1. Интерерді безендіруге қойылатын шарттар мен талаптар.
Сәулетшілік өте ертедегі замандардан бері адамзат мәдениетінің қажетті бөлігі ретінде алғы беттен көрініс тауып келеді. Ол өз мазмұнында әлемді игеруге арналған және нәтижесінде бұл қызметтері көзге көрінерлік болатын жасампаз, шығармашылық қызметтер процестерін біріктіре отырып, оның жүйесінің көпқырлылығын, күрделілігін тудырады.
Қалалармен шоғырланған архитектуралық мұралар адамзаттың ұжымдық жадысы нысандарының біріне айналды. Архитектура осының арқасында қоғамның билігіндегі құндылықтар қорын тек тұрақты түрде кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ қоғамның өзін де тарихи уақыттағы өмір сүруші әлеуметтік жүйе ретінде бейнелеуге қызмет етеді.
Архитектура туындысының бірінші қасиеті – белгілі бір әлеуметтік мәнді мақсаттар үшін орынды ұйымдастырылған, адам сыйысатын және ол көзкөрімдікпен қабылдайтын кеңістік. Сонымен бірге мұнда тек ғимараттың ішкі көрінісіндегі (интерьеріндегі) сияқты жан-жағынан шектелген кеңістік туралы ғана емес, сондай-ақ сыртқы, ғимараттар мен имараттар көлемдерімен, жер бетін абаттандыру мен және жасыл екпелермен ұйымдастырылған кеңістік туралы да сөз болып отыр. Нақтылап айтқанда, «архитектура» ұғымына ғимараттармен бірге бүтіндей алғанда құрылыс кешендері және елді мекендер де кіреді. Оған ішкі кеңістігі болмайтын, бірақ сыртқы кеңістіктерді ұйымдастыруға арналған имараттар да (шарбақтар, қолайлы ашық алаңдар, жағалаулықтар, көпірлер, эстакадалар, автомагистральдар айырымдары, монументтер және т.б.) енеді.
Архитектураны, оны құрылыс қызметі түрлерінен бөліп алатын екінші маңызды қасиеті- бұл оның туындысына салынатын ақпарат. Бұл ақпарат өзіне адамдарың іс жүзінде бағдарлануы үшін, олардың психологиялық қондырмаларын қалыптастыру және тұлғаны тәрбиелеу үшін маңызды жалпы мәдиниеттік, сезімдік-эстетикалық және идеялық-көркем мазмұнды енгізеді. Сонымен архитектура тіршілікті ұйымдастыруға тек процестерді жүзеге асырудың қажетті шарттарын қамтамасыз ететін өз материалдық құрылымдарымен ғана емес, сонымен бірге әрі өзі алып келетін сол ақпаратпен де қызмет етеді. Сондықтан оның туындылары материалдық – тәжірибелік және ақпараттық-эстетикалық сынды екі түрлі құндылыққа ие.
Сонымен архитектураның маңызды үшінші белгісі – оның жүйелілігі.
Сәулет онері туындысы кеңістіктің белгілі бір бөлігін қалыптастыра отырып, сонымен бірге объектілер жүйесіне кіреді- ол ғимараттар кешенінің элементін тудырады; кешен, өз кезегінде, бүтіндей алғанда , қоныс тепкен орынның элементі болып табылады. Бұл ретте архитектуралық объектілер заттық- кеңістіктік ортаның – субъектімен бірлесіп әрекет ететін және оның мінез- құлқымен өзектендірілетін заттық-кеңістік қоршаған ортаның құрылымдық негізіне қаланады. Бұл жағдайда субъект ретінде жеке адам, адамдар тобы, қалалық қауыдастық немесе тіпті халық және адамзат бола алады – субъектімен жүйелік ұйымдастырудың орта қарастырылатын деңгейі анықталады.
Ортаны ескеру жолы сәулет өнері және дизайнға тән жүйелілікті мінез- құлықтар пішіндері мен олар қамтамасыз етілген материалдық құрылымдардың бірлігі ұғымымен, қоршаған ортаны «адмиландыруды» қажетті сапа ретінде бағыттай отырып, байланыстырады. Архитектура туындысы осындай адамиландырылған жүйенің бөлігі ретінде тәжірибелік пайдаланыста да, өзінің ақпараттық сапаларында да көрініс табады.
Ортаны жүйелі ұйымдастырудың әр алуан деңгейлері объектілердің әр түрлі санаттарына айналады. Жеке процестерді қамтамасыз етумен байланысты қарапайым деңгей заттарға немесе заттар тобына қалыптастыру – бұл дизайн саласы. Өзін ұйымдастыруға орнықты кеңістік құрылымдарды талап ететін күрделі, құрамдас қызметтер архитектура саласын анықтайды. Елдімекен (қала) құрылысы мен сәулет арасындағы шекара мейлінше шартты болса да, ортаны қалыптастырудың жүйелік міндеттерінің салаларын кеңейтудің нәтижесі елдімекен құрылысының – жаңа жерге қоныстандырудың және елді мекендерді ұйымдастырудың теориясы мен практикасының бөліктенуі болып табылады. Бір жағынан, архитектура проблемаларын шешу елдімекен құрылыстық деңгейде басталуы тиіс, өзге жағынан алғанда – кез келген елдімекен құрылыстық шешімдер архитектураға тән дәстурлі деңгей арқылы (ғимарат, ғимараттар кешені, ансамбль, ансамбльдер жүйесі) іске асырылады.
Біз бүгінде тығыз қоңыстанған, кенттендірілген әлемде тұрамыз. Қалалар неғұрлым өскен сайын, олардың құрылыстары тығыз болған сайын, соғұрлым жасанды ортаның сілімдерінің адамға және табиғатқа түсірер қысымы да барынша күшейе бастайды. Адамзаттық азаптан аман қалу проблемасына айналған экология проблемалары алдыңғы орынға шықты. Бірақ сауықтырылған орта туралы қамқорлық тек қана оның физикалық сапаларымен және де атмосферадағы және су қоймасындағы ластануды немесе табиғат жүйелеріндегі тепе-теңсіздікті алдын ала болдырмауымен ғана шектелуі мүмкін емес. Ортаның пішіндері мен адамның мінез-құлықтары арасындағы өзара байланыс әлеуметтік және психологиялық проблемалар- «мәдениет экологиясы» туралы да ойлануға міндеттейді.
Архитектураның үш сипатты – қызметтік, эстетикалық және құрылымдық ерекшеліктері болады. Архитектуралық ғимараттардың функциялары – бұл ғимараттардың қызметтері, олар көбіне бөлмелердің санын, олардың құрамын, олардың орналасуын және өлшемдерін анықтайды. Ғимараттың қызметтік мазмұны адамдардың күнделікті тәжірибеге сүйенген (утилитарлық) және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Сәулеттік имараттардың көркемдік құндылықтары ғимараттың сыртқы және ішкі келбетінің шешімімен анықталады. Витрувий, көне римдік сәулетші салынымдарға ол «ұнамдылық», «әсемдік», «мінсіздік» түрін қамтамасыз етуі тиіс деп атап көрсетті. Келбеттің жарасымдылығы, айшылықтығы әрбір ғимаратта көрінуі тиіс. Имарат тұрақты түрде оны пайдаланатындармен, оларға арналғандармен және мұнан өзге оны сырттан байқайтын сандаған адамдардың көзкөрімдігімен қабылданады. Барша дәуірлердің құрылысшыларының өздерінің салынымдарына кез келген бір түрде жарасымды келбет беру талап-тілегі де осыдан келіп шығады. Бұл жарасымдылықтың дәрежесі әр түрлі болады. Ол имараттың арналған мақсатына, оның жалпы салынымдар жүйесіндегі орнына және өзге себептерге байланысты болады. Ғимараттың көркем келбеті екі негізгі сәтті - жалпы- үйлесімдік пішіндерін және жеке, бөлшектік пішіндерді анықтайды. Жалпы архитектуралық пішіндер – біз ғимараттың үйлесімі деп атайтын – имараттың бас көлемдері, оның массаларын, пропорцияларын негізгі топтау. Жалпы архитектуралық пішіндердің ұғымына сыртқы ғана емес, сонымен бірге ішкі көлемдер де кіреді. Біз «жеке» пішіндер деп, ғимараттың барлық үйлесімділігіне қатыстылығы жағынан жеке сипат иеленетін архитертуралық (сонын ішінде сәндік) элементтерді ұғынамыз. Оған ернеулерді, мандайша қабырғаларды, балкондарды, терезелер мен есіктердің жақтауларын, имараттың сыртындағы және ішіндегі мүсіндік бөлшектерді және сәндіктің өзге элементтерін жатқызуға болады.
