Пайдалану тiзбегi -бұл мұнай мен газды ұңғы түбiнен сағаға шыгару үшiн немесе қабат қысымын ұстау мақсатында өкiмдi қабаттарға су (газ) айдау үшiн арналған құбырлар тiзбегi.
Диаметрлерi көрсетiле отырып шеген тiзбектерiн орналастыру, ұңгының үлкен диаметрден кiшi диаметрге оту тереңдiгi, исеген тiзбегiн түсiру тереңдiгi және өларды цементтеу интервалдары ұңғы конструкциясы жөнiндегi түсiнiктi бередi.
Егерде ұңғығы, бағыттаушы және кондуктордан басқа тек дана пайдалану тiзбегiн түсiрсе, онда констркцияны бiртiзбектi деп атайды.
Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе, онда конструкцияны екiтiзбектi деп атайды (бiр аралық тiзбек кезiнде).
Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе, онда конструкцияны екiтiзбектi (бiр аралық тiзбек кезiнде) немесе үштiзбектi (екi аралық тiзбек кезiнде) деп атайды.
Ұңғының ыңшамдалған конструкциясы деп ұңғылар қабарғасының және шеген тiзбектерiнiң арасындағы санылауды азайтуды түсiнемiз, бүл бұрбыланатын жыныстар көлемiнiң азайуына және ұңғыны цементтеуге кететiн шығынды азайтады.
Ұңғы конструкциясын жеңiлдету деп пайдалану тiзбегiнiң диаметрiн азайтуды, осыған сәйкес басқа тiзбектердiң диамертлерiн азайтуды айтады; көмекшi тiзбектер (кондукторлар, аралық тiзбектер) қолданылмайды, тiзбектi түсiру тереңдiгi азаяды.
Ұңғыны бұрғылау мен пайдалануға қосу аралығында бiрнеше жұмыстар атқарылады, бұл жұмыстар ұңғыны аяқтау деп аталады.
Қабаттан мұнайдың ағысын шақыру әдiсi бұл қабатқа қарсықысымды азайтатын әдiстер, яғни нәтижесiнде ұңғыдағы гидростатикалық қысым қабат қысымынан аз болатын белгiлi бiр шараларды өткiзу.
Суарынды режим қабаттағы мұнайдың ұңғыға қозғалысы шектiк суларының әсерiнен болатын режим.
Мұнай бергiштiк коэффициентi – кенiштен алынған мұнай мөлшерiнiң оның бастапқы қорына қатынасы.
Қабатта негiзгi қозғаушы күш жыныс пен сұйықтың серпiмдi ұлғаюы болып табылатын мұнай қабатының жұмыс режимiн серпiмдi су арынды (серпiмдi) режим деп аталады.
Қабатта негiзгi қозғаушы күш газ шапкасындағы (бүркенбе) еркiн газдың энергиясы болып табылатын қабат жұмысының режимi газарынды режим деп аталады.
Газ факторы – бұл қалыпты жағдайға келтiрiлген, 1 т өндiрiлген мұнайға келетiн газ мөлшерi.
Қабаттағы арын энергиясы ауырлық күш әсерiнен болатын мұнай кенiштерiн дренаждау режимi гравитациялық режим деп аталады.
Қабат қысымы – жабық ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кезде өлшенген қысым.
Ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кездегi қалыптасқан сұйық деңгейi статикалық деңгей деп аталады.
Ұңғыны пайдалану кезiнде құбыр сырты кеңiстiкте қалыптасатын сұйық деңгейi динамикалық деңгей деп аталады.
Сұйық ағынының депрессияға тәуелдi қисығын индикаторлық сызық деп аталады.
Игеру объектiсi – жер қойнауынан кең көлемiндегi белгiлi топ ұңғылармен, өндiрiстiк көмiрсутектер қоры бар, геологиялық құрауларды (қабат, массив, жиынтық қабаттар) бөлiп қарастыру.
Игеру жүйесi – инженерлiк шешiмдердiң өз ара байланысты жиыны: объектiлердi сайлау және оларды игеру ретiн белгiлеу; негiзгi және резерв фондыларынан пайдалану және айдайтын ұңғылардың санын, ара қатынастығын және орналастыруын анықтау; жер қойнауынан мұнай мен газдарды шығару мақсатымен, қабатқа ықпал жасау әдiсiн дәлелдеу; игеру үрдiсiн басқару (меңгеру) және бақылау әдiстерiн анықтау; жер қойнауын және айналадағы ортаны қорғау.