходжкин және Б.Катц мембраналық- иондық теорияны
ұсынды.
Бұлшық еттер тегіс және қөлденең жолақ болып екіге бөлінеді. Тегіс
бұлшық еттердің ішкі органдар құралған – ішек-қарын, бауыр және т.б. Дене
бұлшық еттері көлденең-жолақ мускулатурадан тұрады. Көлденең-жолақ
мускулатура бөлек-бөлек талшықтардан құралғанБұлшық ет талшығының
қабы екі қабат: шықтың ішіндегі сарколемма, ішкісі сұйық зат протоплазма
деп аталады. Онаң басқа талшықта көптеген миофибрилдер бар. Әрбір
миофибрилл 2500 дейін протофибрилл деген белок жіптерінен құралған.
Протофибрилдер жуан және жінішке болып екіге бөлінеді. Көлденең-жолақ
мускулатура изотроптық және анизотроптық дскілерден құралған.
Изотроптық дискілер жеке сәулелерді ал анизотроптықтар сәулелерді екі
түрлі жолмен сындырады Сондықтан да изотроптық дискінің түсі ақшыл
анизотроптық диск қоныр болады.. Миофибрилдер арасында саркоплазмалық
ретикулым орналасқан. Ретикулюмдарда кальций йондары цистернаралы
орналасқан. Цистерналар қабырғаларының өткізгіштігі жөғарылғанда,
олардан йондары бөліне алады.
Бұлшық ет талшықтарының қасиеттері:
1.тонус-бұлшық еттердін күш қуаты. Тонусты бұлшық еттердің
созылымдылығынан білуге юолады. Қанқа мускулатурасының тонусы бірінен
кейін бірі ұзақ интервалмен келіп тұратын нерв импульстарына байланысты.
2. созылымдылық-түскен күштің арқасында бұлшық еттің созылуы
3. иілимділігі- эластичность- созғаннан кейін бұлшық еттінің орнына келуі
4.пластикалылығы- бұлшық еттің берілген форманы сақтауы
Бұлшық еттерге өзіне тән жауабы – жиырылуы. Жиырылуы оқшауланған
және тетаниқалық болып екіге бөлінеді. Бұлшық еттердің оқшауланып
жиырылуының қзі изотониялық, изометриялық және ауксотониялық болып
үшке бқлінеді. Көбнесе бұлшық еттерге импульстер бірінен кейін бірі
кельгендіктен, олар үнемі – тетаниқалық жиырылып тұрады . Эксперемнт
жағдайында тетаниқалық жиырылудың екі түрі болады: 1- толық немесе тегіс
жиырылуы; 2- толық емесс немесе тісті жиырылуы. Ал оқшауланған
жиырылуы кездеседі тек қана жұрек бұлшық еттерде және эксперемент
жасағанда. Бұлшық еттердін жиырылуы механизмі туралы бірнеше теориялар
бар. Энгелгард теориясы бойынша белгілі мөлшерде калий мен магний
йондарды, АТФ болғанда актиномиозин жіптері шұғыл және жылдам
қысқарады.
Бұлшық еттердің шаршауы дегеніміз олардың жиырылуы қабілетінің
төмендеуі. Шаршау механизмі туралы бірнеше көзқарас бар:1. Шиффтің
болжамы бойынша бұлщық еттердегі куаттық заттардың- гликогеннің
таусылуынан.2- Пфлюгердің улану теориясы бойынша заттар алмасудағы сүт
пен фосфор қышқылдарының жиналуынан.3. Введенскийді бұлшық еттердің
шаршауын екі нервінің түйіскен жерінің лабильдігі төмен болғандықтан, оны
шаршауымен байланысты деп санайды.
Нерв клетканың өсімділері-
дендриттер мен аксондар нерв талшықтарды
құрайды.Нерв талшықтары ұлпалы және ұлпаоы емес болып екіге бөлінеді
Ұлпалы талшықтардың шван мен миэленді қабығы болады. Қлпалы емес
талшықтарда миэлин қабығы болмайды. Миэлін қабығы әрбір 1—2,5 мм-ден
соң қзіліп отырады Оны Ранвье буыны деп атайды. Нерв талшықтарының 60
проценті дәнекер тканьнен, 30 проценті миэлін қабығынын, ал 10 проценті
нейрофибридерден тұрады. Нерв талшығының қабығын нейролемма, ал
ішіндегі сұйығын нейропалзма дейді. Ұлпалы талшықтарға соматикалық,
ұлпылы еместерге вегетативтік нервтер жатады. Нерв талшықитарының
қасиеттері
: 1. қлпалы нерв талшығының екі жақты өткізгіштік қасиеті
бар.Бірақ организмде нерв талшықтары нерв орталығы мен синапстар
болғандықтан қозуды тек бір бағытта ғана өткізеді; 2- талшықтар қозуды тек
бүтін болғанда ғана өткізе алады; 3.- әрбір нерв талшығы қозуды жеке
өткізеді; 4.- өткізу жылдамдығы әр түрлі; 5.- заттар алмасуының деңгейі
төмен болғандықтан, ұзақ уақыт шаршамайды; 6.- қозу бір Ранвье буынынан
екінщісі не секіріп тарайды. Миэлин қабығы екі түрлі: электрлік изоляторлық
және трофикалық қызмет атқарады. Нерв талшықтары А,В және С болып үш
түрге бөлінеді. А типті талшықтар ạ, β, γ болып бөлінеді Бұлардың бәрінде
миэлін қабығы бар. Нервтің В топтары вегетативтік преганглиенарлы
талшыұтарына жатады, жылдамдығы секундына 3-14 м. С- топтары
постганлионарлы симпатикалық талшықтарға жатады, диаметрі 0,5 м,
жылдамдығы секундына 2-6 м.
Н.Е.Веденский нерв-бұлшық ет препаратының нервісің кураремен
уландыпып, нерв арқылы әр түрлі күші бар электр тогін өткізген. Бұл
жағдайда нерв-бұлшық ет препаратының үш түрлі кезені болатыны
аныұталады: 1- тепе-тендік кезеніңде кұшті немесе әлсіз тоққа препарат
бірдей жауап береді.2- парадоксальдік кезенінде күшті тоққа препарат
нашар, ал әлсіз тоққа күшті қайтарады; 3- тежелу кезеңінде күшті немесе
әлсіз тоққа препарат ұзақ уақыт жауап бермейді. Осы тәжірибенің нәтежесі
арқасында Введенский қен тараған тежелу құбылысының механизмнің
анықтайды. Өзінің тірі жағдайында нервтің функциональдық қасиетін
жоғалтуын Введенский
– парабиоз
деп атады. Латынша – пара- деген сөз екі
мағнада қолданалады. Бұл жерде пара – жуық деген мағнаны көрсетеді. Ал,
биос-тіршілік деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |