Қырым қабақ соғыстың шырқау шегі және оның нәтижелері;
Қорытынды.
«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастардың дамуы ірі державалар арасындағы қатынастармен анықталды. Олардың бәсекелестігі әскери-саяси сипатта болды, солай бола тұрса да, екі жағы да оның қорытындысының қандай болатынына сенімді болмағандықтан, ашық соғыс қақтығысына бармады. Осы соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясатқа белеңдік сипат берді. «Қырғи қабақ соғыс» халықаралық қатынастағы шиеленісу мен бәсеңдеудің алмасуы болды. Шиеленіскен жағдайда ірі державалар компромиске бару жолын іздеді. Қауіпсіздік сезіле бастасымен бәсекелестік қайтадан күшейді. 1950 жылы 15 қыркүйекте оңтүстікке кеткен Солтүстік Корей әскерінің тылына БҰҰ-ның туы астында Инчхонге әскерін түсіріп американдықтар қазанның соңында демаркациялық шепке шығып, Оңтүстік Кореяны азат етті. Біріккен күштердің бас қолбасшысы генерал Макартуі Трумэнді Солтүстік Кореядағы режимді жою мен Кореяны біріктіру мүмкіндігін пайдалану қажет деп көндірді. 1 қазанда солтүстікке шабуыл басталды, айдың соңында Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньян алынды, американ әскері Қытай шекарасына шықты. Осы кезенде қақтығысқа Солтүстік Корея жағында Қытай араласты. 26 қарашада танкілер мен самолеттер қолдаған Қытай «еріктілері» шабуылға шығып американдықтарды шегінуге мәжбүр етті, майдан демаркациялық шептің оң жағына қарай тұрақтанды. Генерал Макартур қақтығыстың масштабын кеңейтуді, яғни Солтүстік-Шығыс Қытайды бомбылауды және оның жағалауына блокада орнатуды ұсынды. Алайда Трумэнге бұл жағдайда осы уақытқа дейін Кореяға ұшқыштарын жіберіп қана отырған КСРО-ның ашық араласатыны және соғыс аймақтық шеңберден шығатыны айқын еді. Сондықтан Макартур жоспары қабылданбады, ол жұмыстан шығарылды. 1951 жылы қаңтарда майдан демаркациялық шепте тоқтады, ал маусымда КСРО-ның инициативасымен мәмілеге келу туралы келіссөз басталды. Келіссөз американ президенті ауысқан соң (1953 жылы қаңтарда АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр болды) және И.В.Сталин қайтыс болған соң аяқталды. Екі жақ соғысқа дейінгі шекараны қалпына келтіруге ризашылық білдірді. Корея Германия сияқты бөлшектенді. Осы жылдары аймақтық шиеленіс ошақтары қалыптасты. Таяу Шығыста соғыстың аяқталуы Палестина халықтары еврейлер мен арабтар арасында қайшылықтың өсуіне әкеп соқты. Палестина (Жерорта теңізі мен Аравия шөлейтті арасындағы құнарлы жер) ежелден иврий (еврей) халқы орналасқан жер. Осы халық б.э.д. ХЫ ғасырда өз мемлекетін құрған. Палестинаны Египет, Ассирия, Вавилон сияқты күшті көршілері қайта-қайта жаулап алып отырған. Ол Рим империясының құрамына енген сон, еврейлер тәуелсіздік алу үшін бірнеше рет көтеріліске шыққан. Олардың көтерілістері аяусыз басылып отырылған. Еврейлердің діни өмірінің басты орталығы -Иерусалим храмы бұзылды. Еврейлер Палестинадан көшіп, Европа мен Таяу Шығыс елдеріне қоныстанды. Жаңа жерлерде олар өз діндерін (иудаизм) сақтады және жергілікті халықтар арасында сіңіп кетпеді. Әр елде оларға әр түрлі қарады. ХЫХ ғасырдың соңында Европада антисемитизм (еврейлерге жау ретінде қарау) күшейді. Еврейлер қайда жүрсе де пана табуға тырысып, өз ұлттық мемлекетін құруға әрекеттенді. Олар осындай мемлекет үшін Палестинаны таңдап алды. Еврейлер Палестинаға жиналды. Осман империясы құлаған соң Палестинаны басқарған ағылшындар еврейлердің өз ұлттық ошағын құруын қолдады. Жергілікті палестиндік арабтар бұған мүлдем қарсы болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлер трагедиясы Палестинада өз мемлекетін құру үшін қозғалысты одан сайын жандандырды. Ағылшындар Палестинада еврейлер мен арабтар арасында туындаған қайшылықты шешуге дәрменсіздік көрсетті. Соғыс аяқталған соң Палестинаға еврей эмигранттары ағылды. Олар бұл мәселені шешуді БҰҰ-на тапсырды. БҰҰ 1947 жылы Палестинаны Израиль еврей мемлекеті мен арабтық Палестина деп бөлу жөнінде жоспар жасап бекітті. Осы кезеңнен бастап онда қарулы қақтығыстар орын алды. Израиль мемлекеті құрылып, одан ағылшын әскерлері шығарылған соң жеті араб мемлекеті бірігіп Израильге қарсы шықты. Бірінші араб-израиль соғысы басталды. 1949 жылы БҰҰ-ның араласуымен мәміле жасалынды. Израиль өзінің өмір сүру құқын сақтап қалды, алайда оны араб мемлекеттері мойындамады. Араб Палестина мемлекеті құрылмады, оның территориясының біразын Израиль, біразын араб елдері басып алды. 1947 жылы Британ парламенті Үндістанның тәуелсіздікке көшу жоспарын бекітті. Жоспар елді Үндістан және Пәкістан деп екі бөлікке бөлуді көздеді. Территорияны бөлшектеуде әр түрлі халықтар орналасқан аудандарда тайпааралық қақтығыстар орын алды, оның барысында территориялық дау туды. Соның бірі - үнді-пәкістан қақтығысы. Үндіқытай түбегінде тағы да бір қақтығыс туындады. 1940 жылы француз отарларын басып алған Жапонияның капитуляциялануы Вьетнам коммунистерінің лидері Хо Ши Минге тәуелсіз Демократиялық Вьетнам Республикасын (ДРВ) жариялауға мүмкіндік берді. Алайда Франция бұл тәуелсіздікті мойындаудан бас тартып, Вьетнамға күшпен қайтадан бақылау орнатуға әрекет жасады. Осыған байланысты 1946 жылы соғыс басталды. 1949 жылға дейін басымдылық француздар жағында болды. Алайда Қытайда өкімет басына коммунистер келген соң Хо Ши Мин КСРО мен Қытайдан көмек алып басымдылық вьетнамдықтар жағына көшті.
КСРО мен АҚШ теке тіресі Кариб теңізіндегі дағдарысқа алып келгені тарихтан мәлім. 1962 жылдың қазан айында «қырғи-қабақ соғыс» аяқ асты «қайнаған соғысқа» айналып кете жаздады. Оқиғаның ойда-жоқта бел алуы АҚШ пен НАТО-ның Түркияда баллистикалық зымырандарды орнатуы әсер етті. Осыған байланысты КСРО оған қарсы Кубада тактикалық зымырандарды орналастыруды жөн деп тапты. КСРО бұл кезде қарулану мәселесінде көп кейіндеп келе жатқан. Орыстар жай қарулану бойынша Орталық Еуропада зор артықшылыққа ие болды, бірақ олардың аса сенімді емес, небары 300 ғана алысқа ұшатын баллистикалық зымыраны болды. АҚШ-та керісінше, КСРО аумағына соққы жасай алатын 5000 ядролық зымыран бар-ды. Хрущев бұған «ассимметриялы жауап» ойлап тапты: орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды коммунистік режим билеп тұрған Куба аралына орналастырды. Әрине, социализмнің жақтаушысы Кастро оған қарсы болмады. Қайта АҚШ тарапынан болатын қауіп-қатерге қалқан болатынана бек сенді. Мәскеу жауынгер саны 43 мыңдық бірнеше зениттік-зымырандық дивизияның Куба жеріне жасырын жеткізуге тырысты. Оған 270 мыңдық Куба армиясы көмектесті. Операцияның кодтық аты «Анадырь» деп аталды. 43 мың жауынгермен зениттік-зымырандық кешендерді жеткізуге 80 кеме жұмылдырылып, олар 183 рейс жасады. Операцияның жасырын жүргізілгені соншалық жағалауды күзетіп жүрген АҚШ әскери кемелері кеңестік зымырандардың Кубаға қалай жеткізілгенін білмей қалды. Тек 1962 жылдың 14 қазан күні АҚШ барлау ұшағы алғаш реет Кубада орналасқан Кеңестік зымырандарды байқап қалды. Бұл – Ақ үйге үлкен соққы еді. Ядролық зарядтармен жарақтанған Р-12 зымырандарының ұшу қашықтығы 2 мың шақырым. Бұл АҚШ үшін өте қауіпті болды. Вашингтон санаулы сағаттар ішінде 40 мыңдық теңіз жаяу әскерімен Куба территориясындағы Гуантанамо базасында орналасқан 5 мыңдық әскерін аяғынан тік тұрғызып, соғысқа сақадай сай етті. Аралды қоршай 28 шақырымдық мина алаңын жасады. Ал санаулы күндерден кейін Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ Флорида штатына саны бір миллионға таяу әскерін жинақтап үлгерді. Соғыс өрті әні-міні басталып кету қауіпі туындады. Кез келген сағатта АҚШ тарапынан ядролық соққы берілуі мүмкін еді. Кариб дағдарысы 11 қыркүйектен 21 қарашаға дейін жалғасты. Мұны артынан тарихшылар «ХХ ғасырдың ең қауіпті ядролық теке тіресі» деп атады. Соғыс қаупі «қаралы сенбі» атанған 27 қазан күні шырқау шегіне жетті, бұл күні кубалықтар америкалық барлаушы-ұшақты атып түсірді, ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемелері кеңестік сүңгуір қайықтың су бетіне шығуға мәжбүрледі. Дегенмен сол қараша айында КСРО мен АҚШ басшылары бейбіт келісімге келіп, дағдарысқа нүкте қойылды. КСРО амалсыз қаншама шығын жасап алып барған зымырандарын Кубадан алып кетуге мәжбүр болды. Ал АҚШ оның өтеміне Түркия, ФРГ және Италиядағы КСРО-ны көздеп қойған зымырандарын шығарды. Осылайша әлем ядролық қақтығыстан аман қалды. Ол кезде байланыс құралдары жетіліп бітпегенді, сондықтан «сол жерлердегі командирлер өз еріктерімен қару қолдануға бұйрық беруі мүмкін-ау» деген қауіп туды. Дүниежүзілік соғыстан бізді жалғыз ғана зеңбіректің атылуы бөліп тұрды. «Егер сол жерде шүріппені басып жібергенде не болар еді? Қарымта әрекеттерді қиындату үшін Лондонға бомбалар 28 қазан, жексенбі күні таңғы 8-де жауар еді. Алғашқы соққылар әскери нысандарға жасалар еді, сосын іскер және өндірістік орталықтар – қалалардың кезегі келер еді. Қарашаның ортасына қарай Британияны суық пен қараңғылық жайлап тұрар еді, тырысқақтың, сүзектің және іш өтуінің індеттері асқынар еді. Әрине, Аман қалғандарды құтқаруға, бұзылған нәрселерді қалпына келтіруге, өлгендерді жерлеуге талпыныстар жасалар еді. Тонаушылар қылмыс істеген жерінде атылар еді. Радиациялық сәуледен өлушілердің саны 1962 жылдың желтоқсанында өзінің шырқау шегіне жетер еді. Ядролық жарылыстардан, радиациялық жауын-шашыннан және суықтан 18-ден 38 миллионға дейін британдық қырылар еді. 1967 жылға қарай елдегі халық саны 4-8 миллиондай ғана болар еді», дейді Индепендент газетінде өз болжамын жасаған Стивен Бакстер атты зерттеуші болды.
Екінші дүниежүзілік соғыста әлем картасы түбегейлі өзгертіп қана қоймай сонымен қатар мемлекеттер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін де өзгертті. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін әлемде екі ірі держава қалды – АҚШ және КСРО. 1939 жылдың қыркүйегіне дейін едәуір дәрежеде басым болған үш европалық мемлекет – Ұлыбритания, Франция және Германия өз дәрежесі мен ықпал ету мүмкіндігін төмендетті. Осылайша АҚШ аумағында әскери қимылдар жүрмегендіктен ол әлемдегі ірі индустриалдық мемлекетке айналды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемде орын алған «қырғи қабақ соғысы» негізінен социалистік және капиталистік елдердің арасында өрбіді. Коммунизм мен Кеңес Одағын тоқтату мен жою мақсатындағы негізгі әрекует етуші АҚШ және оның НАТО-дағы серіктесі болды. Кариб дағдарысы - суық соғысының тарихында әйгілі бір оқиға. АҚШ пен КСРО арасындағы қаруландыру бәсекесінің ең қауырт кезеңі. Екі мемлекеттің дипломатикалық қатынастар тарихындағы қиын кезең. Кариб дағдарысының кезінде дүниенің қауіпсіздігіне ядролық қатер туындады. Кариб дағдарысы 1962 жылы қазан айында КСРО Кубада өз ракеталарын орналастырған салдарынан туындады. Америка және Батыс Еуропаның халқы үнемі билеуші топтар тарапынан ядролық соғыстың орын алатындығы туралы үгіт-насихатынан үнемі қорқынышта болды. АҚШ «қырғи қабақ соғысы» кезінде КСРО-ға қарсы тұру үшін Батыс Еуропаның елдерімен ынтымақтастықта болды. АҚШ пен Францияның және басқа да басты державаларының «атлантикалық саясатының» немесе «атлантикалық курстарының» мәні коллективті негізде коммунизм қаупіне қарсы тұру болды. АҚШ пен Францияның осы кезеңдегі байланыстары осы және басқа да мәселелер бойынша жақсы қалыпта дамыды. 80-ші жылдардың аяғы батыс блогы үшін стратегиялық маңызды болды. Өйткені дүние жүзілік социалистік лагерь құлап, коммунизм қаупі жойылды. Біздің курстық жұмысымызда қарастырған кезеңді АҚШ әлемдік гегемонияға шешуші қадам жасаған кезең деп айтуға болады. Бұдан кейін шамамен жарты ғасырдай әлем биполярлық тепе-теңдікте өмір сүріп социалистік мемлекеттер мен капиталистік мемлекеттер жүйелері қырғиқабақ соғыс жылдарында өмір сүрді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.
Гренвил Дж. История ХХ века. М., 1999 г.
Ибрашев Ж.У. Политическая концепция Шарль де Голля. А., -1971 г