ПОСТКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ – гегельдік кезеңнен кейінгі XIXғ.аяғы мен –XXғ.басындағы батысевропалық философия кезеңі.
ПРАВОСЛАВИЕ (гр. orthodoxia) - христиан дінінің бір тармағы, Шығыс Европа, Таяу Шығыс және Балкан елдерінде кең тараған. П. 11ғ. Батыс пен Шығыс Европада феодализмнің даму жолы барысында толығымен бөлініп шықты.
ПРАГМАТИЗМ (гр. pragma - әс, әрекет) – қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік ағым ретінде кең тарады. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады.