Дөңбек күмбездi ұстағыштар – антиклиналдық иiлiмдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткiзбейтiн тау жыныстарынан құралады.
Литологиялық экрандалған ұстағыштар – бұл өткiзгiштiгi жақсы жыныстар он бойына өткiзгiштiгi нашар жыныстармен шектеледi.
Тектоникалық экрандалған ұстағыштар – бұл тектоникалық жарықтармен байланысты болған ұстағыштар.
Стратиграфиялық экрандалған ұстағыштар– бұл жағдайда құламалы мұнай–газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергi келтiрiп, қорды сақтауға көмектеседi.
Мұнайгаз кенiшiнiң табаны немесе сумұнай бөлiмiнiң бетi деп мұнай мен суды бөлып тұратын беттi айтады.
Мұнайлықтың сыртқы нұскасы деп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызығын айтады.
Мұнайлықтың iшкi нұскасыдеп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.
Газды шапка – еркiн газ, мұнай кенiшiнiң үстiнде жинақталғанын айтамыз.
Газдылықтың сырткы нұскасы -деп мұнайгаз бөлiмi бетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызықты айтады.
Газдылықтың iшкi нұсқасы- деп мұнайгаз бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.
Мұнай және газ кен орындары-деп жер қойнауында бiр тектес құрылымдағы мұнай және газ кенiштерiнiң жиыктыгын айтады.
Мұнай – көмiртегi мен сутегiнiң күрделi қосылыстары, табиғи жаңғыш зат.
Мұнайдың көлiмдiк коэффициентi – бұл қабат жағдайындағы мұнай көлемiнiң осы мұнайдың газсыздандырылғаннан кеiнгi, яғни қалыпты жағдайдағы көлемiнiң қатынасына тең.
Құргақ газ– құрамында ауыр көмiрсутектерi жоқ немесе елеусiз болатын табиғи газ.
Майлы газ – қурамында ауыр көмiрсутектерi бар, айыру процесiнде олардан сұйық газ және газды бензiндер алуға болатын газдар жатады.
Ұңғы – дегенiмiз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспантарының көмегiмен қазылатын диаметрi тереқдiгiнен бiрнеше есе кiшi цилиндр пiшiндi тау–кен құрылыс орны.