Студенттің білімін тексеруге арналған тест



бет88/98
Дата23.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#132934
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98
Байланысты:
umkd po filosofii 2021 na ka yaz

ПАТРИСТИКА – пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін «шіркеу әкейлері» ілімі.
ПРАКТИКА - қоғамдық өндірісте табиғатты, қоғамдық қатынастарды өзгертуге бағытталған адамның мақсатты мәнді қызметі тарихи қалыптасқан өмірсүру әрекетінің сезімдік заттық нысаны, адамның дүниеге қатынасы, адамдық болмыстың тәсілі, тәжірибесі.
ПСИХОАНАЛИЗ – З.Фрейд ұсынған жүйке және психалық ауруларының жалпы териясы мен емдеу әдісі, фрейдизмнің теориялық негіздерінің бірі.
ПСИХОЛОГИЯ (гр. psyche – жан және logos - ілім) – адам қызметі мен жануарлар құлқындағы обьективті шындықтың психикалық бейнеленуінің пайда болу және әреке заңдылықтары туралы ғылым. П. өте ертеде тұрып, ұзақ уақыт бойы философия қойнауында дами отырып, П.ұғымдарын алғаш жүйелеген Аристотель еңбектерінде жоғары деңгейге дейін көтерілді.
ПОЗИТИВИЗМ (лат. positivus – оң, жағымды) –шетел философиясының нақты ғылымдарды нағыз, шынайы білімнің бірден-бір көзі деп жариялайтын және философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыты. Нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет