Мұнай кеп орнынигеруiн реттеу – өпiмдi қабаттан пайдалану ұңғысы түбiне қарай, сұйықтардың қозғалыс үрдiсiн басқару.
Ұңғы қоры – кен орнын игеру үрдiсiн жүзеге асыруға арналған айдау және өндiру ұңғыларының жалпы саны.
Ұңғы торы тығыздығының параметрi Sс – бiр ұңғыға келетiн игеру объектiсiнiң алаңы, яғни бұл шама мұнайлылық алаңын өндiру және айдау ұңғыларының жалпы санына бөлгенге тең.
Мұнайдың меншiктi алынатын қоры немесе А.П.Крылов параметрi Nс – объект бойынша алынатын мұнай қорының ұңғылардың жалпы санына қатынасы.
Параметр ωр – резервтiк ұңғылар санымен негiзгi қор ұңғылар санына қатынасы, яғни ωр=nр/nн.
Мұнай өндiру qм – объектiнi бұрғыланған барлық өнiмдi ұңғылардың бiрлiк уақыт бойынша, жиынтық көрсеткiшi және бiр ұңғыға сәйкес орта тәулiк өнiмi qмұ.
Газ өндiру qг – бул көрсеткiш қабат мұнайының құрамындағы газдаң алардың қабат iшiндегi мұнайға қарағанда қозғалмалысы салыстырмалығынан қабат қысымының қапығу қысымына қарым–қатынастығынан газ бүркембесi барлығынан және кен орнының игеру жүйесiнен байланысты.
Нұсқа сыртынан су айдау – мұнайлылық нұсқасынын сыртында орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.
Нұсқа маңынан су айдау – мұнайлылық нұсқасына жақын немесе мұнайлылықтың iшкi және сыртқы нұсқаларының арасында орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.
Нұсқа iшiнен су айдау – кенiштiң таза мұнайлы бөлiгiнде орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.
Блокты жүйе – айдау ұңғыларын құрылымның өс бойына тiке қиылысатын параллельдi түзусызықты қатарлармен орналастырады, өндiру ұңғыларын айдау ұңғылар арасына бұрғылайды.
Алаңды су айдау – пайдалану және айдайтын ұңғыларды алаңда түзу геометриялық тор бойынща бiрқалыпты квадрат немесе үш бұрыш түрiнде орналастырады.