Сјулеттік жобаєа ќойылатын шарттар мен талаптар


Технолгияны оқыту әдістемесі



бет18/23
Дата06.02.2022
өлшемі450 Kb.
#75499
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
3.1 Технолгияны оқыту әдістемесі

Әрбір мемлекеттің болашағы оның мектебінен, отбасынан шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында. Өйткені барлық мектептердің ішіндегі сан жағынан болсын алдыңғы орнында және мемлекеттік тілде білім беретін бұл мектептер еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде айрықша орынға ие. осы жерде біз алдымен, бүгінгі қазақ мектептерінде «технология» сабағындағы ұлттық қолөнер дәстүріне, жалпы этномәдениеттің даму жайына ерекше тоқталғымыз келеді. өйткені бұл сабақтағы қолөнер бұйымдарын оқушыларға жасату арқылы білім беру мәселесі тәуелсіз мемлекетіміздің мәдениетін нығайтуға себеп бола алады. Ал бұл салаға байланысты қазақ мектептерінде білім беру спасын арттыру оған қатысты сандық көрсеткіштердің өсуіне тікелей байланысты. Қазақ мемлекетінің түп қазығы қазақ мектептерінің желісі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері едәуір кеңейді.


Қазақ тілінде білім беру мазмұнындағы технология сабағы бұрынғы ақтаңдақтардан арылып, айтарлықтай байытылды, мұғалімдерге арналған қосымша дидактикалық материалды және олар байқаудан өтуде. Қазіргі кездегі іскерлік, еңбек заманында технологияның тез ауысуына байланысты адам өз кәсібін еріксіз өзгертуіне тура келетініне әлемдік тәжірибе куә. Осыған орай, еңбек пәні арқылы оқушылар, адамдағы әр түрлі бағыттағы іскерлік пен біліктілік және технология әлемінен, оның мәдениетінен жан-жақты танысуына тура келеді. Жалпы технологиялық өзгерістер және қоғамдық индустрияның әсері қазіргі кездегі жұмысшыларға жаңа функцтоналды талаптарды қоюға мәжбүр етті, ал одан алынған өнім бөліктеріне қойылатын талаптар күшейіп, жұмысшылардың іскерлігін жобалап, шығармашылық жұмыстарына жол ашылып отыр. Жұмысшылардың бұл қасиеті ерте жастан қалыптасып, оқу және еңбек мерзімінде де қатарласып дамуы тиіс. Соңғы жылдары технология пәнінің мазмұны, қолдану аймағы оның түсінігі күрт өзгерді. Қазіргі өзара тығыз байланыстағы кезде ол адамның материалды, көтеріңкі, сол сияқты әлеуметтік, бір-бірімен байланыс деңгейін іскерлігін қамтиды. Технология пәнін біз әдістемелік және жүйелік білім аймағы деп анықтаймыз. Оның ішінде адам баласының ынтасындағы материалдар, қуат және анықтамалар, қоғамды, табиғатты қорғау т. б. Технология бұрынғы әдістемелік мазмұнды жаңа талаптарға сай бағыттап оқытады. Оның негізгі оқыту бағыты сана сезімді дамыту, ондағы жаңа талаптарды қабылдауға және іске асыруға кең жол ашады.
Олар:
- аймақты кешенді ойлау;
- қажетті хабарларды өз бетінше іс жүзінде айқындау;
- тың білімдерден үздіксіз хабардар болу, олардың әдістемелік құрамдас бөлігін қайта жаңғырту іскерліктері т. б.
Батыс Еуропадағы көптеген елдерде оқушывларды еңбекке баулуға дайындау саласы 1988 бері өте кең көлемде өріс алған. Ұлыбританияда мемлекет аралық экономикалық одақтың құрылуына байланысты бес оқу құралдары бар. Олар:
- дизайн және технология;
- өнер және дизайн;
- ақпараттық технология ;
- бизнес;
- үй үнемі кәсіпкері.
Бұлар батыс еуропадағы технология мемлекеттік пәніне жаңадан енгендер. Оның басты мақсаты оқушыларды өмірлік еңбек жолына дайындау, тәрбиелеу. Болгарияда еңбек және технологиялық дайындықта 9-10 сынып оқушыларын оқытудың өте қызықты тәжірибесі жүргізілген. Ал ең негізгі роботты техника әдістемесі Германияда қарқынды дамуда. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан республика жалпы мектеп оқушыларын технологиялық дайындықтан өткізуде. Оның негізгі білім беру мақсаты оқушыларды еңбектегі іскерлікке дербес дайындау, ой-өрісі дамыған, білімді, мәдениетті, шығармашыл жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Бұл мақсат мыналарды көздейді:

  • жастардың дүниетанымын дамыту, техника негіздерімен, жаңа жетістіктер технологияларымен, экономикалық және кәсіпорындық білімін жетілдіру мен таныстыру;

