Сұрыптап су айдау – бұл жүйеде кәсiпшiлiк–геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мәлiметтерi арқылы тепе–тең төр бойынша алаңдарды бұрғылағаннан соң су айдау ұңғыларын таңдайды.
Ошақтық сулану – бұндай жүйеде жеке таңдалған немесе арнайы бұрғыланған ұңғылар арқылы суды қабатқа айдайды.
Қабаттың өз энергиясы арқылы суйықтың сағаға көтерiлу кезiндегi пайдалану тәсiлi фонтанды тәсiл деп аталады.
Пайдаланудың газлифтi әдiсi – бұл ұңғы ағымының өнiмiне қабаттан келетiн немесе жоғарыдан айдалатын газ арқылы пайдалану әдiсi.
Плунжердiң астына енетiн нақты суйық көлемiнiң осы плунжердiң жоғары жүрiсi кезiндегi сипатталатын көлемiне қатынасын сораптың толу коэффициентi.
Тербелмелi станоктар – бұл айналмалы қозғалыс жасайтын электрқозғалтқыштың бiлiгi арқылы плунжердi штангiмен жоғары–төмен қозғалысына келтiрiп сұйықтықты айдау механизмдер.
Су мен мұнайдың араласу нәтижесiнде пайда болатын сұйықтықты мұнай эмульсиясы деп аталады.
Төменгi температурада қайнайтын фракциялар жеңiл фракциялар деп аталады.
Жоғары температурада қайнайтын фракциялар ауыр фракциялар деп аталады.
Конденсацияланған будың алғашқы тамшысының құлау температурасы фракциясын қайнай бастауы деп аталады.
Фракцияның булануы тоқтағандағы температура фракция қайнауының аяқталуы деп аталады.
Төменгi температурадан жоғары температураға дейiн айырылған фракцияларды дистиллятор деп атайды.
Ректификация – бұдың щыққан ағынымен төмен аққан суйықтың арасындағы жылу не масса алмасуды айтады. Осының нәтижесiнде булар төмен температурада қайнайтын, ал сұйықтықтар жоғары температурада қайнайтын компоненттермен байытылады.
Ректификациялану колонна – тесiктерi табақшалармен жабылған ондаған горизонталь бөгеттерi бар болат цилиндр.