Ағзалар жасушалардың бөлінуі нәтежесінде өсіп–жетіледі. Жасушалардың бөлінуі кезінде ДНҚ молекуласы да қосарланады. Бұл кезде ДНҚ–ның қосқабат спиралі жазылып, сутектік байланыстардың үзілуі нәтижесінде сәйкесті, үйлесімді тізбек ажырайды. Сөйтіп, жеке тізбектер пайда болады. Спираль жазылу дәрежесіне қарай әр жеке тізбектің айналасында өзіне сәйкес нуклеотидтерден бірінші тізбекке үйлесімді де, сәйкес екінші жаңа тізбек түзіледі. Бұл екеуі айнала бұралып, қайтадан қосқабат тізбек түзеді. Осылайша, алғашқы ДНҚ молекуласы өзіндей екі молекула құрайды, ол молекулалардың құрамы да, құрылымы да дәл алғашқы молекуланыкіндей болады. Жаңадан пайда болған жас ДНҚ молекуласы аналық ДНҚ-ның бір тізбегінен және бір жаңа тізбегінен тұрады
І деңгей сұрақтары:
Минорлы негіздер. 5-метилцитозин, 5-оксиметилурацил, 1-метиурацил, N6 – метилцитозиннің химиялық формулаларын және оларға сәйкес келетін нуклеозидтердің формулаларын жазыңыздар.
Минорлы негіздер. N6- метиладенин, N6 – диметиладенин, N2 – метилгуанин, 1-метилурацилдің химиялық формулаларын және оларға сәйкес келетін нуклеозидтердің формулаларын жазыңыздар.
ІІ деңгей сұрақтары:
ГТАЦ-полинуклеотид тізбегі фрагментінің структуралық формуласын жазыңыздар. Нуклеотидтердің оған комплементарлы фрагменттегі қатар тізбегін көрсетіңіздер.