- қолөнер материалдарын көркемдеп өңдеуде, соның ішіндегі еңбек мәдениеті, отбасында, ұжымда келіспеушілікті болдырмау.
Бұл үшін оқушылар қажетті мүмкіндіктерін анықтауы қажет. Олар:
- туындаған ойларды іске асыру;
- Технологияны талдау, өнімді, істі құрастыруды ойластыру;
- жұмысты жоспарлау;
- ұйымдастыру және орындау;
- жұмыстың әрбір кезеңіне баға бере білу;
- өзіңнің іскерлігіңді болжау;
- шығарған өнімдеріңді саутты тарату.
Қазіргі технология пәні мұғалімі, мектеп басшысы педагогтар ұжымындағы және сыныптағы жеке адамдар арасындағы қарым- қатынас қай бағытта, қалай жүзеге асатынын әрбір жеке оқушының өзіне, айналадағы адамдарға, еңбекке, қоғамға деген көзқарастарының дамуын бақылап, талдай білуі тиіс. Сонда ғана әрбір оқушының қандай ісмерлікке бейімділігін технология пәні мұғалімі оңай анықтай алады. Қоғам өзгерісіне қарай ой өзгереді, әсіресе нарықтық жағдайдағы экономикалық қиындықтар технология пәні мұғалімінің психологиясына әсер етпей қоймайды ( мысалы, шикі заттардың, тікелей қажетті материалдардың, балалардың жұмыс істейтін құрал-саймандарының жоқтығы немесе жетіспеушілігі т. б. ). Сондықтан қазіргі кездегі әлеуметтік мінез-құлықты, психологиялық, психикалық реттеу механизмдерін түсіне білудің маңызы зор. Технология пәні мұғалімінің, оқушылардың жақсы ынтамен жұмыс істеуге ынтасын оятуға мүмкіндігі бар, ал кәсіптік шеберлігін қалай шыңдатамыз деген сұраққа мұғалімнің де шығармашылық шеберлігі де қажет. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский «педагогтар ұжымының шығармашылық еңбегі мен мұғалімнің педагогикалық мәдениеті, оқыту ісіне басшылық, сабақты талдау, оқу жылын қорытындылау, мұғалімнің шәкірттермен қарым-қатынасы туралы айта келіп, оқу-тәрбие үрдісі ғылымның, шеберліктің, өнердің қосындысы » -деген.
Технология пәнін ғылыми тұрғыда басқару дегеніміз:
- өткен сабақтың нәтижелеріне терең де жан-жақты педагогикалық талдау жасау;
- іскерлікті оқыту мен оған тәрбиелеудің мақсатын жоспарлау;
- практикалық сабақтарда, оқу-тәрбие існде материалдық қаражатты және педагогикалық, рухани күш-жігерді аз жұмсап, жетістікке қол жеткізетін тиімді жолдарын іздестіру;
- оқушылардың ата-аналармен бірлесе отырып, тығыз байланыста жұмыс істеу, тәжірибе алмасу;
- технология сабағында оқу-тәрбие мазмұны мен әдістерін ғылыми негізде жүргізуді жетілдіру;
- оқушылардың іскерлігі мен біліктілігін, шығармашылық белсенділігін ұдайы көтеріп отыру т. б.
Технология пәні мұғалімі білімдар, іскер, тәжірибелі мұғалім, әрі психолог болуы тиіс. Сонымен бірге тәжірибелі әрі іскер мұғалім, өз ісін жетік біліп және оқушылардың талантын, шығармашылықпен ынтымақты еңбек ететіндігін, олардың достық қарым-қатынасын ажырата, сезе, байқай білгендігіне де көп нәрсе байланысты. Технология пәні мұғалімін толғандыратын, шешімін күткен мәселелер толып жатыр.
Олар:
- оқушылардың іскерлігі мен біліктілігіне, оған тәрбиелеуге қалай басшылық етукерек;
- мектеп өмірі сияқты күрделі механизмнің барлық бөлшектерін қамту үшін оқушылардың еңбегін қалай ұйымдастырып, жоспарлап бөлу керек;
- ата-аналарды балаларын еңбекке, іскерлікке, ұлттық қолөнер арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеуге қалай үйрету керек;
- мұғалімнің оқушыларға білім берудегі оларға басшылық етуде жоғарыдан формализм мен әкімшілік қыспағын жасауға қалай жол бермеу керек;
- оқушылардың білім алған іскерлік- еңбектеріне, біліміне, шеберлігіне тікелей немесе жанама түрде қалай араласу керек.
Технология сабағында әдістемелік кешендері оқыту жүйесін қайта құруды кең таралып кеткен үйреншікті кемшіліктерді жоюдан бастаған жөн, біздің ойымызша, олар төмендегілер:
- технология пәні оқушыларының жұмыс атқаратын аймағының ( обьектісін) жай-күйін;
- Оқушылардың біліктілігі мен іскерлігінің сапасы;
- жұмыс істеу кезіндегі мінез-құлқы;
- оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс;
- оқушылардың сабаққа қатысуы және т. б.
Бұл ережелерден хабарсыз болған технология пәні мұғалімі оқушылармен белгілі бір алдағы кезеңде атқарылатын іске немесе жұмысқа нақтылы талдау жасауды және болатын істің жоспарын белгілей алмайды. Бұл жұмысты ұйымдастырудың мәні менмақсатын жете білмей әрекет етеді. Оқу жылының аяғында, жыл бойы оқылған теориялық және сарамандық ( практикалық) білім берудегі жылдық жоспарға сай « Өткен оқу жылына талдау» - деген бөлімді жан-жақты қарған жөн. Өкінішке орай, біз тәжірибе кезінде мұндай талдауларды ешқандай мектептерден кездестіргеніміз жоқ, ал оның орнына оқушылардың білім жүйесінің төмендігін немесе іскерліктің қалай келгенін айтумен ғана шектелулер бар. Олар:
- мұғалімнің үлгермей жатқан оқушыны дер кезінде анықтай алмауы, оған бақылауды өте таяз жүргізуі;
- оқушылардың жасаған бұйымдарының кемістігіне талдау жасалмағаны;
- жасалған бұйымдарға салыстырмалардың болмауы немесе ол салыстырмалар сауатты өткізілмегендігі т. б.
Көптеген мектептерде жіберілген кемшіліктердің фактілерін санамалау бар да, кемшіліктің себебін ашу саласы мүлдем жоқ.
Сонымен, ең алдымен , технология пәні мұғалімдері өздерінің кәсіби білімін жетілдіруі қажет. Сонда ғана оқушыға жүйелі білім беріледі.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет