Қос.: 5. [230-235] Бақылау сұрақтары: Ұңғыны газлифтілі тәсілмен пайдалану дегеніміз не?
Ұңғыны сорапты қондырғылармен пайдалану дегеніміз не?
Механизацияланған пайдалану тәсілі қандай жағдайда қолданылады?
Газлифтілі тәсілде қандай қосымша энергия түрін пайдаланады?
Сорапты тәсілде қандай қосымша энергия түрін пайдаланады?
Тақырып. Ұңғыларды пайдалану тәсілдері. №12 – практикалық тапсырма. Терең сорапты қондырғының жұмыс істеу принципін қарастыру. Оның жер үстіндегі және жер астындағы жабдықтарын атаңыз.
Әдістемелік ұсыныстар: Терең сорапты қондырғының схемасын қарастыру керек. Сораптың сұйыққа толу және бергіш коэффициентері сияқты ұғымдарға назар аудару керек.
Нег.:1. [242-253], 2. [167-174], 3. [184-191] Қос.: 7. [310-312] Бақылау сұрақтары: Саға штоктың жүріс ұзындығын қалай өзгертеді?
Балансирдің тербеліс саның қалай өзгертуге болады?
Тербелмелі станоктың кривошипы қандай қозғалыста болады?
Плунжердің жоғары қозғалысында, қандай клапан ашылып, қандай жабылады?
Сораптың қандай түрлері бар?
Сораптың бергіш коэффициентің қалай анықтайды?
Сораптың сұйыққа толу коэффициенті неге тең?
Тақырып. Ұңғылар өнімділігін көбейту әдістері. №13 – практикалық тапсырма. Қабатты сұйықпен жарудың мәні неде? Қабатты сұйықпен жаруда жабдықтардың орналасу схемасын қарастыру.
Әдістемелік ұсыныстар: Қабатты сұйықпен жару ұрдісі неше кезеңнен тұратының және жару сұйықтар мен құмға қойылған негізгі талаптарды қарастыру керек.
Нег.: 1. [312 –315], 2. [192-196], 3. [237-239] Қос.: 7. [417-420] Бақылау сұрақтары: Жару сұйықтар дегеніміз не?
Пакерді не үшін пайдаланады?
Гидравликалық якорді не үшін орнатады?
Қабатты сұйықпен жару үрдісі неше кезеңнен тұрады?
Қабатты сұйықпен жару үрдісінде құмға қандай талаптар қойылады?