Ерітілген газ игеру режимінде, қабаттың мұнай бергіштік коэффиценті орташа шамамен неге тең?
Тақырып. Ұңғыларды пайдалану тәсілдері. №10 – практикалық тапсырма. Ұңғыларды фонтандық тәсілмен пайдалану кезінде, қысымның баланс теңдеуін талдау және қысымның терендікпен өзгеру қисықтарын көрсету.
Әдістемелік ұсыныстар: Қысымның баланс теңдеуін және оның (қысымның) тереңдікпен өзгеру заңдылықтарын тек мұнай ұңғыларында, яғни мұнай бірге ұңғы бойымен газ жүргенде, қарастырыңдар.
Нег. 1. [200-202], 2. [154-155], 3. [143-144] Қос.: 7. [233-235] Бақылау сұрақтары. Қабаттың гидростатикалық қысымы арқылы фонтандау дегеніміз не?
Ұңғыдағы сұйық бағананың гидростатикалық қысымынан қабат қысымы аз болғанда, ұңғы фонтандау мүмкін бе?
Ұңғыда, қашан мұнайдан газ шыға бастайды?
Саға қысымы дегеніміз не?
Үйкеліске кеткен қысымды және саға қысымды баланс теңдеуінде не үшін ескереді?
Тақырып. Ұңғыларды пайдалану тәсілдері. №11- практикалық тапсырма. Газлифтілі және сорапты ұңғылардағы қысымның тереңдікпен өзгеру графиктерін сызу және түсіндіру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұңғыларды пайдаланудың осы тәсілдері механизацияланған екенің еске алу керек, яғни сұйықты көтеру үшін сырт жақтан қосымша энергияны әкелу қажет. Оларға қысым баланс теңдеуі орындалмайды.
Нег.: 1. [ 202-204], 3. [144-148], 2. [160-170]