Сулейменова зауре екпиновна


Тақырып №14. Психологиялық тренинг



бет7/11
Дата08.06.2018
өлшемі1,76 Mb.
#41652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тақырып №14. Психологиялық тренинг

Жоспар


  1. Тренинг туралы түсінік

  2. Әлеуметтік- психологиялық тренинг сипаттамасы

  3. Психологиялық тренингтің түрлері

  4. Тренингтің мысалдары


Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат  ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.     

Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.

Бүгінгі  күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде белсенді қолданыста жүр.

Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Кейде осы терминді жете түсіну үшін (ағылшын сөзі experience - «өмірлік тәжірибе») қолданады.

Психологиялық тренинг – қоршаған ортаны тануға, адамдардың өмірлік тәжірибесі арқылы және  қарым-қатынас барысында түрлі жаттығулар мен пікірталас барсында сезінеді. Мұндай әдістер жасөспірім шақта ерекше маңызды болып келеді, себебі қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен адамдармен қарым-қатынасының шиеленісуі, жасөспірімнің осы проблемаларды шешуге деген ынтасы және өмірлік тәжірибенің аздығының әсеріне байланысты.  Тренинг бір жағынан барынша « жинақылыққа», екінші психологиялық жағынан түсіндіру, яғни тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған.Тренинг әдісі ретінде  қатысушылардың қандай да бір іс –әрекетті үйренуге бағытталған. Бірақ қандай шарттар іс-әрекетті үйретуге бағытталған? Адамның нақты іс-әрекеті: 1) белгілі бір әрекетті істеуге деген ынтасы 2) іс-әрекетті қалай орындау керек екенін білу 3) іс-әрекетті жүзеге асыру.     Психологиялық тренингтің түрлілігі. «Психологиялық тренинг»,  «әлеуметтік-психологиялық тренинг» терминдері бірмәнді ұйғарымға келмейді. Кең мағынада әлеуметтік-психологиялық тренинг – адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету, яғни танымдық процесстер – зейін, ес, ойлау және т.б. Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты:

- қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін).  


Психологиялық тренинг белгілері:

1.  Топаралық жұмыс принципін қадағалау

2. Топаралық жұмысқа белсенді әдістер қолдану

3. Тұлғаарлық әрекеттестіктің, қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына назар аудару

4. Қатысушылардың қарым-қатынастарының жағымды жақтарын ашуға арналған ұйымдастыру шаралары

5.   Еркін және жағымды атмосфера құру

6.   Тұрақты топтың болуын қамтамасыз ету

7.   Қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге бағытталуы

Психологиялық тренинг қарым-қатынасы келесі принциптерден құралады:

1. Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай  жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.

2. Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер  тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.

3. Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық  күйлерге  түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.

4. Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі.  Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.

5. Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»

6.  Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.

Топаралық жұмыстың келесі формаларын анықтауға болады:



  • Топ қоғамның кіші түрі болып анықталады.

  • Кез келген тұлға топта жаңа біліктілікті меңгреді

  • Топ ішіне ортақ мәселері бар қатысушылар бір-бірін қолдай алады

  • Топаралық қарым-қатынас ортамен жақын қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді

  • Топ өзін-өзі тануға, ашылуға және дамуға мүмкіндік тудырады

  • Қатысушылардың психологиялық мәселелерін шешу барысында жұмыстың барысы айқындалады

  • Топаралық психологиялық жұмыс бірнеше клиенттермен жұмыс атқаруға мүмкіндік тудырады

Психологиялық тренингтің түрлілігі

Психологиялық тренинг әртүрлілігімен сипатталады және әртүрлі негіздерге жіктеледі. Бірінші жағдайда негіз сыртқы көрініске, мінез-құлық салдарына, тұлғалық өзгеріске әкеледі. Екінші жағдайда негізгі нәтиже ішкі өзгерісте бірақ алдымен тұлғалық өзгерістер (өзін-өзі бағалауы, іс-әрекеті, басты құндылықтары) содан кейін мінез-құлығы өзгеруі мүмкін.

Қарым-қатынас тренингі осы тренингтер аралығында орналасқан. Ол қатысушының әлеуметтік дамуына ықпал жасайды, біліктіліктің жалпы дамуына әсер етеді. Ішкі және сыртқы өзгерістер бірқатарда іске асады.

Тұлғааралық қарым-қатынасқа байланысты келесі жіктеулерді қарастыруға болады:

Мен-мен: тұлғалық даму тренингі, өзіне деген қарым-қатынасы. Топ  қолдау көрсету мен бір-бірімен кері байланыс арқылы жұмыс атқарады.

Мен-олар: әлеуметтік біліктілікті арттыруға арналған қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

Мен-әлеумет: біріктірілген топтық тренинг, белгілі бір ұжымдағы әлеуметтік психологиялық адаптация арқылы жүзеге асады.

Мен-мамандық: тренинг өзінің мамандығын анықтауға арналған. Мамандықтың маңызыдылығы өзінің басқа іс-әрекетке қатынасы, коммуникативті біліктілігін дамытуға арналған.

Психологиялық бағдарлану тренингініің кең таралған түрі гуманистік психологияда психоанализ ижеясын қолданған 1947 жылы К.Левин анықтаған Т- тобы. Бұл анықтаманы тренинг сезімталдығы немесе тренинг сенситивтілігі деп те атайды. Қатысушылар біліктілігін қарым-қатынас барысында жоғарлатады. Т-топ жұмысының мақсаты қатысушылардың өзін-өзі тануы, сезімталдығының жоғарлығы болып табылады. Әлеуметтік біліктіліктің дамуыда жүзеге асады.

Гуманистік психологияда қалыптасқан кездесу тобы тренингі К.Роджерс қалыптастырған. Бұл топ тұлғалық  ішкі өзгерістердің өсуіне алып келеді. Бұл топты жүргізушілерге ең басты міндет сенімді атмосфера құра білуі, шынайы және де сезімталболуы, қазір және осында принципін қолдану қажет. Кездесу тобы тренингінде жоспар берілген материалдар бойынша құрастырылады. 1960-1970 жылдары Америкада топтық кездесу тренингтері танымал болды. Тренинг барысында арттерапиялық бағыттары бихеоверизмдік, гештальттық, психодрамалық бағыттары қолданылады. Психологиялық бағыттарды таңдау тренингтің мақсаттарымен жұмысы барысында анықталады. Егер де сауда тренингі өткізілетін болса, онда оның мақсаты тауарларды нәтижелі сатуға арналған. Бұл тренингте бихеоверистік бағыт жүзеге асады. Егер де басты мақсат өзіндік өсуге арналса онда басқа да бағыттарды қолдануға болады.

И.В.Вачков және С.Д.Дерябо тренингттік 4 парадигманы бөліп қарастырды.

1. Тренинг жаттығу ретінде. Жүргізу үшін басқа адамдардың өз өздерін кез келген жағдайда қалай ұстау керектігін анықтайды. Жаттығу барысында осы іс-әрекеттерін қалыптастыру.

2. Тренинг дайындық ретінде. Жүргізуші қатысушыларға ең басты біліктілікті үйретуді, нығайтуды мақсат етеді.

3. Тренинг жетекші ретінде. Жұмыс барысында шарт қойылады, яғни ол арқылы қатысушылар  тренингтік іс-әрекет жаттығуларын өздері орындайды.

4. Тренинг субъектінің дамуы ретінде. Басты мақсаты субъкетінің қабілеттілігін дамыту, оларды рухани және физикалық күшке бөлу. Тренинг түрі қатысушының дүниетанымын өзгертуге, өмірлік бағдарын дамытуға арналған.

Қатысушылар өз қалауынсыз тренингке қатысатын болса, берілген уақыт аз болса тренинг нәтижесіз және тұлғалық өсуі жүрмейді. Тренинг әсері қатысушылар өз рөлдерін атқарған жағдайда пайда болуы мүмкін. Жалпы тренинг қатысушылардың өз біліктілігін анықтағанда орынды болып табылады. Тренинг мәселенің шешімін анықтауға ғана емес жалпы мәселені болдырмауға бағдарланады. 


Топтық-психологиялық тренинг мысалдары

Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам. 

Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. 
Тренинг міндеттері: 

  1. адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 

  2. өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; 

  3. сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 
    сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; 

Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп. 
Тренинг құрылымы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау. 

ІІІ. Негізгі бөлім. 

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 

б) «Автопортрет» жаттығуы. 

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 

е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 

ІV. Қорытынды бөлім. 

а) «Жүйрік ой» жаттығуы. 

б) «Қайта байланыс» жаттығуы. 

Тренингтің жүру барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/ 


ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау 

- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтаыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын. 


ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 

- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. 

/ Психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./ 

Топта жұмыс істеу ережесі: 



  1. Бір-бірін "Визиткада" көрсетілген есім бойынша, атау. 

  2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 

  3. Болып жатқанға белсенді қатысу.

  4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 

  5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 

  6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. 

ІV. Негізгі бөлім. 

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын.... 

б) «Автопортрет» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 

Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 

Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. 

Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруға болады. 


Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша қатысушылар өзінің сыйлығын айтады. 

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 


е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. 


Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әркім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. 
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық. 

Тыныштық сәтін ұйымдастыру . 

ІV. Қорытынды бөлім. 

а) «Жүйрік ой» жаттығуы 

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 

- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 

- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 


- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз. 

б) «Қайта байланыс» жаттығуы 

Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
- Тренингте ең бірінші не ұнады? 

- Не ұнаған жоқ? 

- Өзің жаңадан не білдің? 

б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.


в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.
             Психологиялық тренинг

Тақырыбы: Мен таңдаған жол

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету

Қатысушылыр: 9, 11 класс оқушылары, ата-аналары

Мерзімі:

Өткізетін жері:

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

                                     Тренинг барысы

 1. Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету). Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана    болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»

                                                          Жоспар:



  1. Есімдер аллитерациясы

  2. Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер

  3. Ең-ең... (ойын)

  4. «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру

  5. Мамандықты тап (ойын)

  6. Мейірімділік алаңы (жаттығу)

  7. Бос микрофон

2. «Есімдер аллитерациясы» ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де бір

   жағымды қасиетін айтып шығады

 3. «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»

Мектептегі оқу пәндері - нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған   байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамндықтың мазмұнына көңіл аудару. Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің  таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмас істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін. Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек. Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

(Оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)

 4.  «Ең-ең...» (ойын)

Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа   парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :



  • ең жасыл мамандықтар

  • ең ақшалы мамандықтар

  • ең таза мамандықтар

  • ең көңілді мамандықтар

  • ең тәтті мамандықтар

2-3 минуттың ішінде топтың ішінде  ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек  және де топтың мүшесі  тізімдерімен таныстырып шығады.

 5.  «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы

Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы  интерактивті  тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігн және кәсіби қызығушылығын анықтау. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі.)

 6.  «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға  карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу керек.

    Хирург

    Фабрика басшысы

    Хатшы

    Кітапханашы

    Банк қызметкері

    Сатушы

    Мұғалім

    Бухгалтер

    Слесарь

    Дәнекерлеуші

 7.  «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)

Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл шөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға, жасыл шөптерге – ата-аналарға, күннің шауқтарына -  ұстаздарға арналған кәсіби бағдар таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.

 8.  «Бос микрофон» (рефлексия)

Еркін түрінде қатысушылар  психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
Тақырып №15. Студенттердің зерттеу жұмысының жүйесі және оның кезеңдері

Жоспар:


  1. Дипломдық жұмыстың құрылымы

  2. Дипломдық жұмысты безендіру

Дипломдық жұмыс студенттердің зерттеу қызметінің жаңа деңгейі, оқыту қызметінің бір түрі, оны курс бойында алған теориялық және практикалық білімдерін тереңдету үшін пайдаланады.

Дипломдық жұмыс – студенттің дербес шығармашылық зерттеу жұмыстарындағы педагогиканың өзекті сұрақтарына арналған жұмыс түрі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы курстық жұмыстың жалғасы деп санауға болады, рефераттың тақырыбы курстық жұмыспен толықтырылады, ал курстық жұмыстың нұсқасы дипломдық жұмыспен жалғастырылады.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болуы керек, ол қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымға сәйкестендіріліп, жоғары білімді мамандарды дайындаудағы тапрсырмалардың мазмұнына жауап бере алатындай болуы тиіс. Сонымен бірге студент өзінің бұрын айналысып жүрген тақырыбында ұсынуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы студентке практикалық жұмысқа жіберер алдында тіркеліп, бекітіледі. Сол уақытта дипломдық жұмыстың жетекшісі бекітіледі және студентке дипломдық жұмыстың тапсырмалары беріледі, ол жұмыстарды жетекші құрастырған және кафедра меңгерушісі бекіткен, сонда жұмыстың аяқталу мерзімі декөрсетілген

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.

Дипломдық жұмыс шамамен мынадай құрылымдардан тұрады.



  • Титулдық парағы

  • Мазмұны

  • Кіріспе

  • Негізі бөлім ( 2 тарау-6 бөлімнен)

  • Әдебиеттер тізімінен

  • Қорытынды

  • Қосымша

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС КӨЛЕМІ.

Дипломдық жұмыс көлемі 60 беттен кем болмауы керек, машина жазу текстінде және 80 беттен аспауы керек. Осы көлемге суреттер, кестелер, графиктер, қолданылған әдебиеттер тізімі кіреді.

Титулдық бет дипломдық жұмыстың бірінші беті болып табылады Титулдық бет дипломдық жұмыстын беттерін нөмірлеуге қосылады. Титулдық бетте беттің нөмірі көрсетілмейді.

Жұмыс тақырыбы мүмкіндігі бойынша қысқаша және мазмұнына нақты сәйкес келу керек. Тақырып үшін күрделенген терминологияны қолдану қажет емес, яғни ғылыми бейнелік сипаттағы сөз тіркестері. Көбіне қарастырылатын проблеманы қажетті шамада мәнін көрсетпейтін: " ............ зерттеуге материалдар», «....... ...... сұрақтар» және т.б. сөздерден басталатын дипломдық жұмыс атауларын қолданудан бас тарту ұсынылған Мазмұны: Мазмұны дипломдық жұмыстың құрылымы болғандықтан, ол оның мағынасы деп аталуы мүмкін. Анықталған талаптарға сай рәсімделеді. Рет-ретімен тараулары, параграфтар бет санымен көрсетіледі. Олар логикалық және дәйекті болып құрастырылуы керек; қысқаша және анық, мазмұнға дәл сәйкес болуы керек. Негізінен мазмұн 2 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің нақты тақырыптары көрсетілуі қажет. Мысалы: 1 Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу процесіндегі жанұяның ықпалы Осыдан кейін бірінші параграфтың тақырыбы жазылады. Ол -1.1- болып белгіленеді, әр параграфтың көлемі кемінде он бет болуы қажет. Бірінші параграфтан кейін екінші (1.2) одан кейін үшінші (1.3) жазылады. Соңынан 1-1,5 бет тұжырым жазылады.

Содан кейін екінші бөлім және оның негізгі тақырыбы жазылады. Олда үш бөлімнен тұрады.2.3 параграфы эксперимент тәжірибе жұмысына арналады. Сол бағытта тақырыбы болуы керек.

Кіріспе. Осы бөлімде мәселелер, тақырыптың өзектілігі, зерттеудің объектісі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің тапсырмалары, зерттеудің пәні, қорғалатын мәселе жаңалықтары қарастырылады, яғни кіріспеде дипломдық жұмыстың ғылыми аппараты берілуі керек. Ол 10 беттен кем болмауға тиісті.

Мәселе- ол ғылыми білімдегі белгісізден белгіліге қатынастың, практикада және ғылымда кездесетін қарама-қайшылықтардың шешілу дәрежесі, бұл белгісіз ғылыми білімнің көлемі, мәселелерді қарастыру, зерттеуші жетістіктің жетіспеушілігін қазіргі уақыттағы білімнің деңгейіне байланыстырады, жаңа факторларды және байланыстарды ашуда логикалық ізденісті табудағы ғылымда бар немесе қоғамдық практикада пайда болған жаңа сұраныстар алған білімдерін, жаңа білімге деген қозғалыстарға жетуді міндеттейді

Тақырып - бұл дипломдық жұмыстық аты. Тақырып зерттеудің көлемімен, оның мәселелерімен, зерттелудің объектісі және әдістерімен шектеледі. Онда ғылымда жеткен қатынастар және ескі табыстар мен жаңа табыстардың салыстырулары мазмұндалады.

Өзектілігі - қарастыратын жоғары мінездемелер бір-бірімен өзара байланысты, олар бірін-бірі толықтырады. Мәселені қарастырғанда және тақырыпты талдағанда зерттеудің өзектілігі дәлелденеді. Зерттеуші тақырыптың өзектілігін аша отырып, «Қандай мәселелермен жұмыс істеу керек?»-деген сұраққа жауап береді. Зерттеуші тақырыптың өзектілігін дәлелдеп, нақты мысалдар келтіріп жазу керек. Бүгінгі күн тұрғысынан келгенде өзектілігі неде? Соны нақтылау керек.

Зерттеудің объектісі- ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін объекті.

Зерттеудің пәні – қарастырылып жатқан зерттеудің объектідегі жағы. Мысалы, зерттеудің объектісі адам да болуы мүмкін, ал зерттеу пәні - оның ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты – нақты тақырыптан тууы керек ол қорытындының көрінісі. Зерттеудің мақсатын айқын көрсету, ол дипломдық жұмыстарды дайындау барысындағы ғылыми-зерттеулердің методологиялық мінездемелерінің бірі.

Зерттеудің міндеті: Міндет мақсаттан туады. Зертеудің міндеттері - бұл зерттеудің жалпы жолдары. Бұл анықтама зерттеу жұмыстарындағы мақсатты орындаудағы мәселелерді шешудегі негізгі қадам.

Болжам- ол дәлелденбеген, теориядан алынған ғылыми түсінік.

Қорғауға ұсынылатын сұрақтар - ол ереже бойынша процестің орындалуын, оның бекітілуін және құрылымды элементтерінің, критерилері, міндеттемелері, функциялары және т.б. Қорғалатын жағдайлар мазмұнды бөлімінің зерттелуіне жаңалық енгізіп, келесі бөлімді жазуда жаңашылықпен сәйкес болу керек. Сонымен бірге қорғауға ұсынылатын сұрақтар нақты мақсаттан туындауы керек. Қорғауға кемінде 3-4 сұрақ белгілену керек.

Жаңалығы - Жаңашылдық туралы сұрақ зерттеу барысының барлық жағдайларын қамтиды. Зерттеушінің тапсырмасы- жаңалық қайдан алынады, оның мазмұны қандай және қандай нәтижеге жеттің? Осының нәтижесінде ғылымда және практикада осы айтылған жаңалықтың ақиқаты ашылады. Берілген мінездемелер нақты зерттеулерде екі рет қарастырылады басында және аяғында. Бірінші бөлімде ғылымда, практикада зерттеудің жалпы мағынасы анықталады, нәтижесі көрсетіліп, онымен практикалық тапсырмаларды ғылыми мәселелермен тақырыпты және зерттеудің мақсатын анықтаумен шектеледі. Қорытынды бөлімде алынған нәтиженің мағынасы анықталады. Мұндай анықтама мазмұнды және нақты болуы қажет. Алынған нәтиже ғылымда немесе практикада қандай мағына көрсететінін зерттеуші өзінің тапсырмасында көрсетуі тиіс және осы бөлім жаңа білімде қандай қатынаста болуы қажет. Сонымен қатар тақырыптық ғылыми жаңалығы неде, ол несімен жаңа осы жағын ашу керек.

Негізгі бөлім. Дипломдық жұмыстың негізгі бөліміне жоспардың бірнеше бөліктері кіреді. Ол – бөлімдер. Олар екеу болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бөлімдер мынадай түрде бөлінеді.

Бірінші бөлімде:


  1. Сұрақтың тарихы

  2. Зерттейтін сұрақтың теориясы

3. Тақырыпты шешуші педагогикалық негіздер.

  1. Практикада және әдебиеттердегі үйренетін заттардың қазіргі уақыттағы көрінісі.

  2. Әдебиеттерге талдау жасау

  3. Авторлардың позициясына талдау жасау.

Екінші бөлімде:

1. Зерттеу барысында өз бетімен өткізілген жұмыстардың нәтижесі және ұйымдастыру әдістері жүргізілген эксперимент тәжірибелердің әдіс-тәсілдері, мазмұны және тәжірибенің педагогикалық-психологиялық жұмыстардың әдістемесі қарастырылады.

2. Зерттеудегі біліктілік пен дағды мінездемесі ( зерттеудің материалы бойынша)

3. Тәжірибедегі пеадагогикалық-психологиялық жұмыстарды суреттеу, тәжірибедегі жұмыстардың Дереклеева Н.И. Сынып жетекшісіне арналған анықтама. М:«ВАКО» 2003ж. 91-102 бет.



Қосымша. Ол зерттеудегі тексерістің хаттамасы, конспектілер, әр түрлі зерттеу жұмыстарының жоспарлары, әдеби шығармалардан алынған мәтін, иллюстрациялы материалдар, зерттеудегі суреттер, мұғалімдердің, ата-аналардың анкеталары, және т.б. болуы мүмкін.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ.

Жұмыс компьютермен келесі талапты сақтай отырып басылады; Дипломдық жұмыс текстінің беттері және оған қосылған иллюстрациялар, кестелер формат А4 бетінің бір жағында орындалады. Формат А3 бетінде кестелерді, иллюстрацияларды жасауға да жол берілген. Дипломдық жұмыстың мәтіні және басқа да элементтері ПК – дың жазатын және графикалық құрылымдарын қолданумен орындалады. Дипломдық жұмыстың тексті одинарный жол аралық интервал арқылы басылады. Редактор Microsoft Winword (версия 6.0 және жоғары) қолданылады, "Times New Roman" шрифт типімен жазу, № 14 шрифтімен жазылады.

Дипломдық жұмыстың мәтіні беттін келесі көлемдерін сақтау арқылы жазылады:

Сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20мм, төменгі жағы – 20 мм. Абзац төртінші белгіден кейін басталады (1 см).

Сын - пікір (ғылыми жұмыс туралы пікір) — зерттеулер нәтижелері мен негізгі қағидалар сын тұрғыдан бағаланады. Ерекше назарды теориялық қағидаларының өзектілігіне, зерттеу әдістерінің ұқсамайтындығына, алынған нәтижелердің дәлдігі мен жаңалығына, тәжірибелк пайдалылығына аударады.

Сын-пікірді құруда келесі жүйелікті сақтайды:



  • зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеу қажеттілігін;

  • идеялық және ғылыми мазмұнды, тілді, стильді бағалау сын-пікірдің негізгі бөлігі.

  • Зерттеу нәтижесін баяндау дәйектігі;

  • Иллюстритивтік материалды, зерттеу көлемін және баяндау қолжазбасын бағалау (толықтыру немесе қысқарту ұсынысы);

  • жалпы түйін; жұмыстың қорытынды бағасы.

Рецензенттің сыны түбегейлі, ғылыми негізделген, талғағыш, бірақ сонымен қатар зерттеуді жақсартуға ықпал ететін тілектес болу керек.

Баяндама немесе хабарлау автордың негізгі ғылыми қағидаларың, олардың практикалық мағынасын, түйіндеме мен ұсыныстар бар қысқа баяндама. Баяндама уақыты 10-20 минут, дәлел қысқа және айқын болу керек. Баяндаманың негізгі идеясын анықтап, майда-шүйде жақтарын айтып керегі жоқ.

Баяндаманы аудитория алдында оқымайды тек цитаталарын оқып, қалғаның өз сөзімен жеткізу қажет. Баяндамшының эмоциялығы, нанымдығы, пікір таласы тындаушының назарын аудартып, аудиториямен қатынас жасауға мүмкінік береді. Ғылыми баяндамада негізгі болып мазмұн және ғылыми дәлел жатады. Баяндау кезінде тілдің айқындығы, мәнерлігі дауыс ырғағына, қаттылығына және шапшандығына байланысты келеді. Байыпты, асықпай баяндай тыңдаушыларды баурап алады. Баяндамашыға сөздерді мағынасымен қолданып әдеби тілде дұрыс айтуын қадағалау керек. Сұрақтарға қысқа, мәнді жауап беп ғылыми нәтиженді бағалауа ибадаттылық білдіріп, оппоненттердің қатты айту жағдайында ұстамды пен әдептілік сақтау керек. Өзіндік сынау және іскер достық сынға сыйластық қатынас білдіру зерттеудегі кемшіліктерді жоюдың маңызды жағдайы.

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

Төраға

___________ Хамитова А.С.



« 19» 06 2014 ж.
Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

5В050300 «Психология» мамандығы студенттері үшін

Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәні бойынша

практикалық сабақтарға арналған



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет