§ географиялық: географиялық ортаға әсер етеді.
ӨЛШЕМ – заттың сапалық және сандық сипаттарының бірлігі, берілген сапаның өзін сақтай отырып, сандық өзгерістердің шегін білдіреді. (Гегель).
ПАНТЕИЗМ (гр. pan – бәрі және theos - құдай) - құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі. Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды.Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды.
ПАНПСИХИЗМ (гр. pan-барлығы және psyche-жан) – барлық табиғатқа жандылық, психикаға тән делінетін идеалистік көзқарас, анимизмнің философиялық тұрғыдан айтылуы. ІІ-ге Бруно 19ғ.-да Герберт, Фехнер және т.б. жақын болды. Бұл көзқарасты көптеген философ-идеалистер (персоналистер, Уайтхед, сыншыл реалист Ч.Отронг, аналитикалық психологияның негізін салушы К.Г.Юнг және т.б.) ашық жақтады. ПАРАДИГМА (гр. paradeigma -үлгі) - теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.