Мұнай мен газды жинау және тасымалдау сұлбасы (схемасы )
Мұнайды өндірісте дайындау
Газды дайындау
Деэмульсациялау тәсілдері
Сепараторлардың (айырғыштар) тағайындалуы
Мұнайды өңдеудің өнімдері.
Мұнайды өңдеудің ұрдістері
Мұнайды тікелей айыру
Мұнайды өңдеудің термиялық ұрдістері
Каталитикалық крекинг және каталитикалық риформинг
Көмірсутекті газдарды өңдеу
Абсорбция және адсорбция дегеніміз не?
Мұнай, мұнай өнімдерін су және теміржолмен тасымалдау
Мұнай, мұнай өнімдерін автокөлік және құбырмен тасымалдау.
Басқа тасымалдау түрлерімен салыстырғанда құбырмен тасымалдаудың артықшылығы.
Мұнайды айдаудың жұйелері (схемалары)
Магистралдық құбырды есептеу.
Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау тәсілдері (принциптері)
Табиғи газды сақтау тәсілдері
Табиғи газды тасымалдау
ГЛОССАРИЙ
Минералдар – бұл жер қойнауындағы физика-химиялық үрдiстер (процесстер) натижесiнде пайда болған, химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша ұқсас болып келетiн табиғи зат.
Тау жыныстары – жер қойнаунда жатып өздiгiнен геологиялақ денелер түзетiн, минералдық және химиялық құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болып келетiн минералдарды айтады.
Ақтарылған(магмалық) жыныстар –негiзiнен кристалды құрылымға ие, олар жер бетiнде немесе жер қойнаунда магма деп аталатын силикатты балқыманың қатуы нәтижесiнде пайда болады.
Шөгінді тау жыныстары – су бассейндерінің түбіне және құрлықтар (материктер) бетiнде органикалық және органикалық емес заттардың шөгуі нәтижесiнде түзiлген.
Метаморфтық тау жыныстары– шөгiндi және ақтарылған тау жыныстарынан түзiлген, бұлар жер қойнауының қалыңдығының белгiлi бiр тереңдiгiне дейiн батқан.
Стратиграфиялық шкала– бұл жер қойнауының дамуындағы басты тарихи–геологиялық зандылықтарды көрсететiн шкала.
Геохронологиялық кесте – бұл жердiң даму тарихын шартты белгiлi бiр уақыт кескiнiмен көрсететiн кесте.
Қабаттың табаны – бұл қабаттың төменгi жағынан шектелу бетi.
Қабат жабыны – бұл қабаттың үстiңгi жағынан шектелу бетi.
Айқын (нақты) қалыңдық – бұл қабат жабынының кез-келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тұрғызылған перпендикуляр.
Көлбеу (көлденең) қалыңдық –бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi көлденең қашықтығы (аралығы).
Тiк қалыңдық – бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тiк бағыттағы аралығы (қашықтығы).
Тербелмелi қозғалыстар – бұл жер қойнауның жекелеген участкiлерiнiң (бөлiктерiнiң) вертикалтiк бағытта бiр–бiрiне салыстырмалы түрде орын ауыстыруларын туғызатын қозғалысты айтады.
Қатпарлы қозғалыстар– бұл қозғалыстар натижесiнде қатпарлар түзiледi, яғни толқын тәрiздi иiлiмдер қүрайды.
Синклинал – бұл өзегiнде жас жыныстар қанатында көне жыныстар жатқан қатпарлар.
Антиклинал – бұл өзегi көне қабаттармен толып, қанаттарында жас қабаттар жатқан қатпарлар.
Толық қатпар – бұл жапсарлас (көршiлес) антиклиналдар мен синклиналдардың жиынтығы.
Моноклинал немесе флексура– табиғи жағдайда бiр қанаты ғана көтерiлiп, не құлаған иiндердi айтады.