ИНДИВИДУАЛДЫ БЕЙСАНАЛЫҚ – жеке адамның тұлғалық тәжірибесін бейнелейді және ол әсерленушіліктен тұрады, бұрын саналы болған, бірақ басу мен естен шығаруда өзінің саналы мінезін жоғалтты. (Юнг)
ИНДУИЗМ–Үндістан халықтарының көпшілігіне тән діни нанымдардың, әдет ғұрыптардың, мәдени салт дәстүрлері мен әлеуметтік-тұрмыс институттарының жиынтығы. Индуизмнің түп төркіні ежелгі үнді діні – брахманизмнен басталады, онымен генетикалық байланысы, мысалы, Индуизмнің пір тұтатын құдайлары – брахманизмнің үш құдайы: Брахма (жаратушы), Вишну (жебеуші, қорғаушы) және Шива (жаратушы және сонымен бірге қиратушы).
ИНТЕЛЛЕКТ, Бергсон бойынша–бұл саналы және пайымдық таным, физика-математика ғылымдарындағы ең жоғарғы әдістердің бірі. Интеллект денеде әлемнің тұтастығын, денені элементтерде ыдыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |