Су ресурстары



бет1/2
Дата16.04.2024
өлшемі4,65 Mb.
#200891
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
лекция 9

  • Биохимия пәні
  • Лекция №9
  • Тақырыбы: ДНҚ мен РНҚ биосинтезі
  • Сарбаева Мақпал Тұрсынбайқызы
  • 1853 жылы – ДНК моделі ұсынылды.
  • Генетикалық ақпаратты тасымалдайды(сақтайды)
  • Организмдер көбейген кезде немесе клеткалар бөлінген уақытта генетикалық ақпараатты тасымалдайды.
  • ДНҚ - геннің материалдық негізі және геннің төмендегідей негізгі қасиеттеріне ие болады, ол:
  • 1. Өз-өзін дәл қайталау, соның арқасында генетикалық информацияны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
  • 2. Жасуша метаболизмін басқару үшін ферменттердің синтезін бағыттау.
  • ДНҚ–ның генетикалық информацияның негізгі жеткізушісі екендігін дәлелдейтін негізгі себептер:
  • - бір ағзаның әртүрлі ұлпаларынан алынған ДНҚ–ның нуклеотидтік құрамы бірдей болады;
  • - әртүрлі ДНҚ–ның нуклеотидтік құрамы әртүрлі болады. Қарапайым ағзалардың нуклеотидтік құрамы қарапайым болып келеді, күрделі ағзада ДНҚ күрделі болады. Біздің ағзамызда, Е. соli – ге қарағанда, ДНҚ 600 есе көп;
  • - бір түрдің, бір ағзаның ДНҚ–ның нуклеотидтік құрамы ағзаның жасына, тамақтану режиміне, сыртқы ортаның әсеріне тәуелсіз болады.
  • ДНҚ синтезі
  • ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі репликация деп аталады.
  • Репликацияға керекті компоненттер:
  • 1. Субстрат есебінде дезокси – қатарына жататын төрт
  • трифосфонуклеозидтер (d– АТФ, d – ГТФ, d – ЦТФ, d – ТТФ).
  • 2. Ферменттің оптималды активтілігі үшін Mg²+ қатысуы қажет.
  • 3. Аналық ДНҚ–ның болуы міндетті себебі генетикалық информацияның көзі қажет.
  • Нуклеотидтердің біріне – бірі қосылу бағыты 5¹ → 3¹ болады.
  • ДНҚ–на тәуелді ДНҚ–полимеразасы (I,II,III). ДНҚ полимеразасы элонгацияға тікелей қатысатын фермент.
  • 6. Хеликаза ферменті, қос тізбектің бірінен – бірінің ажырауын қамтамасыз етеді. Қос тізбектің ажырауына энергия қажет, яғни әрбір азоттық негіздердің жұбын жазу үшін АТФ–тың екі молекуласы гидролизге ұшырайды:
  •  
  • 2АТФ --→ 2АДФ + 2 H3 PO4
  •  
  • 7. ДНҚ–ның лигазасы үзіктерді өзара жалғастырады. Жапон ғалымы Оказаки ДНҚ молекуласының алдымен қысқа–қысқа фрагмент түрінде синтезделетінін тапты, сондықтан оларды Оказаки фрагменттері деп атайды. Осы фрагменттер кейін 3′(ОН) және 5′(ОН) топтарының бірімен – бірі фосфодиэфирлік байланыс арқылы ДНҚ–лигаза ферменттерінің қатысуымен бір тізбек құрайды.
  • 8. 20 – ға жуық белоктық факторлар қажет. Нобель сыйлығының лауреаттары Очоа, Конбергтің жұмыстары арқасында қазіргі кезде ДНҚ синтезіне 20 – ға жуық фермент пен белок қажет екендігі анықталды және олардың әрқайсысының өздеріне тән атқаратын қызметтері бар.
  • 9. Топоизомераза ІІ ферменті немесе гираза – қос тізбек ажырағанда пайда болған қосымша спиральдерді ажырату үшін қажет.
  • ДНҚ–ның биосинтезі үш кезеңнен тұрады:
  • 1. Инициация синтездің басы. Дезоксирибонуклеин қышқылына тәуелді РНҚ–полимераза ферменті жұмыс істейді. Корнберг пен оның әріптестері ДНҚ–ның екі түрлі қызмет атқаратындығын анықтаған: а) матрицалық, арқаулық. б) ұйытқы, затравка.
  • ДНҚ полимеразасы ДНҚ–ның басы болып табылатын тізбек нуклеотидінің 3' – ОН–на нуклеотидтердің қосылуына мүмкіндік береді , сондықтан синтездің бағыты 5′ → 3′-ке қарай бағытталған болады.
  • 2. Элонгация. Комплементарлы жұптардың репликациясы, жеке - жеке фрагменттердің 5' → 3' бағытында түзілуі, осы фрагменттердің ДНҚ–лигаза ферменттерінің қатысуымен бірімен–бірінің қосылуы.
  • 3. Терминация. ДНҚ синтезінің аяқталуы. Арқаулық ДНҚ–ның толық жұмсалуына сәйкес полимерлік реакцияның аяқталуы.
  • ДНҚ-дезоксирибонуклеин қышқылдары синтезінің 3-түрі бар:
  • ДНҚ-ның репликациясы
  • ДНҚ-ның репарациясы
  • Кері транскрипция


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет