Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
 
Әл-Фарабидің педагогикалық жүйесіндегі темірқазық болып саналатын 
философиялық-этникалық категория - әрбір адамды бақытқа жеткізу мұраты. 
Араб философиясының негізгі шегі-дін. Ислам діні халифалық мемлекеттің 
ресми дініне айналғаннан кейін бірнеше жікке бөлінеді. Оның бірі - Құран 
мен пайғамбар сөздеріндегі діни түсініктердің ішкі мәніне бармай, амал-
әрекетті жасау. Екіншісі - аят пен Құран, хадис сөздерінің көмегімен әлемді 
түсінуге тырысқан ағымдар және т.б. 
Ғылым тарихында бұрын кездеспеген тағы бір сонылық – Фараби 
өзінің космология көзқарастарын баяндауда Құранға және Құран 
төңірегіндегі, соған байланысты ғылыми философиялық материалдарға табан 
тірейді. Құран мұсылман дінінің басты уағыз-өсиеттері жинақталған аса 
зәулім рухани, мәдени ескерткіш болып есептеледі. Кейінгі ғасырларда 
Құран мәтініне философиялық, тарихи және діни түсініктемелер жазу дәстүрі 
қалыптасқан. Оларды тәпсір деп атайды. Осындай тәпсірді бірінші жазған 
автор Абдуллах ибн Аббас еді. Фараби жоғарыдағы трактатын жазуда осы 
ибн Аббасқа сүйенеді. Бұл айтқанымыздан, Фарабидің Құранда айтылған 
діни-теологиялық, ғылыми-философиялық мәселелерді жаңа тұрғыдан тану, 
болмыстың түп-төркінін, қазіргі жағдайын білу тұрғысынан қараушы үлкен 
мектептің (мазһабтың) көш-басында тұрғаны көрінеді. Ол- Мұхаммед (с.а.у.) 
ілімінің ғылыми-жаратылыстану мәнін ашып көрсетуді көздеген ізгі ғұлама. 
Діни көзқарастар жүйесі мен іс-әрекеттер тізбегі-Алланың адамзат 
баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында көкірегі ояу 
адамдардың баршасы да көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады. 
Баршасы деп отырғанымыз - тайпалар мен қалалар, ал кей жағдайларда ол
белгілі бір жарықты немесе сан алуан жарықтарды қамтуы да ғажап емес. 
Ал рақымшыл билеушінің халықты басқаруы (бірінші) Алла тағаланың 
нұрлы шапағатының әсерінен туындаған ақиқатпен, жаңалықтармен тікелей 
байланысты болып келеді. Ізгілікке негізделген діннің қызметі мен көз 
қарастары діни жаңалықтардың мән-мағынасымен айқындалады. Мұндай 
үрдістер орын алған екі тәсілдің біреуі немесе олардың екеуі арқылы да 
жүзеге асырыла береді. 
Олардың ең алғашқысы – құдіреті мол Алланың жіберген қағидалары. 
Ал екінші жағдайда ел билеушінің басқарушылық қызметі мен іс-әрекеті 
Жаратқан иемнің құдіреті арқылы келіп жеткен күштердің көмегімен 


11 
айқындалады. Сөйтіп, Алланың көрсетіп берген қасиетті ізі ел билеушінің 
ізгілік пен рақымшылдыққа негізделген көзқарастар мен қызметпен 
айналысуына даңғыл жол ашып береді. Мұндай амалдар негізінен бірінші 
тәсілмен, ал кейде екінші тәсіл арқылы да ойдағыдай жүзеге аса береді. 
Теориялық ғылым Алланың ықыласы ауған пенденің бойында күш-
қуаттың қалай туындайтынын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Ізгілікті 
діннің көзқарастары: теориялық көзқарастар және ерік-жігер көзқарастары 
болып екіге бөлінеді. Теориялық көзқарастар рухани адамдардың Аллаға
деген қатынастарын, олардың рухани адамгершілік қасиеттерін және әр 
адамның жағымды-жағымсыз қылықтарын, іс-әрекеттерін сипаттайды. 
Сонымен қатар теориялық көзқарастар дүниедегі ең алғашқы діндердің пайда 
болуы мен жоғалуын, олардың жаңа діндердің пайда болуына негіз 
болғандығын немесе соңғылары алғашқы діндерден қалайша бөлініп 
шыққанын, одан қалды олардың аралық қатынастарын, өзіндік құрылымын 
және өзара байланыстарының заңдылықтарын жан-жақты түсіндіреді. Бізге 
діндерде болып жатқан өзгерістердің барлығы да әділеттілікке 
негізделгендіктен, мұндай табиғи өзгерістерде әділетсіздікке жол берілмейді. 
Теориялық көзқарастарда дүниедегі әрбір зат атаулының құдіретті Алла мен 
рухани адамдарға деген қатынастарына дейін қарастырады. Одан кейін 
адамның пәни дүниеге келіп жаратылуы және оның жан мен ақыл-ойға ие 
болуы, Алла тағаланың шапағаты мен рухани адамдар арқылы берілген 
адам бостандығы, адамгершілік қасиеттерімен қатар, оның жарық дүниеде 
алатын орны сипатталады. 
Теориялық пікірлер мен көзқарастар пайғамбарлық пен оның мән-
мағынасын, ғылыми жаңалықтардың шығуы мен оның түрлі құбылыстарын 
суреттейді. Олар ажал мен о дүниелік әулиелерге, өнегелі және ізгі ниетті 
адамдарға ғана тән шат-шадыман бақытты өмір мен ұждансыз, арам, ар-
ұяттан безген адамдар ұшырайтын азапты өмірге де сипаттама береді. 
Ал ерік-жігерлік пікірлер мен көзқарастар дәл осындай билеушілер 
қоршауындағы халықтардың хал-жағдайынан хабардар етеді. Ерік-жігер 
көзқарастары білімсіз адамдарға өз өктемдігін көрсетіп отырған, ар-ұяттан 
безінген ел билеушілер мен басшыларға және өткен замандарда өмір сүріп, 
тағдыр талқысының салдарынан адасқан кейбір көсемдерге де сипаттама 
береді. Оларды тіршілікте жіберілген қателіктер мен жамандықтарға 
байланысты тиісті жаза белгілеуде, әрбір адамның ізгілікке толы жан 
дүниесінің жақсылық пен жамандыққа икемділік танытуын да ескереді. 
Дін қарастыратын сан алуан заттардың қасиеттері міндетті түрде қала 
тұрғындарының, ел басшылары мен қызметшілерінің, олардың Алла 
белгілеп берген қоғамдағы орны мен қалыптасқан қарым-қатынастарына да, 
өз арасындағы келіспеушілік пиғылдарына да тән болуы керек. Сондықтан да
әрбір пенде Алла тағала белгілеген қасиетті жолдан таймай, оның
адамгершілікке бағытталған қағидаларын басты назарда ұстауы қажет.
Сонда ғана осы айтылған қағидалардың бәрі де діннің құндылық қасиеттерін 
қалыптастыра алады. Алланың құдіреті мен ұлылығын дәріптейтін іс-
әрекеттер мен оң пікірлер басты орынға шығады. Одан кейінгі орынды өткен 


12 
замандарда өмір сүрсе де, өздерінің шексіз рақымшылдығымен,
адамгершілік қасиеттерімен танылған пайғамбарлар, ізгі ниетті ел 
басшылары мен әділетті көсемдер иеленеді. Ең соңында, бұл әрекеттердің
әділдігін анықтау қажеттігі келіп туындайды. Осы айтылған қағидалар, 
айтып келгенде, рақымшыл, ізгілікті діннің мән-мағынасын құрайды. Құдай 
және дін мәселесіндегі әл-Фараби теориялары әлі күнге дейін толық 
зерттелмеген. Анықтығы сол, ол Алланы мойындағаны, әлемнің негізі 
Алланың құдіретімен жаратылғанын құптаған. Фарабидің ғылыми- 
философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-
әлеуметтік және экономикалық жағдайларда қалыптасты. Ұзаққа созылған 
жаулаушылық саясатының нәтижесінде құрылған жаңа мемлекет – Араб 
халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қоймай, 
мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген 
әртүрлі мәдениеттерді қосып, жаңа қоспа мәдениет туғызды. ІХ – Х 
ғасырлардағы саяси, философиялық ойдың дамуы – таптық және діни ағым, 
қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы 
шиеленіскен идеологиялық тайталасы күрес жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі 
кертартпа және ілгерішіл күштер, Араб халифаты мүддесін көздеген ресми 
мұсылман дінбасылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен 
еркіндігінің жоғын жоқтаушылар арасындағы күрес болды, мұндай жағдай да 
философияда айқын болып қалды. Араб философиясында Фарабиге дейін 
бірнеше ағымдар мен кезеңдер болды. Діни философияны VIII ғ. бас кезінде 
пайда болған мутакаллимдер қуаттады. Олар құдайдың мәнісі, дүниенің 
түпкі сыры жөнінде Құран қағидаларын бұлжытпай басшылыққа алды, 
табиғи заңдылық және табиғаттағы себептілік принциптеріне қарсы шықты. 
Мутакаллимдер болмыстағы барлық құбылыстар, оқиғалар тек бір құдайдың 
еркімен болады, құдайдың құдіретінсіз «адамның жалғыз шашы түспейді» 
дегенді уағыздады, дәлелдеп бақты. Алайда Араб халифатында, мемлекетінде 
ғылымның өркендеуі басқаша көзқарастардың, сенімдердің бой көтеруіне 
әкеліп соқты. Олар сайып келгенде, мұсылманды қатып қалған қағидаларға 
(догматтарға) қарсы бағыттап, рационалистік, материалистік көзқарастардың 
туындауына жағдай туғызды. Мұндай ғылыми рационалистік бағытты 
жақтаушылар муаттазилиттер, яғни дәстүрлі діннен «бөлініп кетушілер» еді. 
Олар адамзат ақыл-ойы шындыққа жетуде құдайдың алдын ала сызып-
пішіп қойған жолы емес, одан басқа ақыл, парасат жолын басшылыққа алу 
деп есептеді. Мұндай күрестің, сол заманда философия мен ғылымды 
дамытуда үлкен маңызы болды. Екінші жағынан, муаттазилиттер 
Аристотельдің құдай туралы идеясына қарсы шығып, дүниенің мәңгілігін
ондағы орын алатын заңдылықтарды біртіндеп жоққа шығарды. Муаттазилит 
имамы, жетекшісі атақты әл-Ашари еді. Араб философиясындағы жетекші 
бағыт перипатитизм, яғни аристотелизм болды. Бұлар да бірсыпыра өзекті 
мәселелер тұрғысында Құран қағидаларына қайшы келді. Бірақ оларда бұл 
қайшылықтардың, керағарлықтардың тігісін жатқызып, бітістіру үшін 
Алланың айтқаны да, философия мен ғылым тұжырымдары да шындыққа сай 
келеді. Біріншісі баршаға бағытталған, екіншісі таңдаулы адамдарға, 


13 
даналарға арналған арнайы шектеулі шындық, міне, осындай екі шындық 
ілімі, теориясы жасалады. Бұл теориялар орта ғасырлар заманында 
прогрессивті қызмет атқарды. Араб аристотилизмінің негізін салушылар 
қатарына әл-Кинди, Фараби, Ибн Сина, т.б. жатады. Алайда философия 
тарихшыларының 
басым 
көпшілігінің 
ұйғаруынша, 
мұсылман 
шығысындағы ілгерішіл қоғамдық саяси ой-пікірдің нағыз 
көшбастаушысы Фараби болды. 
Фараби өз еңбектерінде құдай бар деп мойындайды. Алайда ол 
Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек 
бірінші себеп – «алғашқы түрткі» ғана, одан кейін табиғат (материя) өз 
бетімен, өз заңдылығымен құдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген 
идеяны қуаттайды. Бұл, әрине, мутакаллимдердің «жақсылық та құдайдан, 
жамандық та құдайдан» деген қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін 
басшылары мен оларды қолдаушы философтар (мәселен, әл-Ашари) осы 
сияқты «күпірліктері», қателері үшін Әбу Насырды қудалаған кездері болған. 
Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әртүрлі деңгейден 
қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау 
мүмкін деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет