Ф-ОӘД-001-046
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Жаратылыстану» факультеті
«Экология және химия» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Экология және химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., профессор м.а. Нұрділлаева Р.Н. ________________
« ____» ________ 20 __ ж.
Бейорганикалық химияII пәні бойынша
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ.
ГИДРОЛИЗ МЕХАНИЗМІ
Лаборатория сабағының әдістемелік нұсқауы Экология және химия кафедрасының №___
“____”______ 20 ____ж. мәжілісінде талқыланды.
Құрастырғындар: техн.ғ.к., ХҚТУ профессоры Г.Н.Жылысбаева
х.ғ.к., профессор м.а. Р.Н. Нұрділлаева
№ 12 Лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Тұздар гидролизі. Гидролиз механизмі
Өлшеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:
Химиялық пробиркалар, шыны таяқша, электр пеші, су моншасы, штатив, индикатор қағазы.
Кристалдары: CH3COONa, AlCl3, Na2CO3, (NH4)2CO3, KCl, Na2SO3, Na2S, SnCl2.
Ерітінділері: NH4Cl, CH3COONa, AlCl3, Na2CO3, (NH4)2S, SbCl3.
Индикаторлар: лакмустың нейтрал ерітіндісі, фенолфталеин.
Жұмыстың мақсаты: тұздардың сумен әрекеттесу кезіндегі негізгі жағдайларды толық қарастырып, гидролиз құбылысын оқып үйрену. Тұздардың гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторлар: температураның, ерітінді сұйытылуының, сутегі иондары концентрациясының әсерлерін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының қажеттілігі: гидролитикалық процестің еру процесімен бірге зат алмасу үшін үлкен роль атқарады. Сонымен бірге қышқылдылығын және ткан сұйықтықтарын белгілі бір қалыпта ұстап тұра алады. Көптеген химиотерапевтикалық заттардың әсері олардың қышқылды – негізді қасиеттерімен немесе гидролизді қолдауымен байланысты. Бұл заттарды сақтау кезінде туындайтын сұрақтарды шешу кезінде және науқастарға ұсыну мүмкіндіктерін қарастыруда олардың қасиеттеріне көңіл бөлу керек. Сондай-ақ организм әртүрлі улы заттармен уланғанда гидролиз құбылысын ескеру керек. Гидролиз нейтралдану реакциясына қарсы тұра алады, соңына дейін сапалық түрде жүруіне кері әсер етеді. Практикада толық емес гидролиз жағдайы кездеседі, ол катион немесе анион арқылы түзілген кішкентай тұз молекуласы су молекуласымен әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.
Пререквизитор: физика (электролиттер), математика (алгоритм), биология (белоктар).
Достарыңызбен бөлісу: |