қуйымшақ омыртқаларда зәр мен нәжіс бөлу, эрекция мен эякуляция
орталықтары орналасқан.
Жұлын организмнің шеткі мүшелерің мидын әртүрлі бөлімдермен
байланыстырады. Бұл қабілетті нерв талшықтарынан қүралған ақ заттын
өткізгіш жолдары қамтамасыз етеді.
Артқы ми.
Артықы миға сопақша ми, варолиев көпірі және мишық
жатады. Сопақша ми жұлынды бас мимен жалғастырады. Сопақша мидан он
екі бассүйек ми нервтерінің сезгіштері басталады: 5 жұбы- үшш түбірлі нерв, 6
—жұбы- бұрып жібергіш нерв. 7- жұбы-бет нервілері, 8- жұбы-есіту нервілері,
9- жұбы тіл-жұтқыншақ нервілері, 10- жұбы –кезеген нерв, 11- жұбы қосымша
нерв және 12 жұбы –тіласты нерві.
Сонымен қатар мида өмір сүруде ерекше орын алатын орталықтар
орналасқан. Бұл орталықтар реттейтін қызметіне қарай бірнеше топқа
бөлінеді: 1- азық қорыту орталықтарына-жұту, ему, шайнау, сөл бөлу, сілекей
бөлу, қарынды жиырылыту, күйісс орталықтары жатады; 2-
тыныс алу
орталықтарына – тыныс алу, тыныс шығару, пысқыру мен жөтелу
орталықтары жатады; 3- жүрек-қан тамырлары орталықтарына- жүректі
реттеу, қан тамырларын кеңейту мен оларды тарылту орталықтары жатады;
4- тер бөлу орталықтары. Сопақша мидың қызметі бұзылса адам да, мал өмір
сүре алмайды.
Мишық орталық нерв жүйесіне қондырма ретінде орналасқан. Мишық
организмнің күрделі қозғалыстарының координациясын реттейді. Ол варолиев
көпірі арқылы ми жарты шары қыртысымен байланысты. Мишықты алып
тастаған соң организмде төменгідей өзгеріситер болады: 1- атония- бүлшық
еттер тонусы бұзылады; 2- атаксия- қозғалыс
координациясы бұзылады; 3-
астазия- аяқтары мен денесі дірілдейді, сандалады; 4- астения – көп, артық
қозғалыс бол ғандықтан организм жылдам шаршайды; 5- дез эквилибрация –
тепе-тендік бұзылды; 6- дисметрия- қозғалыс бағыты мен жылдамдықтың
бұзылуы болады. Сонымен, мишық барлық қозғалыстардың негізгі реттеушісі
нәзік қозғалыстардың бақылаушысы. Мишық вегетативтік құбылыстарға да
ісер етеді. Мишық қозған көздің қарашығы кеңейіп, артериялардың қысымы
көтеріліп, пульс жиіленіп, шапшаған бұлшық еттердің қабілеті қалпына
келеді.
Орта ми Орта миға төрт төмпекшік, қызыл
ядро мен қара субстанция
жатады. Бүл мидан- бассүйек нервтерінің екеуі басталады: 1- 3 жұп қозғағыш
нервтер; 12- 4 жұп блокты нервтер. Төрт төмпешіктің алдынғы екі
төмпешігінде көру рефлекстердің орталықтары орналасқан. Бұл рефлекстерге
қөз қарашығының кеңеюі мен тарылу, көздің қозғалуы жатады. Артқы екі
төмпешікке есіту нервтерінің талшықтары келеді. Сондықтан бұларды дыбыс
рефлекстердің орталықтары орналасқан. Бұл рефлекстреге құлақтарды
көтеру, басты бұру қимылдары жатады.
Қара сбустанцияның қызметі нашар зерттелген. Ол бұлшық еттердің
пластиқалық тонусын реттейді деп санайды.
Сол себептен гимнастика мен
балетпен шұғылданатындарда қара субстанция жақсы дамыған.
Қызыл ядро бұлшық еттердің тонусын реттейді. Егер малдың жұлынын
қызыл ядродан төмен кессе, оның денесінің барлық бұлшық еттеріне, әсіресе
денені сірестіретін еттеріне күш түседі Бұл жағдайда жануарлардың аяқтары
созылып, басы шалқайып, құйрығы көтеріліп, серейіп қалады –
децеребрациялық регидность. Қорыта келе, орта ми дененің тонусын ұстап
тұратын Магнус тың айтушына т.зілетін рефлекстерді реттейді. Бұл
рефлекстер вестибулярлық аппаратың рецепторларымен байланысты дене
тұрысын қалпына келтіреді.
Аралық миға
гипоталамус, таламус пен эпиталамус жатады.
Гипоталамус көптеген ядролардан құралған және гипофизбен байланысты.
Жоғарыда көрсетілгендей гипоталамысты қазіргі кезде ішкі секреция
бездеріне жатқызды. Эпиталамуста иіс сезімі мен эпифиз орналасқан.
Таламуста ауыр сезімінің орталықтары орналасқан. Таламус ерекше және
ерекше емес ядролардан құралған. Ерекше
ядроларға таламустың өзінде
жинақталған информация түседі Таламустың ерекше емес ядролары ми
жарты шары қыртысының белсендіоігін жылдам аз уақыттың ішінде
арттырады Аралық мида белок. май, көмірсутектер, су мен тұздар
алмасуының орталыұтары және жылу бөлу орталыға орналасған.
Гипоталамус пен ми жарты шары қыртысының арасында базальдық
ядролар бар.
Бұл ядроларға жолақ дене, шарбақ және миндаль тәрізді
ядролар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: