Қытай Халық Республикасының Қоғамдық саяси жүйесі Қытай - халық саны мен әскери күштері жағынан әлемде бірінші орынды, жер көлемі бойынша үшінші орынды алатын, экономикалық қуаты жоғары, ядролық әлеуеті бар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, әлемдік маңызды инвесторлар мен арзан жұмысшы күшінің отаны. Саяси жүйесі демократиядан алыс болғанымен, даму көрсеткіштері "халық билігі" құндылығын ұстанатын мемлекеттерден қалыспайтын мемлекет.
Жалпы түсінік Қазіргі Қытай социалистік саяси жүйені ұстанады. Бұл саяси жүйе – бір елдегі екі жүйені негізгі арқау етедіОсындағы « бір ел – екі жүйе » дегеннің мағынасына тоқталар болсақ : « бір ел» дегеніміз ұлы құрлықтағы территория мен Тайвань, Гонконг ( Шияң гаң ), Макао ( Аумын ) аралдарының бәрі бір ғана Қытай мемлекетінің құрамына кіреді дегенді ұғындырады, « екі жүйе » дегеніміз ұлы құрлықта социалистік жүйе, Тайвань, Гонконг, Макао аралдарында капиталистік жүйе бойынша мемлекет саясаттары жүзеге асырылады дегенді білдіреді. Қытай көп ұлтты, көп дінді мемлекет, халықтардың діни сенімдеріне еркіндік берілген. Сондай-ақ дін мен саясаттың ара қатынасы ажыратылған. ҚХР дағы діннің ең бастылары будда, дау, ислам, католик, христиан.
ҚХР-ның алғашқы жылдардағы саяси жүйе құрылымы.
ҚХР-да бірнші рет демографиялық санақ жүргізгенде жалпы халық саны 600 миллион, 191 мың адам болған екен.Бірінші кезекті Бүкіл мемлекеттік халық ұрылтайы (Всектайское Собрание народных представителей 全国人民代表大会 Quan guo ren min dai biao da hui) 1954 жылы 15-28 қыркүйек күндері Пекинде өтті. Бұл сеcсия «ҚХР Конституциясын» қабылдады, «ҚХР Бүкіл мемлекеттік Халық құрылтайы ұйымдастыру заңын» «ҚХР мемлекеттік кеңестің ұйымдастыру заңын», «ҚХР Халық сотының ұйымдастыру заңын», «ҚХР халық прокуратурасы ұйымдастыру заңы», «ҚХР жергілікті Халық құрылтайлары мен жергілікті халық комитеттерін ұйымдастыру заңы» қатарлы бірқатар заңдарды қабылдады.
Си Цзиньпин 14 наурыз 2013 жыл
Сыртқы саясаты
ҚХР- ның сырткы саясаты Қытайдың мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келе жатқан дәстүрлі дипломатиялық ұстанымының негізінде жаңа заманға сай үйлестірілген саясат. Қазіргі кезеңдегі ҚХР- ның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған сыртқы саясатының басты мақсаты — өздерінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету негізінде мемлекетінің халықаралык беделін арттыру, елінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырып, әлеуметтік деңгейін жақсарту арқылы мемлекетінін жалпы қуатын нығайтуға бағытталған. ҚХР үшін бейбіт тұрақты халықаралық жағдайдың сақталуы мен ішкі өнім құнының үрдіс артып отыруы тиімді болмақ.
Ішкі саясаты
Коммунистік пен капиталистік формат арасындағы қайшылық.
Байлық пен кедейлік мәселесі.
Жемқорлық.
Мысалы: Шынжаңдағы сауда сарайлары мен қонақ үйлер бос қалуда. Оның үстіне көптеген зауаттар жабылды. Енді шет елден келетін саудагерлерге виза беру мәселесін де қатайтып отыр. Тіптен шет елмен сауда-экономикалық, туыстық байланысы бар азаматтарға сенімсіздікпен қарауда.Міне, бұдан Қытайдың экономикалық өсімге қарағанда сақтыққа, қауіпсіздікке баса мән беріп отырғанын аңаруға болады.
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
Саяси жағдайы Қорытынды ХХІ ғасырдың бірінші жартысында Қытайдың халықаралық мәні жаһандық саясат пен аумақтарда үстемдік жүргізуіндегі ерекше күшеюімен сипатталады.
Қысқаша айтқанда:
Басқару нысаны – республика.
2) Саяси режим авторитарлық.
3) ҚХР территориялық-саяси құрылымының нысаны жағынан автономиялық құрылымдары бар унитарлы мемлекет.