Жеке архитектуралық элементтер үлкен мәнге ие, олар ғимараттың негізгі көлемдерін толықтырады және аяқтайды, оларды иілімді түрде барынша айшықты жасайды, имараттың масштабын дәл айқындауға мүмкіндік береді. Бірақ сөйтсе де ғимараттың көркем айшықтылығы бүтендей алғанда, үйлесімділікке, имараттың жалпы массаларын топтауға, оның сұлбалығына , жалпы пропорциясына байланысты.
Сәулеткерлер қашанда өздерінің жабарарын неғұрлым үнемді әдісамалмен іске асыруға тырысады, бұған тек шығармашылық, жобалық әдістің дәлдігі болған жағдайда ғана қол жеткізіледі. Архитектор жұмысты бір мезгілде бірден үш өлшемде - жайғасымдармен, қималармен және қасбеттермен жүргізуі тиіс. Тек «үшөлшемдік», кеңістік елестетіп, көзге әкелу ғана оңтайлы сәулеттік шешімді қамтамасыз етеді. Архитектор үйлесімдікпен жұмыс істеу процесінде имараттың сыртқы және ішкі көлемдерінің барабарлығын жасауға тырысуы керек.
Жоғарыда келтірілгендей, архитектураның беріктікті қамтамасыз ететін үшінші жағы - құрылымдық ерекшеліктері. Имарат, ереже бойынша ұзақ уақытқа арналып салынады. Беріктік пен орнықтылық ғимараттың ұзақ мерзімге қолданылып тұруының маңызды шарты болып табылады.
Барлық «тариха» құрылымдық жүйелерді ұстап тұрушы (қабырғалар, жеке тұрған тіреулер) және жабушы – арқалықтар, күмбездер құрылымдарына жіктеп, бөліге болады. Барлық дәуірлердің құрылысшылары үшін айрықша күрделілікті әрқашанда жабуды құрылымдар тудырды.
Архитектураның құрылымдық жағы – ғимараттың үйлесімін анықтау кезінде маңызды және органикалық фактор болып табылады. Сонымен бірге құрылымдар өз алдына айтарлықтай эстетикалық әсер туғызуға қабілетті.
Сәулет өнерінің тарихи құрылыс материалдарының және олардан жасалған құрылымдардың тұрақты өзгерісіне күә бола алады. Бұл өзгерістерге өндіргіш күштердің дамуы мен өмір ұсынған жаңа міндеттер алғышарт жасады. Бұл өзгерістер тек дәуірлерден дәуірлерге ғана емес, сондай-ақ уақыттың неғұрлым шектеулі шеңберінде де өтті. Құрылыс материалдарының технологиялық ерекшеліктері көп ретте құрылымның сипатын да анықтайды.
Құрылыс өндірісінің құрылымдары мен технологиялары архитектуралық жүйелерді қалыптастырудың белсенді факторы болып отырады. Сәулеттік бейнеге де үлкен назар аударылады - ол туралы ұғым пішін тудыру әдіс-амаладарын, ғимараттардың, олардың қасбеттері мен интерьерлерінің жалпы тектоникалық және әсемдік айшылықтылығын анықтауға көп рөл атқарды.
Қызметтер және пішіндер, сәулеттік түрлер мен тәсілдер қатынастары проблемалары, сәулеттік пішін беретін бейне және оны іске асырудың әдістері проблемалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Сонымен, архитектураны дамыту процесінде және құрылыс ісінде ғимараттар типтерін әзірлеудегі және олардың ішкі жайғастыруындағы сияқты тұрақты және соншалықты ірі өзгерістер өтеді. Архитектураның құрылымдық , қызметтік және көркем ерекшеліктері тарихи процесс барысында өзгерген және қайсы бір кез келген архитектуралық стильде өзінің нақты көрінісін тапқан тарихи санаттар болып табылады.
Әрбір стиль белгілі бір дәуірде туады, онымен бірге эволюциялық дамуын өткереді және өшеді немесе одан көп ерекшеленетін және тіпті алдында-ақ оның шеңберінде қалыптасатын өзге стильге өтеді. Бұдан ертеде болған стильді, оның пайда болғанын анықтайтын дәуірді де қайта жаңғырту болмайтыны секілді, жасанды қалпына келтіруге болмайды деген қорытынды жасауға болады.
Архитектура – бір мезгілде әрі техника әрі өнер. Ғимараттарды жобалау және тұрғызу инженерлік –техникалық білімдердің негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге, ол өнер болып табылады, өйткені архитектор болашақ ғимаратты жобалай отырып, көркем сезімдік бейнелермен ой толғайды. Архитектор ғимараттың жобасын әзірлеуге арналған тапсырма алғанда, учаскені ойға ала отырып, құрылысқа бөлінген қаржылар туралы мәліметті иелене, алдымен болашақ ғимараттың бейнесін, оның келбетін, оның көлемдерін құрайтын негізгі пішіндемесін жалпы нысанда, сосын барынша нақты құруға тырысып, жобалауға кіріседі. Бұл шығармашылық процесс жайғасымды әзірлеу мен жобаланған ғимаратты құрылымдау жалғаса, қатар жүреді. Суреткер адамдар және табиғат бейнелерімен, ал архитетор – негізінен геометриялық пішіндермен ой тербейді, бірақ онда да және мұнда да көркем шығармашылықтың негізгі белгісі болып табылатын бейнелеп ойлау талап етіледі.
Архитектураның негізгі байланысты бөлімін интерьер және оған қойылған жиһаз мүліктері құрайды. Интерьерге бейнелеу өнері (живопись), мүсін, қолданбалы қолөнер бұйымдары жиі енгізіледі. Интерьер принципінде ғимараттың сыртқы бейнесіне стильдік және көркемдік жағынан сәйкес келуі қажет. Интерьермен стильдік жағынан біртұтас, онда ораналасқан заттар дүниесі болуы тиіс. Интерьер жаңа уақытқа қоғаи өміріне сәйкем талғам мен сәннің өзгерісіне негұрлым сезімтал және бейімделгіш келеді.
Сәулеткерлер шығармашылығың көрініс табуының жоғарғы түрі көркем - жайғастырушылық бірлігін иеленетін, бір-бірімен кеңістікті түрде әрекет ететін бірқатар архитектуралық ғимараттардың жиынтығы түріндегі архитертуралық ансамбль болып табылады. Архитертуралық ансамбльдер бірыңғай ойдың негізінде әрдайым бірден орнай бермейді, оның біртіндеп, ұзақ уақыт бойы қалыптасатын кезі аз емес.
Архитектура – бұл жеке ғимараттар ғана емес. Архитектура - бұл әрі көшелері, алаңдары және мүсіндері, павильондары мен кішкене көпірлері, алаңшалары мен суқоймалары, бақтары мен аллеялы саябақтары бар қалалар.
Бақтардың, саябақтардың жайғасымдауы және барлық кеңістіктік үйлесімі де «архитектура» ұғымының бөлігін құрайды. Бұл – бақтық- саябақтық архитектура.
Өнердің жинақталуы (синтезі) - сәулеттің, мүсіннің және бейнелеу өнерінің тығыз байланыстығы қашанда ерекше мәнге ие болады. Бейнелеу өнері мен мүсіннің басты мақсаты - ғимараттың бейне сипаты мен оның қызметтік ерекшілігін көркемдік әдістермен ашу. Бұған қоса бейнелеу мен мүсін архитектуралық кешеннің көркемдік-әсемдік айқындығын арттырады.
Сонымен сайып келгенде , сәулеткердің архитектуралық шығарманы – жеке ғимаратты, тұтас ансамбльді немесе қалаларды жасаудағы рөлі әрқашан жеке өзіндік, жауапты және көпқырлы. Егер оның туындысы қазіргі өзінің заманы бір дәуіріне үйлесімді және үндес болса, бүгінгі сұраныстарға жауап берсе және архитектурадағы келешек ағымдарды алдын ала сезіне білсе, ол назарды ләззатқа бөлей отырып және замандастары мен адамдардың көптеген келешек ұрпақтарының қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ғасырлар бойы сақталып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |