Сјулеттік жобаєа ќойылатын шарттар мен талаптар


Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда ұлттық өнеріміздің маңызы



бет17/23
Дата06.02.2022
өлшемі450 Kb.
#75499
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
3 Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда ұлттық өнеріміздің маңызы

Халықтың сәндік-қолданбалы өнері-көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі мен өшпес мұрасы. Сәндік – қолданбалы өнер туындылары – кез-келген ұлтың әдет-ғұрыпының, көркемдік салт-дәстрдің бет пердесі, сонымен бірге сол халықтың көркем тәжрибесі мен тарихының ескеркіші. Кейбір кезде осы бір сәндік қолөнері болсын басқа да мәдени мұраларымызбен руқани құндылықтрымызды танып білуге дәрменсіздік көрсетіп жүрміз. Сол себепті бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі қолданбалы сәндік қолөнерін жан-жақты зерттеп, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрдің мол мұраларын бойларына сіңіре отырып,тәрбилеу арқылы, бойларына рухани және эстетикалық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі өсіп отыр.


Сондай қажеттіліктің бірі халықтың қолданбалы сәндік қолөнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнер, әшекейлеу өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбилеуде тиімді пайдалана білу болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік және рухани өміріндегі жаңа бетбұрыстарға сәйкес жаңа талаптар қойып отырған кезде көркем білім мен эстетикалық тәрбиенің біздің қоғамдағы маңызы зор.
XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнынын ала білді. Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестывалық өнер жиынтығынан тұрады. Шын мәнінде осы қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, сәндік өнерлері ғасырлар қойнауынан бастау алады.
Халқы өзінің күн көріс тіршіліктің қажеттілігінен үй-жай салу, киім-кешек тігу, азық- түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсіп етіп, оларды күнбе-күн тіршілік барысында орынды пайдаланды және әсем бұйымдар жасап өмірде сән-салтанат құра білді. Бұдан біз халықтың творчествасын қандай түрі болса да халық өнерінен, сол халықтың қоғамдық тарихымен күнкөріс кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Көшпенділердің өмір салтымен, наным-сенімімен тамырлас жалпы күмбезді архитектураның дүниеге келуіне киіз үйдің әсері бар деген ой ғалымдар арасында кең тарап жүр.
Киіз үй бүткіл бітім-көркімен көшпенділер ұғымын бейнелейді. Көшпенді халықтардың сәулет, қолөнер, сурет өнерлерінің басын құрайтын ғажайып туынды – киіз үй. «Атамыз алаш, керегеміз ағаш» немесе «киіз туырлықты ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз қалдырған бабаларымыздың негізгі баспанасы киіз үй. Ағаш, ши, теріден ғана құрастырылған, әрі көшпелі тұрмыс тіршілігіне арналған киіз үй, дала ойшылдары мен тұрғындарының тапқырлық шешімі. Жалпы, киіз үйдің үлкен – кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі-үш қанаттан бастап, он екі, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Керегенің басы 70-80-нен 360-қа дейін барады. Хан сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан 30 қанатқа дейін барған. Қазақтың киіз үйінің шаңырағы, уықтары және оның ішкі мүліктері ежелден қалыптасқан тәртіппен жиналған. Киіз үйдің ішкі тысындағы мүліктердің баршасында тұтынушылық қасиетіне қоса, міндетті түрде символикалық мәні мол, жиһаздар,ою- өрнектермен безендірілген.
«Халықтың қолөнеріне әдет-ғүрып жабдықтарымне қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құралдар-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқым, арқан жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекелейтін болды. Қолөнерде көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы қолданылған әдістер архитеркура кеңінен қолданылып келеді» - деп жазды өнер зерттеуші Т.Бәсенов өзінің «Орнамент Казахстана в архитектуре» (1957 ж.) атты еңбегінде.
Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі сәндік ою-өрнектер ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалаған дінгектер-халық қолөнерінің тамаша туындылары. Қазақ халқының: «Өнер көзі-халықта», немесе «қарыс қазы-балықта, қалың қазна–халықта» деген мақалдары да өнер молшылығына туындаса керек.
Біздің халқымыздың мәдени құндылықтарының бірі ертедегі зергерлік өндірістің техникалық және көркемдік ерекшелігі із – түссіз жоғалып кеткен жоқ. Зергерлік өнер халықтың қолданбалы сәндік қолөнерінің басқа түрлері секілді тәлім­-тәрбиелік, эстетиқалық, танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбилегенде тиімді пайдалана білу маңызды. Халқымыздың қолөнері ішіндегі, зергерлік өнердің тамырының теренде жатқанын, ескі қорғаннан табылған «Алтын адам» киімінен көруге болады. Зергерлік өнердің туындылары жауға – айбар, жақынға – мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартатын болған. Және ұзатылатын қыздың сән-салтанатты, жасауы ретінде арнайы дайындалып, ұзату тойына берілген.
Қола мен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар ертеде ақ Қазақстаннан тыс аймақтарға да әйгілі болған.Геродот: «Қиырдағы елдер бізде өте аз кездесетін және өте қымбат бағалы заттар көп болады» деп қазіргі Қазақстан жеріне арнап айтқан.
Ә. Марғұлан Ежелгі мәдениет куәлары «Қазақстан» баспасы Алматы- 1966. б.71. Мамандар ескі рудниктер туралы зерттеулері өте ертедегі өндірілген мыс, мырш, алтын қорларының көп мөлшерде болғандығын растайды. Ол рудниктер металлургия өндірісін шикізатпен толық қамтамасыз ететін.
Б. з. б. І мыңыншы жылдары қола құю өнері ерекше өркендеген. Балшық, металл, тас қалыптарға тұрмыс қажетіне керекті заттар құйып алатын. Қазақ жерін мекендеген тайпалар құйып алу техникасының күрделі әдістерін меңгерген. Бұл жөнінде Тасмола зиратынан табылған және өте жақсы сақталған бірнеше қола қоңырауға тоқталған жөн. Олар «Қалыбын жоғалту» әдісімен (методом утраченной модели) құйылған. Б. з. б. І мыңыншы жылдары Европа мен Азияның далалы аудандарын мекен еткен халыхтардың көркемдік творчествасында өзіндік ерекше бағыт шықты. Бұл зергерлік әшекей бұйымдарға тікелей қатысты. Өнердің хайуанаттар дүниесінің бейнелерін басым пайдалану нәтижесінде, бұл жаңа бағыт «скиф-сибирьлік хайуанаттар стилі» аталып кетті. .
Б. з. б. бірінші ғасырларда, біздің өлкені мекендеушілерде «полихром стилі» аталған жаңа бағыт шықты. Жаңа бағыт көптеген техникалық және көркемдік ерекшеліктермен сипатталады. Бұл дәуірдің өнері түгел алтынға негізделген «полихром стиліне» тән тағы бір қасиет, бүйымдарды әшекейлеудің техникалық тәсілдердің алуан түрлілігі: инкрустация (түсті тастармен безендіру), скань (шымыр сымдармен шеттеу немесе көмкеру), зерен (негізінен алтын дәндер қондыру), бөліп тұратын эмаль (әрбір ұяшаларды арнаулы қоспалармен толтыру), тағы басқалар.
Қазақ қолөнер бұйымдары, киім үлгілері өзінің ою өрнегімен ерекшелінеді. Өнертанушы В. Чепелов «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін секілді» - деп жазған еді. Қазақ өнеріндегі оюлардаң негізгі тобы касмогониялық, зооморфтық, геометриялық және өсімдік тәріздес болып келеді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынын іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді: мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді.
Қазақтың ұлттық киім-кешектері жергілікті ерекшелікке бейімделе тігілген. Киімдер екі бағытта ерлерге және әйелдерге арналып, жас ерекшелігіне байланысты әшекейленіп, оюлар түсірілген. Жастарға арналған киімдерде әшекейі көп болып, кәрі кісілердің киімін өрнек аз немесе мүлде салынбаған. Киімдер сәнді және күнделікті киюге арналып тігілген.Сәнді киімдердің ою-өрнегі өте әсем, әшекейі көп болған.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқ қолөнерінің ғасырлар сынынан өтіп, бүгінгі таңға дейін жетуі және одан жетілуі оның өміршеңдігін, ұлттық киімдерді әшекейлеу әдістері мен түрлері халықтың салт-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқандығын көрсетеді. Қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын, сәндік-қолданбалы өнер түрі, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор.
Ертедегі грек ойшылдары адам жанында әлемге, қоршаған ортаға, өнерге деген эстетикалық талғамы, көзқарасы, сезім арқылы жетеді деген. Сол адам жанында әлемге деген эстетикалық көзқарасты жаратылыстың және өнердің сұлу заттары оятады. Осы өнер туындылары адам жанының әр түрлі сезімдерін сиқырлау арқылы адам жанында сұлулық толқындарын оятып, адамның өнер туындыларына, әлемге деген эстетикалық көзқарасын қалыптастырады.
.В.Г.Белинский айтқандай: «Сезім-білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де» Шәкіртің сезімі үлкендер таныстырған шығарманың тілін,әсемділігін, құндылығын,түсініп, оны ұғу процесінде дамиды.Ұлтық нышанда жасалған көркем шығарма өз ұлтық өнерінің әдемілігін түсінуге және қоршаған ортаны эстетикалық тұрғысынан қабылдауға,сонымен қатар этикалық түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың тек машықтылығын ғана жетілдіріп қоймай, олрды халықтың сәндік-қолданбалы өнер түрлерерімен таныстыру .
Ол негізінен, шәкіртердің бойында мынадай қасиеттерін қалыптастырып, дамытуға жағдай жасайды деп есептеймін:
а)Халықтық сәндік-қолданбалы өнер арқылы ол өз халқының мәдениетімен тарихынан мағұлмат алып танысады;
ә)Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері өзінің ұлтық бояу нақыштарымен ерекшеленеді, осы үлтық бояуларды эстетикалық үйлесімділігін бойына сіңіріп өскен шәкірт, болашақ шығармашылығында өзінің ұлттық нақыштарымен ерекшеленетін, өнер туындыларын өмірге әкеле отырып, ұлттық өнерді болашаққа жалғастырушы және насихаттаушы ретінде қалыптасады;
б) Жасөспірімге эстетикалық тәрбие беру барысында ұлттық мәдени мол қазынаны, рухани тәжрибені тануға үйрету оқушылардың ұлтжандық қасиетін қалыптастырып қоймай, оның сезімін тәрбилеп, көркем талғамын жетілдіруге игі әсер етеді;
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері, жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда және адамзаттың рухани мәдени байлығын тынымсыз суара беретін бұлақтың қайнар көзі болып қала береді.
Сондықтан біздің мақсатымыз – шәкірттердің сәндік-қолданбалы өнерді оқып зертеуге деген қызығушылығын артыру және оны эстетикалық тәрбие берудің құралы ретінде пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет