Суды қорғау Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі11,4 Kb.
#6629

Суды қорғау

  • Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Судың адам өміріндегі маңызы және оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
  • 2.Оқушылардың өз ойын еркін айтуға,
  • шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.
  • 3Салауатты өмір салтын ұстануға,табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды-бекіту Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,географиялық диктант,жеке және топпен жұмыс,картамен жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс Көрнекілігі: ҚР физикалық картасы, слайдтар, интерактивті тақта

Психологиялық дайындық:

  • Жер байлығы көп екен,
  • Меңгеруді қалайды.
  • Осының бәрін білдірген
  • Дүниетану сабағы.

Үй тапсырмасын тексеру

  • -Үйге қандай тапсырма берілді?
  • 1.Тақырып:” Өзен мен көлдер ”.
  • 2. Шығармашылық жұмыс :
  • ” Маған таныс өзен,көлдер”- әңгіме жазу.
  • Картамен жұмыс.
  • ҚР картасынан Ертіс өзенін көрсету
  • ҚР картасынан Жайық өзенін көрсету
  • ҚР картасынан Арал теңізін көрсету
  • ҚР картасынан Балқаш көлін көрсету
  • ҚР картадан Каспии теңізін көрсету

Өткен сабақты пысықтау. Географиялық диктант 1.Су табиғатта бір мезгілде ... түрлі күйінде кездеседі. 2.Жердің суының негізгі көзі ... ... суы. 3 Жер астынан шығатын және жаңа қасиетке ие болған суды .... .... . 4 Тұщы судың бір көзі- .... . 5.Өзеннің басталар жерін..............деп атаймыз. 6.Ең үлкен көл-.................. 7. ........................көлі -ең терең көл.

Диктанты тексеру. Географиялық диктант 1.Су табиғатта бір мезгілде үш түрлі күйінде кездеседі. 2.Жер суының негізгі көзі жауын-шашын суы. 3 Жер астынан шығатын және жаңа қасиетке ие болған суды минералды су . 4 Тұщы судың бір көзі- .өзен 5.Өзеннің басталар жерін. бастау деп атаймыз. 6.Ең үлкен көл- Каспий. 7. Байкал көлі -ең терең көл.

Тест тапсырмасы 1. Өзеннің құяр жерін? а)Бастау б)Арна в)Саға 2. Қайсысы судың қатты күйі? а)Мұзтау б)Шық в)Бұлт 3. Жасанды су қоймасы? а)Бөген б)Көл в)Теңіз 4. Өзеннің басталар жері? а)Бастау б)Арна в)Саға 5. Өзеннің ағып жатқан жерін қалай атайды? а)Бастау б)Арна в)Сала

Ой қозғау.

  • Адам өміріне не қажет?
  • Судың қандай қасиеті бар?
  • Судың маңызы қандай?

Жаңа тақырып «О,су! Сенің не дәмің, не түсің, не иісің жоқ.Сені тілмен айтып жеткізу мүмкін емес, сенің нендей зат екендігің туралы ойланбаймыз да, бірақ құмарлана жұтып, шөлімізді қандырамыз.Сен бізді қуаныш сезімге бөлейсің». (А.Экзюпери).

Түйін

  • Ата – бабамыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деп өсиет айтқан. Бұл суды таза ұстау, қорғау деген сөз.

Сусыз тіршілік жоқ

  • Тіршілік құбылысының бірі судың қатысуымен жүр-еді.Адамның денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұра-ды.Салмағы 70 кг адам дене-сінде 50 кг су бар.Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе адам өледі.
  • Адамға ауа қандай қажет болса, суда сондай қажет.

Су тапшылығы

  • Ауыз су тапшылығы-әлеуметтік проблема.Біздің планетамызда су көп.Бірақ жер шарындағы 60 процеттен тұратын халық тұщы судың болмауынан зардап шегуде.
  • Біздің елімізде су көп.

Лас судың денсаулыққа әсері

  • Олай болса, біздің елімізде суды қалай пайдаланады?
  • Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан су бүлінуде.
  • Суда улы заттар өте көп.

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс

  • 1.Тізбектей оқуып,түсінгенін айту.
  • 2.Жоспар құру.
  • 3.Тапсырмаларды орындау.
  • 4.Сұраққа – жауап беру.

Су- пәктік кепілі, денсаулықтың, О баста тіршілік боп судан шықтың. Бұлақ,көл,өзен,теңіз,мұхиттардың, Молдықтан,қасиетін келмейді ұққын. Адамдар,әрқашанда жадыңда ұста- «Судың да,-дейді қазақ-сұрауы бар».

Топтық жұмыс

  • Тақырыбы : “Суды қорғау”
  • 1. Сурет салу
  • 2. Тыйым сөздер
  • 3. Топтастыру.
  • 4.Кесте , сызба

Мақал- мәтелдердің жалғасын тап ! Судың кепкені-тіршіліктің кеткені Сулы жер-нулы жер Суды лайлама-балығын шошытасың Су бергеннің сауабы бар,су төккеннің жауабы бар Бұлақ көрсең-көзін аш Сулы жер-құрақсыз болмас, таулы жер-бұлақсыз болмас Су-атасы, жер-анасы Сусыз өмір-тұзсыз аспен тең Өзен жағалағанның- өзегі талмас Су бар жерде өмір бар Су-табиғаттың ажары Су-табиғат анасы Өрісіңе қарай мал өсер, өзеңіне қарай тал өсер.

Сен білесің бе?

  • 22 наурыз - бүкіләлемдік су күні.
  • .

Қысқаша тарихи мәлімет

  • Табиғат қорғауға табиғатты тиімді пайдалануды реттеу ,өсімдікпен жануар дүниесін ұдайы өндіру са-ласында бірыңғай Мемлекеттік сая-сат жүргізу мақсатында, Қазақстанда мемлекеттік экология органы жұмыс атқарады.
  • 1988ж 18 ақпанда ҚР Министрлер Кеңесі үкім шығарды.

Қорытындылау Су ресурстарын қорғау туралы Мемлекеттік Заңда – өзен, көл суларын қорғау туралы іс-шаралар орындал-ып отыруы қажет деп көрсе-тілген.

  • Суды қорғау - өмір мен денсаулықты, қоршаған ортаның әдемілігімен бай-лығын қорғау деп бекер айтпаған

Бағалау

Үйге тапсырма Суды қорғау” тақырыбына шағын ой-толғау жазып келу.

Көңіл қойып тыңдағаңыздарға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет