Студенттің ПӘндік


Тақырып. Ұңғы туралы түсінік



бет30/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij

Тақырып. Ұңғы туралы түсінік.
5- пратикалық тапсырма. Ұңғы конструкциясын және ұңғы түп маңы бөлігінің конструкцияларын талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұңғы конструкциясына қандай шеген құбырлары кіреді екені не және олардың тағайындалуына назар аудару керек.
Ұңғы түп маңы бөлігінің пайдалану тізбегі цементелінген жағдайдағы конструкциясын жие қолдану себептерін қарастыру қажет.
Нег.: 1. [59-60], 1. [94-96], 2. [50-54]
Қос.: 8. [134-136]
Бақылау сұрақтары:

  1. Бағыттаушы құбыр не үшін тағайындалған?

  2. Кондуктор не үшін керек?

  3. Ұңғы конструкциясына қандай шеген құбырлары кіреді?

  4. Аралық шеген құбырлар не үшін керек?

  5. Ең соңғы шеген құбырды қалай атайды?

  6. Өнімді қабат қатты тау жыныстарынан тұрған жағдайда, қандай ұңғы түп маңы бөлігінің конструкциясын пайдаланады?

  7. Өнімді қабатта мұнай мен бірге су және балшық қабаттары араласып жатса, онда қандай ұңғы түп маңы бөлігінің конструкциясын пайдаланады?

  8. Сүзгіштерді қандай мақсатпен қолданады?

Тақырып. Сұйықпен газдың ұңғыға құйылуы.
6 – практикалық тапсырма. Мұнай мен газдың ұңғыға құйылу теңдеуін қарастыру. Индикаторлық қисықтарды талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Индикаторлық сызықтар қандай жағдайларда дөңес, ойыс және түзеу болатына назар аудару қажет.
Нег. 1. [138-140], 2. [135-138], 3. [36-38]
Бақылау сұрақтары:

  1. Ұңғының дебиті дегеніміз не?

  2. Депрессия (қысым айырмашылығы) дегеніміз не?

  3. Ұңғы өнімділігінің коэффициентін қалай анықтайды?

  4. Индикаторлық диаграмма дегеніміз не?

Тақырып. Мұнай мен газдың құйылу теңдеуінің заңдылықтары.
7 – практикалық тапсырма. Әр түрлі игеру режимінде мұнай мен газдың ұңғыға құйылу теңдеулерін талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Әр игеру режимін қарастырғанда, құйылу теңдеуіне өнімді қабаттың қандай параметрлері кіретініне назар аудару керек.
Нег. 1. [131-134], 3. [30-33]
Қос. 7. [79-83]
Бақылау сұрақтары:

  1. Мықты суарынды режимінде, мұнайдың ұңғыға құйылу теңдеуі қалай аталады?

  2. Кеуекті ортаның көлемді серпімділігін және сұйықтың сығылу коэффициентін, қандай игеру режимінде ескеру қажет?

  3. Ерітілген газ режимінде, қабаттың өткізгіштік коэффициенті қалай табылады?

  4. Пьезоөткізгіш коэффициенті неге тең?

  5. Пьезоөткізгіш коэффициентін қандай игеру режимінде ескереде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет