Субъект категориясы



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі40 Kb.
#124140
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагог және оқушылар білім беру процесінің субъектілері


Дәріс 7. Педагог және оқушылар білім беру процесінің субъектілері
Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда, негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель). Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова-Славская, А.В.Брушлинский, В.А.Лекторский). С.Л.Рубинштейнің айтуынша, «философияның (онтологияның) негізгі мәні... түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу». Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни, өзіне оның екі өзара байланысты - педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъектілерін талдау - жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр.
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С.Л.Рубинштейн бойынша келтірейік.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сайкестендіріледі. Осыған орай, С.Л.Рубинштейн, болмысты танып білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған болмыстың» танып білуші адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объективтісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сенімін іске асырушы субъект ретінде».
Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі-бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект». Осы жерде А.Н.Леонтьевтің жалпы субъектік пен объективтік арасында қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды,тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» жоюшы, өзара өтулер сақталады».
Үшіншіден қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып,жүзеге аса алады.
Төртіншіден «Мен» және басқа адам проблемасы мәсесін қарастыра отырып С.Л.Рубинштейн келесі жағдайда назар аудартады: «Мен» қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады және керісінше, «ырықты,басқарушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам (лицо),осы іс-әрекеттің субъектісі-берілген индивидтің «мені» бъективтік тиісті ұйғарады» Бұл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде болады.
Бесіншіден, субъект-саналы әрекеттенуші-оның өзіндік сана-сезімі-бұл «өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде түсіну,оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субъект ретінде практикалық және теоретикалық,сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекеттің субъектісі ретінде түсіну». Бұл анықтама С.Л. Рубинштейн теориясында «Адам өмір субъектісі ретінде» афоризмі формасын алады.
Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы танылады (мұны тағы А.Смит,К.Маркс айна теориясында атап өткен, бұл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай қарап, оның бағалауын қабылдай отырып,өзін-өзі бағалауды қалыптастырды).
Жетіншіден, әрбір «Мен» жекеше де, қоғамдық та болғанымен,ұжымдық субъект болып табылады. «Әрбір «мен»,ол әмендердің» жалпылығы болғандықтан,ұжымдық субъект, субъектілер ынтымақтастығы, «субъектілер республикаы»,тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұл «мен» іс жүзінде «біз» болып табылады.
Субъектінің сегізінші сипаттамасы - іс-әрекет, субъекті осы іс-әрекеттің өзінде өзі қалыптасып, жасалатынында болып табылады, оның пән мазмұнын ашуда субъектінің өзін айқындап және анықтауы мүмкін.С.Л.Рубинштейн бойынша, «субъект өзірің істерінде, өзінің шығармашылық дербестік акттерінде тек қана табылып және көрініп қоймайды; ол мұнда жасапаздалады және анықталады. Сондықтан оның не істегеніне қарап, оның кім екенін білуге болады; оның іс-әрекетінің бағыты арқылы өзін анықтап және қалыптастыруға болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді».
Субъектінің тағы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап өтейік, ол бейнелеу процесін гносеологиялық және өзіндік психологиялық талдаудан, «субъективтік» бейне категориясынан туындайды (А.Н. Леонтьев бойынша). А.Н. Леонтьев пікірінше танымда шын бейнесінде үнемі белсенді субъект болады. («құмарланған»), ол өзі орналасқан объектімен байланыстарды модельдейді. Іс-әрекеттің мотивтермен, эмоциялармен, субъект ұстанымдарымен шарттастығының жалпы психологиялық тезисіне негізделе отырып А.Н. Леонтьев бейнелеудің «құмарланғандығы» түсінігін оның іс-әрекет субъектісіне тиістілігі ретінде енгізеді.
Субъект түсінігінен басқа операционалдық позициялардан келе отырып, Ж. Пиаже де белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының бірі ретінде қарастырғанын айта кету маңызды. «Объект субъектіге дайын күйде «берілмеген», ол тек соңғысы тарапынан жаңа білім құрылымында жаңғыртылады, оны өзі үшін «тұрғызатындай», тура сол сияқты субъектіде өзіне өзінің барлық ішкі құрылымдарымен «берілмеген»; өзі үшін объект ұйымдастыра отырып, субъект өзінің жеке операцияларын да конструкциялайды, яғни өзін-өзі шындық жасайды».
Ж. Пиаже бойынша, субъект үнемі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның көмегімен субъект өзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Белсенділік әрекеттерден байқалады, олардың арасында әр түрлі өзгертулер, объектілерді түрлендіру (орын алмастыру, комбинациялау, жою, т.б.) және құрылымдар жасау жетекші болып табылады. Ж. Пиаже, объект пен субъект арасында қашанда, субъектінің алдыңғы өзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексте жүретін өзара әрекеттсу бар екенін қатысты, педагогикалық психология үшін маңызды ойды атап көрсетеді. Ж. Пиаженің және бүкіл Женева мектебінің осы позициясын талдай отырып, Л.Ф. Обухова келесі жағдайды атап өтеді: «стимул – субъект іс-әрекетін ұйымдастыратын-реакция» ретінде болуы керек. Басқаша айтқанда, әрекеттердің, іс-әрекеттің және одан да кең мағынада - өзара әрекеттесу субъектісі, объектімен ара қатынаста болып, өз тарапынан белсенді, жаңғыртушы және түрлендіруші бастама болып табылады. Бұл әрқашан да әрекеттенуші болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет