10. Ғылыми құбылысты арнайы жағдайда зерттеу әдісі
А) Әңгіме
В) Интервью
С) Анкета
Д) Эксперимент
Е) Бақылау
11. Анкетаның қай түрінде оқушы аты-жөнін жазбайды?
А) Атаулы
В) Ашық
С) Анонимдік
Д) Жабық
Е) Полярлық
12. Анкетаның қай түрінде оқушы дайын жауаптардың біреуін таңдайды?
А) Полярлық
В) Ашық
С) Анонимдік
Д) Жабық
Е) Атаулы
13. Белгілі ғылыми материалды жазбаша түрде жеткізу
А) Баяндама
В) Реферат
С) Курстық жұмыс
Д) Конспект
Е) Аннотация
14. Тексттің ең маңызды жерін қысқаша мазмұндау
А) Аннотация
В) Курстық жұмыс
С) Тезис
Д) Библиография
Е) Цитата
15. Жұмыстың мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру
А) Аннотация
В) Жоспар
С) Тезис
Д) Конспект
Е) Баяндама
16. Оқушылардың барлық іс-әрекетін балл арқылы бағалау әдісі
А) Модельдеу
В) Рейтинг
С) Тарихи-салыстырмалы
Д) Сұрау
Е) Жазбаша
17. Тексттегі ойды, пікірді өзгертпей, сол күйінде беру
А) Аннотация
В) Курстық жұмыс
С) Тезис
Д) Библиография
Е) Цитата
18. Балалардың арасындағы қарым-қатынасты
анықтау әдісі
А) Рейтинг
В) Тест
С) Социометрия
Д) Модельдеу
Е) Статистикалық
19. Зерттеу нәтижесін формула мен есептеу арқылы анықтау әдісі
А) Модельдеу
В) Рейтинг
С) Тарихи-салыстырмалы
Д) Статистикалық
Е) Жазбаша
20. Ғылыми зерттеудің практикалық кезеңіндегі іс-әрекет
А) Эксперимент жүргізу
В) Гипотеза құру
С) Проблеманы анықтау
Д) Талдау жасау
Е) Нәтижені безендіру
21. Ғылыми зерттеуге қойылатын талаптар
А) Әдістер
В) Құралдар
С) Заңдар
Д) Принциптер
Е) Заңдылықтар
22. Сұрақ-жауапқа негізделген зерттеу әдісі
А) Рейтинг
В) Модельдеу
С) Интервью
Д) Бақылау
Е) Статистикалық
23. Гипотеза деген терминнің мағынасы
А) Зерттеу
В) Тексеру
С) Тәжірибе
Д) Нәтиже
Е) Болжам
24. Ғылыми зерттеудің обьектісі мен пәнін анықтау кезеңі
А) Диагностикалық
В) Прогностикалық
С) Ұйымдастыру
Д) Практикалық
Е) Қорытынды
25. Ғылыми процесті арнайы жағдайда
зерттеу әдісі
А) Бақылау
В) Анкета
С) Тест
Д) Рейтинг
Е) Эксперимент
Н.4.02- 05
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Кафедра отырысы шешімімен
Кафедра меңгерушісі
Мурзина С.А.
____ Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері________ пәнінен
5В050300 «Психология» мамандықтарына арналған
емтихан сұрақтарының тізбесі 1-ші тарау бойынша сұрақтар:«Кәсіби дайындық жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны»
Кәсіби дайындық жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны
Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері
Психологиялық зерттеу әдіснамасы
Психологиялық ақиқатты зерттеу мәні
Психологиялық зерттеулер туралы ұғым
Зерттеу үрдісінің негізгі кезеңдері
Психологиялық зерттеудің белгілері
Ғылыми аппараттың компоненттері
Зерттеудің мақсатын, нысанын анықтау
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының типтері және оларға қойылатын талаптар
Психологиялық зерттеу жұмыстарының типтерінің ерекшеліктері
Психологиялық зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар.
2-ші тарау бойынша сұрақтар: «Дәстүрлі психологиялық зерттеу әдістері» Бақылау әдісінің ерекшеліктері
Бақылаудың түрлері
Бақылауды өткізу кезеңдері
Ғылыми эксперимент туралы ұғым
Эксперименттің кезеңдері мен түрлері
Модельдеу әдісінің мәні
Модельдеу әдісінің түрлері
Рейтинг
Өзін өзі бағалау әдісі
Әңгіме
Сұқбат
Сауалнама
Тестілеу әдісінің жалпы сипаттамасы
Тесттердің түрлері
Тесттерге қойылатын талаптар
Тест тиімділігінің белгілері
Тұлғалық қатынастарды зерттеу әдістері
Социометриялық әдіс
Өзіне өзі баға беру әдісіне жалпы сипаттама
Оқу процесінде өзін өзі бағалау әдісін қолдану технологиясы
Өзін өзі бағалау әдісі нәтижелерінің өлшемі мен таңдау
3- ші тарау бойынша сұрақтар: «Студенттердің зерттеу жұмысының жүйесі және оның кезеңдері» Дипломдық жұмыстың мақсаты
Дипломдық жұмыстың міндеттері
Дипломдық жұмысты орындауға қойылатын жалпы талаптар
Дипломдық жұмыстың құрылымы
Жұмыстың нысаны
Жұмыстың пәні
Диплом жұмысы тақырыбының көкейкестілігі
Жұмыстың ғылыми болжамы
Жұмыстың орындалу кезеңдері
Зерттеу жұмыстарын безендіру
Диплом жұмысының тезисі
Диплом жұмысын қорғау ережесі
«02» 10 2014 ж. Хаттама № 2
ГЛОССАРИЙ
Аннотация - текстің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру.
Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылыс суретін талдмалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс.
Ашық бақылау – зертеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарынан қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.
Анкета - алдын ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Ашық сауал – мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған.
Әдебиет пен тәжірибе мәселелерін оқумен байланыстыру – ғылыми, әдістемелік, арнайы әдебиетті талдау. Берілген мәселенің жағдайын анықтау мақсатында тәжірибелік зерттеулерді оқып-білуді көздейді.
Әдістемелік және теориялық негіз – зерттеу негізіне жататын негігі теориялар мен әдістемелік ережелер.
Әдістемелік зерттеулер – зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумн айқындалады.
Әлеуметтік өлшем – топтағы тұлғааралық қатынастарың сандық және графикалық құрылымын, оның мүшелерін өзара таңдау саны мен ерекшелігіне қарай айқындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік психологиялық әдіс.
Бақылау – зерттеушінің материалдарға ие болу үшін кейбір педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қадағалауы.
Бақылау әдісі - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі.
Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру.
Баяндама - тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында баяндау.
Ғылым әдіснамасы - бұл табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Гипотеза - болжам.
Ғылыми болжам (гипотеза) – құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.
Ғылыми жаңалық – бұрын басқалар зерттемеген және енгізбеген тың қорытынды, нәтижелер.
Деректерді талдау – кез-келген шама мен бағыттарды түзете талдауға негізделген процедура немесе математикалық статистика әдісі.
Дидактикалық бақылау – бақылау нысаны ретінде оқыту процесі тұтас енеді.
Дисперсия – берілген таңдауда жеке мәндер орта көрсеткішен ауытқуын сипаттайтын статистикалық көрсеткіш.
Дисперсионалды талдау – математикалық статистикалық талау әдістерінің жиынтығы, зерттелетін нысанына кездейсоқ шама дисперсиясын анықтау жатады. Шекті бақылау үшін тест материалдары бойынша өз-өзін бақылауға арналған.
Дөңгелек үстелдер – беліленген мәселе бойынша пікір алмасуды қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.
Дескриптор терминнің, ұғымның мазмұнын бейнелейтін сөз не сөзтіркесі.
Жабық бақылау – жасырын немесе бақылаудың жасырын үдерісі.
Жеке әдістемелік бақылау – ғылыми қабылдау нысаны ретінде беліленген пән бойынша нақты оқу үдерісі болуы мүмкін.
Жетекші идея – зерттеудің белгіленген позициясы мен тұжырымды негізі.
Жобалы әдістеме – жобалау нәтижелері психологиялық мағына беруде негізделген жеке тұлғаны тұтас зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу.
Зерттеудің ғылыми болжамды тұжырымдамасын анықтау – мәселенің тұжырымдамасынан ғылыми болжам пайда болады. Ғылыми болжадағы кейбір пікірлердің дұрыстығын өткізііп отырған тәжірибе арқылы дәлелдеу керек. Жалпы ғылыми болжамнан дара, бөлшек, нақты болжмар тарайды.
Зерттеу пәні - объектінің зерттелетін нақты бөлігі.
Зерттеу объектісі - практика мен ғылыми теорияның зерттелетін бөлігі.
Зерттеу мақсаты - зерттеу нәтижесінде қол жеткізетін нәтиже.
Зерттеу нысаны – мәселелік жағдай тудыратын үдеріс немесе құбылыс.
Зерттеу заты – бұл насан шекарасында болатын нәрсе, нысанның белгілі бір қасиеті, олардың арақатынасы, нысан мен қасиетінің кейбір жағдайларға тәуелділігі.
Зерттеу көздері – ғылыми және арнайы әдебиет, мұражай құжаттары мен жасалған жұмыс қорытындылары.
Зерттеу әдістері – негізгі кезеңдер, зерттеу қызметінің мерзімдері.
Зерттеу әдістері - бұл тәрбиенің, білім берудің, оқытудың әр түрлі жақтары зерттелетін тәсілдер.
Зерттеу кезеңдері мен процедурасы – нәтижелер алғашқы алынған, басқалар мен бұрын зерттелмеген және қабылданбаған.
Зерттеу нәтижелерін сынау мен енгізу – кез келген ғылыми-зерттеудің қорытынды кезеңі, зерттеу қызметінің соңғы нәтижесі.
Зерттеу жүргізу жоспары мен бағдарламасының талдамасы. Ғылыми болжамды тексеру мақсатында алға қойылған сұрақтарға дұрыс дәлелді жауаптар алу үшін тәжірибені жүзеге асырудың жоспары мен бағдарламасыжасалынады. Жоспар мен бағдарлама, көбінесе, жазба құжаттарымен суреттелінеді, мұда өткізілетін тәжірибенің негізгі кезеңдері, олардың дәйектілігі, орындалу мерзімі, күтілетін нәтижелері анықталады.
Инновация - жаңалық, жаңашылдық.
Интервью - алдын ала дайындалған сұрақ жауап арқылы адамды зерттеу.
Іздеушілік бақылау – зерттеушінің көңіл бөлген құбылыстар мен деректерді табу үщін қолданылады, бірақ ұқсассыз жағдайларда дара көрініс табады.
Кесімді қабылдау – үзілмелі бақылау, бақылау объектісі белгілі бір уақытта ұзақ жетіліді.
Контент-талдау – мәтіндер және сөз хабарламаларында кездесетін ақпарат сипаттамасын анықтау мен бағалау әдісі.
Конференция – тәжірибені зертеу және жинақтау түрі. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетті оқиды және аз тәжірибе мәнін, сонымен бірге әріптестер тәжірибесін ұсынады.
Қалыптасқан сұхбат – белгілі бір кезекпен ұсынылатын қалыптасқан сұрақтардан тұрады.
Қалыпты сұхбат – зерттеушінің сұрақтарды алдын ала ойластыруы. Құрастырылуы мен ұсынылуы тәртібі, кейінен, әңгіме барысында, өзгеруі мүмкін.
Құжаттармен танысу – оқу үрдісін ұйымдастыру нақты қалыптасқан тәжірибені сипаттайтын кейбір объективті деректермен зерттеушіні қаруландыратын әдіс.
Құжатты сұхбат – деректер мен оқиғаларды анықтайтын сұхбат.
Құрылымды тәжірибе әдістерін әзірлеу – болжамды анық, тура дәлелдеуге қажет дістерді іріктеу, мақұлдау. Мұндай әдістер сенімді, негізделген, зерттелген құбылысқа ықпал жасауға немесе өзгертуге жағдай тудыратын және оқу үдерісі сапасын арттыру мен жақсартуға көмектесетіндей болғаны жөн.
Мақсат – жоспарлы нәтиже.
Мәселе – шешім қажет ететін және оған арнайы ғылыми тәжірибе жүргізбей дұрыс жауап беру мүмкін емес өзекті және өмірлік сұрақ.
Мәселені анықтау – тәжірибенің табысты аяқталуы үшін оның барлық мақсаттары мен міндеттерін анықталған және анық түрде құрастыру қажет. Егер де бұл орындалмаса, тәжірибенің түпкі мақсатқа жеткенін және басқа да жоспарланған нәтиженің алынғанын анықтау қиынға соғады.
Қарама-қйшылық – дамудың қозғаушы күші,зерттеу нысанындағы қарама-қарсы тараптардың қатысы.
Конспект - текстің қысқаша мазмұны.
Медиана – берілген белгі көрсеткіші бойынша тадаманы тең бөлетін зерттеу құбылысының маңызы.
Мода – таңдауда жиі кездесетін зерттеу белгілерінің сандық мәні.
Монографиялық бақылау - өзара байланысқан құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай санын қамтиды, олардың дамуын, өзара ықпалын, ерекшеліктері мен арақатынасын қарастырады.
Міндеттер –зерттеу жүргізудің және ұйымдастырудың басынан аяғына дейінгі дәйекті кезеңдері.
Модельдеу әдісі зерттелетін проблеманың көрнекі бейнесін жасау.
Методология - әдіснама.
Нақтылығы мен негізделгендігі – жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын анықтайтын талаптар.
Орталанған бақылау – зат немесе үрдіс бақыланбайды, тек оның нәтижесі бақыланады.
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу – мұғалімнің педагогикалық қызметі айқындауға мүмкіндік беретін оның кәсіби шеберлік жиынтығы деңгейін анықтайтын әдіс.
Өзін-өзі бақылау - өз-өзіне бақылау жүргіу.
Орта арифметикалық талдау - кейбір көрсеткіштердің орташа мәні, оның тең мәніндегі таңдаумен анықталған.
Өзін-өзі бағалау әдісі - жеке тұлғаға өзі баға беруде, өз мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Өзара әрекет талдау - бақылаудың бір түрі, оның көмегі арқылы адам мінез-құлқының ішкі көрінісі, коммуникациясын, ақпарат алмасуын, келісу мен келіспеушілік, ұжымдар мен жеке тұлғаға ,атынасы зерттеледі.
Пікір сұхбат - адамдардың кез келген құбылысқа қатынасын анықтауға бағытталған.
Педагогикалық зерттеулер әдістері – педагогикалық құбылыстарды оқу тәсілдері, олар жөнінде ғылыми ақпарат алудың заңды байланыстарын белгілеу мақсаты, ғылыми-теориялық қатынастары мен құрылымы.
Педагогикалық жағдайлар – белгілі бір жағдайда дұрыс шешім қабылдау арқылы адамның қабілетін анықтау әдісі.
Педагогикалық бақылау – бұл педагогикалық ірдісті тану әдісі,ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған және жоспарлы қабылдау.
Педагогикалық оқулар – мұғалімдерден жоғары жинақтау деңгейін, эмпириялық тәжірибені мұқият және терең зерттеуді талап етеді.
Педагогикалық тәжірибе – кейбір әдістердің арнайы ұйымдастырылған тексеруі оның педагогикалық тиімділігін анықтау үшін жұмыстар қабылдау.
Педагогикалық экспедициялар – белгілі бір мәселе бойынша нақты материалдар алу үшін кең мөлшерде мектептерді немесе басқа да тәрбие мекемелерін херттеуді қысқа мерзім ішінде қамтуды алдына мақсат етеді.
Психологиялық диагностика үдерісі әдісін таңдау – зерттеудің мақсатынан, міндетінен, ғылыми болжамынан мәсленің хал-жайын, күйін оқып білтін арнайы әдістер кешені пайда болады
Принцип- негізгі талап, ереже.
Рейтинг - оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс әрекетін баллдық көрсеткішпен бағалау әдісі.
Реферат - елгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердің мазмұнын жазбаша түрде жеткізу.
Рейтинг – білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кз келген құбылысты субъективті бағалауға болады.
Регрессивті талдау – математикалық статистика әдісі, көптеген жеке басыбайлықты жеке мәндер арасындағы байланысты рттеуге көмектеседі.
Сауалдар – толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға сұрақ парағы.
Сауалнама – сауао арқылы көпшілік матриал жинастыру әдісі.
Сұхбат – ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.
Сұхбаттасу - әңгіменің бір түрі; зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын ала дайындалған сұрақтарға сүйенеді.
Социометрия - ұжымдағы қарым қатынасты зерттеу әдісі.
Статистикалық әдіс - зерттеу нәтижесін формулалар мен есептеу арқылы анықтау әдісі.
Себеп салдарлық әдіс - құбылыстың себебі мен салдарын анықтау.
Сұрау әдісі - ауызша сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі.
Тарихи салыстырмалы әдіс - зерттелетін проблема жайлы әдебиеттерді зерттеу.
Тезаурус - сөздің толық мағынасын ашатын анықтамалық сөздік.
Тезис - текстің ең маңызды жерін қысқаша мазмұндау.
Тәжірибелік маңыздылығы – тәжірибелік қызметке арналған, алынған нәтижелер қорытындысы, ұсыныстар; оқ-тәрбие үрдісіне табысты әср ететін дәрежелер.
Тәжірибелік психологиялық-педагогикалық зерттеу – бұл теориялық болжамдар мен тәжірибелік ұсыныстардың толықтылығына қатысты нақты білім алуға мүмкіндік беретін психология мен педагогика саласындағы зерттеулер.
Тәжірибелік деректерді алғашқы статистикалық өңдеу әдісі - бұл тәжірибеде жүзеге асырылатын өлшемдер нәтижелерін тікелей айқындайтын көрсеткіштер алуға көмектесетін әдістер.
Тәжірибелік деректерді екінші статистикалық өңдеу әдісі - бұл алғашқы деректер базасында оларда жасырылған статистикалық заңдылықтарды айқындауға көмектесетін әдістер.
Тәуелсіз мінездемелерді жинақтау әдісі - зерттелетін тұлғаға түрлі адамдар баға бере алатын тиімді әдіс. Мінездемелерді талдап қорыту - әр түрлі мінездемелерді талдап, жинақтауда кездейсоқ және мардымсыз тұжырымдар алынып тасталады.
Теориялық зерттеулер - әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.
Тест жүргізу - жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар әдісі.
Түзете сәйкестендіру талдауы - түзету коэффициенттерін анықтаумен зерттеуге негізделген математикалық-статистикалық талдау әдісі.
Тікелей бақылау - зерттелуші бақылау барысында тікелей көрген деректерді тіркейді.
Тест - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру.
Уақыты озған бақылау - белгілі бір уақыт арасында бақылау. Сонымен қатар педагогикалық үрдістің қорытындысын қашықтан бақылау.
Үлгілеу - педагогикалық үдеріс туралы теориялық көрініс. Үлгі тараптар элементтері жүйесін, педагогикалық үрдістің байланыстарын, қызметін шарттарын айқындайды.
Үздіксіз бақылау мүмкін - егер педагогикалық құбылыс тұтас ағымда және уақыттың қысқа мөлшеріне сәйкес болса.
Цитата - текстегі, әдебиеттегі пікірді сол күйінде беру.
Шолу - сын зерттеулер. Бұл зерттеуде мәселе бойынша жасалған, қажетті қорытындылар шығарылған тиянақты және аргументті сын ұсынады.
Шолу талдамалы зерттеулер- тақырып бойынша әдебиетті таңдау мен оқу, одан әрі материалдык мазмұнына талдау жасау.
Шығармашылық семинарлар - алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибелер талқыланатын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.
Эмпириялық суреттемені зерттеу - Бұл зерттеуде аз зерттелген нысандар немесе құбылыстарға қатысты кейбір жаңа леректер тәжірибелік жолменалынады және суреттеледі.
Эмпириялықтүсіндірмелі зерттеу - жинақтау мен талдау ғана емес, алынған деректерге түсіндірме беру.
Эксперимент педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу.
Әдебиеттер
Аубакирова Р., Нұрбекова М. Педагогикалық зерттеу әдістемесі. Астана, «Фолиант», 2011.
Асмолов А. Г. Психология личности. МГУ., 1990.
Анисимов В.Е., Пантина Н.С. Методологические вопросы разработки модели специалиста // Советская педагогика. - 1977. - № 5. - С. 100-108.
Бейсенбаева А. А., Иванова Н.Д. Методика организации научных исследовании студентов при выполнении курсовых и дипломных работ по педагогике. Алматы., 1982.
Береженева Е.В. Требования к курсовым и дипломным работам по педагогике. Москва, 1999.
Бернштейн М.С. К методике составления и проверки тестов.//Вопросы психологии,1968.№1
Волков Б.С. Методология и методы психологического исследования.-М.,2005. 288с.
Готтcданкер Р. Основы психологического эксперимента.-М. изд-во МГУ, 1982.-512с.
Гавриленко А.Г., Тусупова К.С., Тарасенко С.В. Оформление курсовых и дипломных работ. Семипалатинск, 2000.
Грабарь М.И., Краснянская К.А., Применение метематической статистики в педагогических исследованиях. М. 1977.
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. –СПб. 2003. 319 с.
Здравомыслов А.Г. Методология и процедура социологических исследовании. М., 1969.
Корнилова Т.В. Введение в психологический эксперимент.-М., изд-во МГУ. 1997.420с.
Корнилова Т.В. Психологические методы в практике высшей школы. - М., 1993.
Кохановский В.П. Философия и методология науки. Ростов-Дон. Феникс. 1999. 571с.
Леонтьев А.Н.. Деятельность. Сознание. Личность. М.,1977.
Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. - М., 1984
Менчинская Н.А.. Проблемы учения и умственного развития школьника.М.,Педагогика, 1989.
Математические методы в психологии. М., 2001. Юнита 1.
Математические методы в психологии. М., 2001. Юнита 2.
Математические методы в психологии. М., 2001. Юнита 3.
Математические методы в психологии. М., 2001. Юнита 4.
Панкратьев Е.И. Курсовые и дипломные работы студентов педагогического института. Семипалатинск. 1989.
Скаткин М.Н. Изучение и обобщение опыта школ и учителей. М., 1969.
Дж.Гласс, Дж.Стэнли. Статистические методы в педагогике и психологии. М., 1976.
Смирнова С.Л., Педагогика и психология высшего образования. М., 1995.
Статистические методы анализа информации в социологических исследованиях. / под ред. Г.М.Осипова. Наука. 1979.
Cмирнов С.Д. Педагогика и психология высшей школы. М. 1995.
Суходольский. Г. Основы математической статистики в психологии. Л., 1972.
Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика воспитания.-А.,2000
Психологические тесты. Ахмеджанов Э . Р. М. 1997.
Подгорных Е.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: Уч.пособие.- Екатеринбург. 2003.
Ядов В.А. Социологические исследования. –М.,1972.
Сулейменова Зауре Екпиновна
Әлеуметтік психологиядағы
ғылыми зерттеу әдістері
Оқу-әдістемелік кешен
Редакционно-полиграфический отдел
Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова
Подписано в печать 15.09.15 г. Объем 7,2 п.л. Тираж 20 экз.
Заказ №133
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған
Отпечатано в типографии
Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова
Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,