шыққан судың мөлшері үнемі өлшеніп отырылады.
Судын алғашқы және
кейінгі температурасы мен ескере отырып, бөлінген жылудың мөлшерін
анықтауға болады. Бұл әдіс сирек қолданылады. Себебі металдан екі қабат
қабырғалы камераны жасау қымбатқа түседі. Осыған байланысты жанамалы
жылу өлшеу жиі пайдаланады.
Жанама жылу өлшеу бойынша, тыныс алғандағы пайдаланған оттегімен
бөліп шығарылған көмір қышқыл ғазының мөлшері анықталады.
Бір литр
оттегі пайдаланылғанда немесе 1 л СО 2 шығарылғанда бөлінген жылуды О 2
және СО 2 калориялық коэффициенты дейді. Тыныс алу коэффициенты
дегеніміз көмір қышқыл газы көлемінің қабылданатын оттегі көлеміне
қатынасы
СО
2
ТК = О
2
Бұл коэффициентің мөлшері әр түрлі қоректік заттарды пайдаланғанда
әр түрлі болады. Сонымен, майлар тотыққан кезде ТК – 0,7 тең болады Ал
белоктар тотыққанда тыныс алу коэффициенты 0,8 – ге тен.
Белоктар тірі протоплазманың негізін құрайды.
Организмдегі
ферменттер, гормондар, гемоглобин, гемоцианин, фибриноген т.б. барлығы
белоктардан құрарлған Белоктың құрамы өте күрделі болады. Олардың
құрамына 25 –ке дейін аминқышқылдары, фосфор қышқылы, көмірсутек пен
май топтары кіреді. әрбір организм белоктарының ерекшелігі бар. Мұның
себебі аминқышқылдарының байланысу реті мен жүйесіне байланысты. Белок
алмасуының ақырғы өнімі ретінде аммиак, мочевина, зәр қышқылы, креатини,
гиппур қышқылы, аденин т.б. заттар организмнен бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: