Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет14/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
 
Өзін тексеру сұрақтары:

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанын жазудағы 
мақсатын айқындаңыз

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанының әлеуметтік 
философиялық маңызын көрсетіңіз 

«Құтты білік» дастанының идеялық мәнін ашып беріңіз 

Дастандағы мемлекет басқару туралы идеяларын талдаңыз 

Ж. Баласағұнның әділетті қоғам жайлы тұжырымдарын сипаттаңыз
Өзіндік жұмыс тақырыптары: 

Ж. Баласағұнның саяси-әлеуметтік көзқарасын талдаңыз 

« Құтты біліктің» тәрбиелік маңызын сараптаңыз 

Жүсіп Баласағұн дүниетанымының маңызын
салыстырмалы түрде сипаттаңыз

Жүсіп Баласағұн шығармашылығының құндылығын көрсетіңіз

«Құтты білік» тұңғыш түркі тілінде жазылған энциклопедиялық
шығарма дәлелдеңіз
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


40 
---------------------------------------------------------------------------------------------------- 
2.2 М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігінің тарихи 
әлеуметтік философиялық маңызы 
 
Махмұт Қашқари (ХІ ғасыр) 
түрік даласының рухын өзінің құнды 
еңбектерімен асқақтата білген түркі ғалымы. Ортағасырлық Шығыс 
ғалымдарының ішіндегі жарқын жұлдыздардың бірі, ұлы түркі филологы, әрі 
тарихшы, түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-
ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы, ұлы әдебиетші, 
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі 
саяхатшы. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің 
оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемі тіл өнерінің 
өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. бізге қалдырған басты еңбегі 
«Диуани лұғат-ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты әлемге әйгілі 
кітабы. Бұл еңбек - ерте орта ғасырдағы түркілер жайлы жазылған 
энциклопедия. Онда ХІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының өмірі, ру-
тайпалық атаулары, туысқандық ерекшеліктері, лауазымдары, ас-тағам 
аттары, асыранды, жабайы жануарлар, өсімдік әлемі, астрономия, апта 
аттары, географиялық терминдер, геологиялық, дәрігерлік, анатомиялық 
түсініктер, әскери, спорт түсініктемелері, дін туралы құнды мағлұматтар 
берілген. 
Сонымен 
қатар 
сөздікте 
адамгершілік, 
тәлім-тәрбие, 
психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және 
жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді.
Түрік халқының маңдайына біткен мың жылда дүниеге бір келер алып 
даналар Әл Фараби мен Махмұд Қашқаридың рухани тұтастығын көрсету 
үшін екі ғұлама еңбектерін салыстыра теңестіріп зерттеу қажет. Әрине, екі 
түрлі қоғамда өмір сүрген қос ғұламаның еңбектерін жазу стильдерінде 
айырмашылық бар. Дегенмен, Фараби мен Қашқаридың еңбектеріндегі 
негізгі ойлар мен пікірлер сабақтасады және бір бірімен рухани бірізділік 
құрайды. Екі ғұламаның ой сабақтастығы бірінші кезекте дінге қатысты 
түзіледі. Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасында философия және дін 
арасындағы қатынас мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Философтың дінге 
қатысты ойларын «Әріптер кітабы», «Дін туралы кітап және өзге де 
мәтіндер», «Бақытқа қол жеткізу», «Саяси билік», «Қайырымды қала 
тұрғындарының ойлары» атты еңбектерінен табамыз. Фараби дін бақытқа 


41 
жетудің құралы деп түсінді. « Әр түрлі қайырымды қалалар мен халықта әр 
түрлі дін болуы мүмкін , бұлардың бәрі дінге сеніп мақсатына жетуге 
ұмтылады » десе, 
М.Қашқари өз еңбегін «Бисмилләһир Рахманир Рахим! 
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен /бастаймын/!» деп 
бастауының өзі дінге аса құрметін білдіреді.Сонымен қатар, Тәңірді 
(Аллаһты) біршама өлеңдерінде еске алып отырады: 
Бегім жүзін жасырды да, 
Жүзеге ісін асырды да, 
Ұлы Аллаһқа бас ұрды да, 
Содан күні тез туды ғой. 
*** 
Аллаһ аспанды жаратты, 
Ақықсеуіп таратты, 
«Таразыны» бар етті, 
Күнді аударып, түнкелер. 
*** 
Бір Иемді мақтаймын, 
Білім жинап, сақтаймын, 
Жақсылықта жақтаймын, 
Бар көңілімді бағыштап. Кейін шегіндік. 
Фарабидің философиялық еңбектерінде ең негізгі орындардың бірін 
қоғамдық өмір туралы ілімі алады. Қоғамның шиеленістеріне Фараби арнайы 
еңбектер жазды .
Фараби қоғамдық өмірдің шиеленісін зерттеуде көптеген сұрақтарды 
көтереді . Олардың негізгілері мыналар : 
1. Қоғамдық өмір туралы ғылымның мақсатын анықтау . 
2. Қоғамдағы адамның орны мен міндеттері, оның қоғамдық қызметі, тәрбие 
және адамгершілік сұрақтары. 
3. Мемлекеттік ұжымның түпкі мақсаты, бақытқа жету әдісі және жолдары 
Фараби өзінің қоғамдық-саяси трактаттарында Аристотель мен 
Платонның саяси және этикалық идеяларын кең түрде қолданғанын атап 
көрсету керек . 
Фараби қоғамдағы адамдар арасындағы қарым қатынас туралы былай 
өз еңбегінде: «Әр адам өзінің табиғаты, - өзінің өмір сүруі және жетістіктерге
жетуі үшін көптеген қажеттіктерді зәру етеді, оған өзінің күші , жағдайы 
жетпейді, ал өзінің мұқтаждығын өтеу үшін жұрттардың бірлестігінің, 
қоғамдастығының әрқайсысының әр түрлі көмектерін қажет етеді, 
бірлестіктің барлық мүшесінің қызметі әркімге өзінің өмір сүруі және 
жетістіктерге жетуі үшін барлық жағдайды жасайды» деп келтірсе, 
М.Қашқари: 
Көрші ағайын туысқа, 
Аса құрмет қылайық, 
Тарту алсаң - дайында 
Қарымтасын лайық. 


42 
Біреу күле қараса - 
Жылы жүзбен таста көз, 
Сақта тілді жаманнан, 
Жақсы ой тілеп, баста сөз. 
Басқан қиын іс түссе, 
«Өтеді» деп сіркесін. 
Заман ісін біліп тұр, 
Соған қарай күрескін. 
Қайыр қылсаң - тиеді, 
Адам құл ғой қарынға. 
Қалған малың құриды, 
Кірсең қара орынға. 
Оның бәрі жұлдыз-аспан, күндіз-түн боп байланған, деп өлең 
жолдарында айтады. Әл Фараби еңбегінің негізгі бөлігінде адамгершілік, 
әдептілік, бірлік мәселесі бойынша сөз қозғайды. Ол:«Адамның бойына, 
халықтар мен қала тұрғындарына тән және бұл дүниеде тиесілі бақытқа 
жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі
нәрсе бар: теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгілік, этикалық және 
практикалық өнерлер .
Теориялық ізгіліктер дегеніміз – түпкі мақсаты - өмірде бар 
нәрселерді зерттеу болып табылатын және пайымдағы мазмұны өзінің 
көздеген мақсаттарын ған қамтитын білімдер .
Ойшылдық ізгілік дегеніміз - әлденедей бір ізгі мақматқа барынша 
көп пайда келтіретін ізгілік .
Этикалық ізгілік дегеніміз – ойшылдық ізгілікпен біріккен табиғи 
ізгілік» деп жазды.
Өз кезегінде Қашқари әдептілік, бірлік туралы былай өлең шумақтарымен 
өрнектей отырып жазды: 
Ұлым, саған әдепті мирас етіп қалдырамын, 
Жағалаған, жайқалған білімдінің бал құрағын. 
*** 
Менен ұлым, ақыл ап, жақсы жолға жаратқын, 
Елдің дана ұлы боп, біліміңді таратқан. 
Іске асығыс кіріспе, иінін біл тұрақты, 
«Жағамын» деп асыққан өшіреді шырақты. 
Сонымен қатар, түркі тарихы мен этнографиясы хақындағы пайымдар
Қашқари мен Фараби еңбектерін салыстыра, қабыстыра оқығанда, екеуінің 
де жалпы тарих, әсіресе түркі халықтарының тарихы мен этнографиясына 
үңілген тұстары баршылық екеніне көз жетеді. Осыдан келіп, Фараби мен 
Қашқаридың еңбектеріндегі ой пікірлеріндегі үндестік, мұрагерлік 
сабақтастық айқын білінетіндігін байқауға болады. 
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын 
жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемі тіл өнерінің өрісін 
кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи 
салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының 


43 
негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл 
Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып 
қалыптасты. Ол көне түркі сөйленістерінің алғаш түсіндірме «Диуани лұғат 
ат-түрік» біртұтас түркі тілдерінің сөздігін жазған. Түркі әлемінің тұңғыш 
түркологы, данышпан білгіші Махмұт Қашқаридің өмірі мен қызметі 
жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат-
түрктен» (Түркі тілінің сөздігі) ғана біле аламыз. Махмұт Қашқаридің толық 
есімі - Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған 
жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029-1038 жылдар 
аралығында Қашқарда дүниеге келген.
Махмұт Қашқаридың Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. 
Ата-бабаларының бірі Харун әл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, 
Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да 
басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммед 
Барсханның (Барысқан) әкімі еді. Кейін Қараханидтер әулеті билеген 
мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. 
Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты 
болатын. Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда 
алды. Ол заманғы Қашқар қаласы Шығыс Түркістанның ірі саяси жаңа 
мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде 
өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса 
дамығанын дәлелдейді. Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде 
Қашқар елінде де мектептерде Құран, араб тілі, заң негіздері, математика 
оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашқарда алған білімімен шектелмей, 
Азияның басқа да, Бұқара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ірі 
мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді. Өз тіліне, өз халқына деген 
сүйіспеншілігі Махмұтты жер-жерге апарады. Талай ел кезіп, керекті 
деректер жинап, соңында өзінің данышпан еңбегін жаза бастайды.
Кейбір ғалымдардың жорамалдары бойынша, бұл кітап Бағдатта 
жазылған-мыс. Бірақ осыншама ірі әрі құнды еңбек Бағдаттағы 
кітапханаларда тіркелмегені, орта - ғасырлық арабтың білімі мол 
ғалымдарының бұл «Диванды» білмегені, сонымен қатар «Диванда» 
Бағдаттың еш аты аталмағаны бұл жорамалдың дұрыстығына күмән 
туғызады. Сондықтан Махмұт Қашқари «Диванды» жазуға 1072 жылы 
Қашқарда кірісті деген дұрыс болар. «Диванды» жазып бітірген жыл туралы 
да ғалымдар арасында ауызбірлік жоқ. Дегенмен ең дұрысы 1083 жылы
қазанның 27-сінде аяқталғанын айта аламыз, бұған «Диванның» ішінде де 
дәлелдер бар. Ол Қашқарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын 
жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, 
Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды. Араб-парсы тілдерін, әдебиеті 
мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегін жазып, 
түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, 
өзге тілден енген сөздерді қолданбаған.
Ғалым бұл кітапты Бағдад оқымыстысы Әбдірахман әл-Басридың (VIII 
ғ.) «Китабул айни» атты еңбегі негізінде түзген. Сөздіктің түпнұсқасы 


44 
жоғалған. А. Абулфатхтың 1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы 
Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір 
Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. 3 томнан, 8 кітаптан 
тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл 
кітабы ерте орта - ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты. Ол 
түркітану тарихында тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, 
диалектология 
ғылымының 
негізін 
салды. 
Түркі 
тайпаларының 
ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығын зерделеу, айтылу, жазылу, 
заңдылықтарын, қолдану аясына қатысты айырым белгілерін зерттеу 
ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262 
мақал-мәтелді пайдаланды. Ауыз әдебиетінің жоқтау («Алып Ер Тоңға өлді 
ме?»), айтыс («Жаз бен қыстың айтысы») үлгілерін де қамтыды. Кітапта 
ерлік істерді мадақтаған, табиғат көріністері мен ғашықтықты жырлаған жыр 
шумақтары кездеседі. Түркі топырағында Иассауиден басталады деп 
танылып келген сопылық поэзия үлгілерін Махмұд Қашқаридің сөздігінен 
табуға болады. Ғалым өз сөздігінде 29 тайпаның этноним, топонимдерін, 
туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр 
ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. 
Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары 
мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі.
Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан 
мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (мәселен, 
Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі. 
Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда 
ол түркі халықтарының таралым аймағын көрсетеді. Кітапты түзуде бірнеше 
жылын сарп етіп, 1072-1078 жылдары Бағдад қаласында жазып бітірген. Бұл 
кітап 1997-1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді.
Махмұт Қашқаридің «Түркі сөздігінен» басқа «Китап-и-джавахир ан-
нахв фи луғат ат-түрік» («Түркі тілдері синтаксисінің құнды қасиеттері 
туралы») атты еңбегі болған, бірақ кітап біздің заманымызға жетпеген. 
Ғалым өзінің кітабы туралы «Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы 
мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, 
қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін 
пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. 
Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік 
ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі 
елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым. 
«Жинақты» сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға 
болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен 
мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар 
кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз 
табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан - ұрпаққа 
халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, 
әсемдік әлемінен мәңгілік өмірге біржола жолдама алдым», - деп жазды. 
ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай 


45 
«Махмұт Қашқари жылы» деп жариялаған болатын. Дереккөзі «Қазақстан 
ұлттық энциклопедиясы», 6 том, «Тарихи тұлғалар» кітабы. Ұйғыр 
ғалымдары Махмұт Қашқариді «Қашқари» есіміне қарап ұйғыр әдебиетінің 
өкілі, тек ұйғыр халқының перзенті деп жазады. Бұл пікірдің негізсіз 
екендігін, автордың өз сөзіне қарағанда ол ортағасырлық әскери басшы, 
белгілі бек отбасынан, яғни оғыз ортасынан шыққан.
Сондықтан да Махмұт Қашқари – тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз-
қыпшақ тайпасынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі 
халықтарының ортақ перзенті. Сол себепті де оның шығармасы да ортақ 
қазына, ортақ классикалық мұра екендігін ескерткен жөн. Махмұттың
өзінің айтуынша, «Диуанды» жазудан бұрын ол түріктердің барлық елі мен 
даласын аралап шыққан. Ол Қашқардан бастап, бір жағы Жетісу, 
Мәуәрәннахр, Хорезм, ал екінші жағы Римге дейін аралап, олардың тұрмыс-
салты, тілі, ауыз және жазба әдебиеті, т.б бойынша көп материалдар 
жинайды. Бұл сөздікті жазудағы негізгі мақсаты түркі тілінің мәтебесін 
жоғары көтеріп, оның араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ екендігін дәлелдеу 
болған дейді А.Н.Кононов. Бұл жөнінде М. Қашқари былай дейді: «Мен 
түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың 
шаһарларын, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар кезіп, аралап шықтым. 
Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір
кішігірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім. Мен олардың ең 
білгір адамдарының, ең үлкен мамандарының, көргендерінің, байырғы 
тайпаларының ішінен шыққан және соғыс істеріндегі ең мықты 
найзагерлерінің бірі едім. Оларға ден қойғаным сондай түріктер, 
түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және қырғыз тайпаларының тілдері 
түгелдей көңіліме қонып, жатталып қалды. Солардың бәрін мұқият бір 
негізде жүйеге салдым». 
 
М. Қашқаридің сөздігі барлық түркі тайпаларының сөздігін қамтыған 
сөздік болды. Егер Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегінде ғылым 
байлығы мен күнәсіз өмір сүру негіздері жайлы ғылымды дамытқан болса, 
А.Иассауи «Диуани Хикмет» шығармасында қоғамдағы қажетті әлеуметтік, 
тұрмыстық тәртіпті айқындап, татулық пен опасыздықтың мәнін ашты. Ал 
М. Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінде ата-бабаларының тегі туралы 
да көптеген тарихи мәліметтер келтірді. Қашқаридан соң түркі тіліндегі 
жазбалар саны көбейді. Көптеген орта - ғасырлық оқымыстылар Қашқаридің 
жолын қуып, оны одан әрі жалғастыра білді. Мәселен: «Қарахандар Орта 
Азияны билеп отырған жағдайда орхон, ұйғыр, көне қаңлы, соғда 
алфавитінде еңбек жазуға мүмкіндік болмаған. Оған жол салған Махмұттың 
лұғаты болған. Оның дәстүрін ХІІ ғасырда ғұмыр кешкен Иассауи мен 
Бақырғани жалғастырады». Немесе ХІІІ-ХІV ғасырларда Халил жазған 
«Түрік-моңғол-парсы тәржімесі», ибн-Хайян Фарнатидің «Китаб әл-гурак ли-
лисән әл-атрак», Мысырдан табылған «Гүлстан» дастанының аудармасы, 
Құтып жырлары, В.Радлов бастырған «Кодекс куманикус» сияқты лұғаттар 
осы негізде дүниеге келді. Олар бір ғана түрікмен, қыпшақ тілдерінің үлгісін 
берсе, Қашқари лұғаты барлық түркі тайпаларының сөздерін қамтыған сөздік 


46 
болды. Қашқари халықтың сөйлеу тіліне сүйенсе, соңғылары көбіне жазба тіл 
үлгісіне бейімделеді. Сол себепті біз М.Қашқариды ХІ ғасырда бүкіл түрік 
әдебиетіне үлгі болған ғұлама ғалым дейміз. Бұл сөздерден біздің 
пайымдайтынымыз, М. Қашқари өзінің еңбегінде түркі тайпаларының мақал-
мәтелдерін, фольклорын негізгі арқау етіп алып, қолдана білген. Халықтың 
бай ауыз әдебиетін, тұрмыс-салт жырларын да ұтымды пайдаланған. Міне, 
соның негізде М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегі бүкіл 
түркі жұртына түсінікті және ортақ рухани мұрасына айналып отыр. 
Автордың бұл шығармасы мазмұны жағынан сол дәуірдегі түркілердің
қоғамдық өмірі мен рухани дүниесінің, ой-танымының сан алуан өзіндік 
сипатын әр жақты қамтитын материалдарды бес салаға бөліп қарастырған:
1. Белгілі бір тайпаға тәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры (лексикалық); 
2. Түркі тайпаларының мекен - қоныстары жайындағы мәліметтер;
3. Түркі тілдерін топтастыру; 
4. Түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 
5.Түркілердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы және 
фольклоры жайындағы мәліметтер. Бұдан әрі қарай белгілі А.Н. Кононов М. 
Қашқари еңбегінің өзіндік ерекшеліктерін айта келіп былай деп жазады: 
«Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы, олардың материалдық 
мәдениетінің бұйымдары, тұрмыс жайлары, этнонимдері мен топонимдері, 
ру-тайпалары туралы, туыстық және жекжаттық терминдері жайлы, түркі 
қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам-сусындарының аттары 
туралы, өсімдіктер мен дәнді дақылдар туралы, астрономиялық терминдер, 
халықтық күнтізбе айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, 
қалалар туралы, әскери қару - жарақ және музыкалық аспаптар, әкімшілік 
терминдер, діни және этникалық терминология, мифтік қаһармандық аттары 
туралы, балалардың ермектері және ойындары туралы және тағы басқалар 
туралы көп жағдайда бірден-бір дәйектеме болып табылады». Осыдан келіп, 
біз М. Қашқаридің бұл еңбегі үлкен энциклопедиялық шығарма екендігіне 
және одан аса бағалы да құнды деректердің берілгендігіне куә боламыз.
«Диуани лұғат ат-түрік» тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік емес, ол 
түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып саналады. Бұл 
түсіндірме сөздігінде автор халық ауыз әдебиеті үлгілерін, аңыз-ертегілер, 
мақал-мәтелдер, қанатты сөздер және халық фольклорын өте орынды 
пайдалана білген. Сондай-ақ кейінгі ортағасырлық қауым адамдарының 
тұрмыс-тіршілігін, болмысын, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің 
тамаша үлгілері бізге Махмұт Қашқари еңбектері арқылы жетті. Түсіндірме 
сөздік ХІ ғасырда Қарахан дәуірінде дүниеге келген мұра және бұл еңбегін 
1072-1074 жылдары жазған. Өз заманындағы түркі, араб грамматикасын 
жасап, оларды жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл 
ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген.
Сөйтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып шыққан. 
Бұл еңбек көне түркі филологиясы бойынша бізге жеткен жалғыз тұтас еңбек 
қана емес, сонымен бірге көне түркі филологиясының озық туындысы, көне 
тілдер қалпын терең зерттеумен қатар, сол дәуір тайпалары өмірінің 


47 
энциклопедиясы, халық даналығының нағыз қазынасы. Кітапта көптеген 
өлеңдер, халық әндері, мақал-мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, 
сонымен қатар тарихи деректер келтірілген. «Диуани лұғат ат-түрік» 
оқырмандарға көне және орта-ғасырлар дәуіріндегі түркілердің өмірі, 
астрономия, география, медицина, математика саласындағы білімі туралы 
мәлімет береді. Махмұт Қашқари көне түркі тілін ғылыми тұрғыда зерттеп, 
оның жергілікті ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырған, ауыз әдбиеті 
үлгілерін жинаған алғашқы тілші ғалым, философ, саяхатшы, этнограф. 
Махмұт Қашқар қаласында білім алған, сондықтан оны басқа шығыс 
ғалымдары қашқарлық Махмұт ретінде атаған. Ол Қашқар қаласымен ғана 
шектеліп қалмай, Самарқанд, Бұқара, Нишапур, Мерв пен Бағдатта білім 
алуды жалғастырды. Ол өзінің сөздігіне қажетті материалдар жинақтау үшін 
көптеген түркі рулары мен тайпаларының тілі мен ауыз әдебиеті үлгілерін, 
тарихы мен дәстүрін, этнографиясын зерттеді.
Осы мақсатпен Қашқар, Жетісу, Хорезм, Мәуереннахр жерлеріне 
саяхат жасады, тіпті түркілер Аттила (Еділ) жорығынан кейін қалып қойған 
Рим жеріне дейін барды, филологиялық мәліметтердің құнды қазынасын
жиыстырып, өзі құрастырған сөздігіне өңдеп енгізді. «Диуани лұғат ат-
түрік» - барлық түркі - тілдес халықтардың ортақ рухани мұрасы. Сөздікте
6800 сөз берілген, бұл сөздер түркі-тілдес халықтардың көпшілігіне 
түсінікті. Кітапқа енген халық ауыз әдебиеті нұсқаулары, екі жүзден астам 
өлеңдер, қысқаша новеллалар, мақалдар мен мәтелдер көне түркі тілінің 
қалпы туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастырып, сол кезеңдегі 
сөзжасам тәсілдері, сөйлем құрау принциптері туралы тың мәліметтерге бай. 
Осылайша, бұл кітап көне түркі әдебиеті бойынша әлемге әйгілі алғашқы 
хрестоматия болып табылады. «Диуани лұғат ат-түрік», ортағасырлық түркі 
халықтары 
ой-санасының 
ғажайып 
ескерткіші, 
біздің 
көшпенді 
бабаларымыздың мәдениетінің айғағы болып табылатын құнды қызына. 
Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, 
этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат- түрікте» нақты тарихи 
деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл 
ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс- 
салтын, әдет- ғұрпын баяндайды, сол кездегі бірқатар қаламгерлердің, 
ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі 
халықтарының байырғы жырларын, мақал- мәтелдерін береді.
Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, 
онда Барсхан,  Баласағұн, Тараз,  Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің 
ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны 
түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады
.
«Диуанда» 29 тайпаның аты аталады. М. Қашқаридың картасы бойынша 
олар мекендік жайларының ыңғайына байланысты Румнан бастап 
Шығысқа қарай: ең алдымен беченек, одан соң кыфчак, огуз, йемек, 
башғырт, басмыл, кай, йабақу, татар, хырқыздар, т.б. орналасқан. Әрі қарай
чичел, тухси, йоғма, учрак, чомыл, ұйр, тангут, хитай, тавгачтар орналасқан 
болып шығады. М.Қашқаридың бұл кітабында түркі сөздерінің қоры өте көп. 


48 
Мысалы, ол арнайы тәртіппен 6800 түркі сөзін топтастырып, араб тілінде
анықтама түсінік берген. Кітапқа інжу-маржан екі және төрт жолдық 242 
шумақ бәйіт пен 262 мақал-мәтелді мысал ретінде пайдаланған. Бір ғажабы, 
«Диуанға» енген 875 сөз бен 60 мақал-мәтел қазіргі қазақ тілінде қаз-
қалпында қолданылып келеді екен. Мәселен: 
Адам аласы ішінде, 
Жылқы аласа сыртында. 
болмаса, 
Жанжал шықса, ағайын ақылдасар, 
Жау келсе, ел тебіренер, 
Немесе: 
Белгі болса, жолдан жаңылмас, 
Білімді болса, сөзден жаңылмас. 
М. Қашқари адамдарды өнер-білімге, әдептілікке шақырып, 
адамгершілік, мораль, этика, ұйымшылдық мәселелерін сөз етеді. Оның түркі 
халықтарының бәйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көркемдік, үлкен 
парасаттылық, білім, батырлық суреттеледі. Мысалы:
Құрметте, білімдінің сөзін тыңда жігітім, 
Үйретіп парасатын, ақта әділ үмітін. 
*** 
Өмірді білмесең – білімің жоғалар, 
Талғамды қашан да – бос сөзді доғарар. 
*** 
Білімдінің қасына бар күнде балам ерінбей, 
Төмен тұрып үйрен толық тәкаппар боп көрінбей. 
*** 
Махаббаттың мейіріне нәзік жаның иеді, 
Оның ыстық теңізіне бойың балқып күйеді. 
Білім деген мәуелі ағаш өз жемісін береді. 
***
Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын, 
Жағалаған, жайқалған білімдінің бал құрағын. 
М. Қашқаридің қайсыбір бәйіттерін алмаңыз, үлкен философиялық-
этикалық ой-тұжырым, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті негізгі 
арқау етіп алған. Мұнда ауыз әдебиетінің үлгілері табиғат көріністерін 
бейнелейтін пейзаж лирикасы мен жыл маусымының ауысуына арналған, 
өлең жырлары көптеп кездеседі. Мысалы, біздер оның аңшылық жайындағы 
өлеңдерін оқи отырып, алғашқы кейінгі ортағасырлық қауым адамдарының 
еңбек жөніндегі дәрежесін байқаймыз. Ерлік жырларында жүрек жұтқан 
батырлықты, қаһармандықты ерекше бағалап жырға қосқан. 
Қаһарланып атылдым, 


49 
Арыстандай ақырдым. 
Батырын жерге батырдым, 
Енді мені кім ұстар. 
*** 
Есінен дұшпан ауысты,
Басар жолын тауысты. 
Ажалменен қауышты, 
Сөзге ауызы келместен,
деп, мұнда батырдың күш-қуаты, соғыс өнеріне жетік екендігі, ерлігі, қан 
майдандағы шайқас көріністері жырланады. Сөйтіп, жастарды, адамдарды өз 
елін, жерін қорғауға, батыр болып өсуге шақырады. Мұнда үлкен 
патриотизм, туған елге деген сүйіспеншілік, достық пен махаббат, асқан 
ерлік көріністері басым көрсетіледі.
«Диуани лұғат ат-түрікте» М. Қашқари тұрмыс-салт жырлары, түркі 
халықтарының фольклоры жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседі. 
Мұнда көшпелілерге тән төрт түлік мал туралы ерте замандағы адамдардың 
дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін, әдеп-ғұрпын, салт-санасын, тотемдік 
түсініктерін танып-білеміз. Ежелгі түркілердің наным-сенімінен туған бәдік, 
бақсы сарыны, бата-тілек, бесік жыры, тойбастар, жар-жар, сыңсу, жоқтау, 
естірту, т.б жырлар қазақ фольклорынан да кең орын алған. Қазақта ауыр 
қайғылы хабарды естірту, көбінесе жұмбақтап, тұспалдап айтылатын болған. 
«Диуани лұғат ат-түрік» тұрмыс-салт жырларының барлық түрлеріне бай.
Мәселен, қазақтың жоқтау өлеңдерінде жау оғынан өлген батырлардың тірі 
кезінде жасаған ерліктері, еліне жасаған жақсылықтары, батырлығы, 
ақылдығы жырланады. М. Қашқаридың сөздеріндегі осындай жоқтау 
өлеңдердің бірі – Алып Ер Тоңға өлгенде айтылған жоқтау: 
Еңіреген ер еді, 
Ойы елге төр еді. 
Адамның асыл зерегі, 
Ажал оны әкетті. 
*** 
Өртті талай өшірген
Басынан көп іс кешірген 
Шешендік сөзге кесілген, 
Қайран ер ерте көз жұмды,-
деп, батырдың көзі тірісіндегі қасиеттерін айта келіп, оны қазаға 
қимайтынын білдіреді. Бірақ тағдыр дәлдеп оқ атса, одан ешкімнің құтыла 
алмайтынын айтып мойынсұнады. Бұл – Қашқаридың философиялық ішкі 
жан дүние толғанысы. Ол қаһарман-батыр, ер-азаматтарды қазаға қимайды. 
Бірақ қанша батыр болса да, жау оны алып кетті деп өкінеді. Елі үшін және 
жері үшін жан берген қас батырлар Махмұт Қашқари өлеңдері арқылы 
мәңгілік жасайды. Автор қаза болған батырлардың өмірі онымен тоқталып 
қалмайтын-дығын айтып, соңындағы тірі қалған азаматтарды олардың ісін 
одан әрі жалғастыра біліп, ерлік пен қаһармандық жолына ұмтыла түсуге
шақырады.
 


50 
М. Қашқаридың сөздігінде мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл 
мақал-мәтелдердің философиялық дүниетанымдық мәні өте жоғары. Осы 
мақал-мәтелдердің біразын атап көрсетейік: 
Ым білсе, ер өлмес. 
***
Заман өтер, кісі тоймас, 
Адам баласы мәңгі қалмас. 
(Мұнда өмір мен өлім мәселесі, өмірдің кезекпен ауысып 
отыратындығы айтылады). 
Қазан айтар «Түбім алтын», 
Шөміш айтар «Мен қайдамын?!» 
(Бұл мақал өзін танитын адамдардың алдында бөсе беретін мақтаншақ 
кісілерге бағыштап айтылған). 
Түлкі өз ініне үрсе, қотыр болар. 
(Бұл мақал өз елінен, жерінен, шаһарынан, тұқымынан безген, сол 
елдің ауасын жұтып, суын ішіп отырып, соған түкірген сатқындығына арнап 
айтылған). 
Адам аман болса, өмірден көп көрер. 
(Бұл мақал адамның жаны аман болса, алдында көрері көп 
насихаттайды). 
Толған айды қолмен ымдамас (көрсетпес). 
(Толған айды көзі бар адамның барлығы көреді). 
Далада бөрі ұлыса, 
Үйдегі иттің бауыры солқылдар. 
(Бұл мақал жақын адамдарды бір-біріне көмектесуге шақырады). 
Жақсы адамның сүйегі шірігенмен, аты қалар. 
(Бұл мақал адамдарды бір-біріне жақсылық жасауға үндеп айтылады). 
Бұл мақал-мәтелдерді түйіндей келе айтарымыз, біздің заманымыздан 
біраз уақыт бұрын айтылса да, бұл айтылған ойлардың күні бүгінге дейін 
өзінің мән-мағынасын жоғалтпағанын көріп отырамыз. Демек, М. Қашқари 
өз сөздерінде әділдікке, адамгершілікке, ар-намысты жоғары ұстауға, 
махаббатқа, мейірімділікке, әдептілікке шақырады. П. Лафарг «Диуани 
лұғат ат-түрік» шығармасын: «Халық көңіліндегі қайғы-қасірет пен 
қуаныштың серігі, білім қазынасы, діни және философиялық екені даусыз», - 
деп жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет