Сјулеттік жобаєа ќойылатын шарттар мен талаптар


Көркем безендірудің алғашқы әдістері мен жайғасымдары



бет14/23
Дата06.02.2022
өлшемі450 Kb.
#75499
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
2.2 Көркем безендірудің алғашқы әдістері мен жайғасымдары.

Бүгінде, жобалаушының қарауында, барлық дәуірлердің салынымдарының фото- және бейне жазбаларын қоса алғанда, ең жетілдірілген компьютерлік техника және мәліметтердің өте бай қоры да бар кезде, құрылыстық жобалаудың неден басталғанын және дағдылар мен әдістердің қалай жинақталғанын еске түсіру пайдалы-ақ.


Алғашқы мысырлық (египеттік) әулеттердің патшалық құру кезеңінен жобалаудың жайғасымдық шешімдер түрінде де қандай бір әрекеттері туралы мәліметтер қалмаған Дегенмен сол кездің алып және жетілдірген құрылыстары сәулетшінің ойы тапсырыс иесіне де, құрылыстың өзге қатысушыларына да қандай түрде берілгенің айтақтайды. Өкінішке орай, Көне патшалықтың қолжазбалары жойылып кетті, сондықтан сызудың әдісі болашақ имараттарды жобалауға қаншалықты мүмкіндік бергенін айту қиын. Өте дәл имараттар мен жекеленген құрылымдар көнемысырлық құрылысшылардың қарауында сызбалардың болғанына да куә бола алады. Құрылыс алаңшасында ғимараттың пішінін (контурын) нақтылы шамамен болу міндетті болды , ал мұнын құралы міндетін арқан қазықшалар атқарды.
Сондай-ақ, құрылыстың басталар алдында, мәселен, храмның жоспары (жайғасымы) және оның жекеленген бөліктерінің пропорциялары көрінетін үлгілерді (модельдерді) құру болғандығын да болжауға болады. Біздің осы күндерімізге дейін жалпы жоспарлар мен олардың жеке бөліктерін алдын ала әзірлеудің тәжірибесін дәлелдейтін тиісті суреттері бар папирустар, граффиттер (жартастағы бейнелер) және үшкілдер (тастардың бөлінген кесектері, сынықтар) жетіп отыр.
Мұнан өзге, көнемысырлық сәулеткерлердің сызбалары қазіргілермен салыстырғанда қарапайым болса да, ол сызғыш бойымен түзу сызықтармен дәл орындалған ортогональды проекциялар түрінде болып келеді. Сызықтар қара немесе қызыл араласқан қара бояулармен жүргізілген , ал кейде есік ойықтарында сары бояумен сырланған.
Храмдық ғимарттар жайғасымдары храмдардың өздерінде сақталған, бұл жөнінде бізге дейін жеткен қабырғадағы жазбалар куәландырады.
Ежелгі Мысыр дәуірі- сәулет өнері шығармашылығы дамуының храмдарда, сарайларда, мазарларда әсерлі көрініс тапқан неғұрлым ерте дәуірі. Бірақ осы уақытқа дейін мысырлық сәулеткерлердің шығармашылық әдісінің құпиясы әлі ашылған жоқ Алайда бұл, француздық мысыртанушы Масиероның пікірінше, жұтаң көне тұрғылықты жайлардан ешқандай айырмасы жоқ жаппай тұрғын үйлер имараттарына қатысты емес және әрбір тұрушы тұрғын үйді күнге кептіргеннен кейін берік кірпішке тез айланатын Ніл өзенінің лайын пайдалана отырып, жеке өзі тұрғызған.
Ұрпақтардың жадында өшпестей боп қалған аты аңызға айналған имараттар тек өзінің нышандық мәні арқылы, сонымен бірге және сәулеттік- құрылыстық өзгешеліктерімен де Ежелгі Мысыр және Месопотамия сәулеткерлері мен құрылысшыларының сөзсіз шеберлігі жөнінде куәландырады.
Архитектураны құрметті санағаны соншалықты, бізге белгілі патшаның ең көне месопотамиялық бейнелерінің өзінде монархты тізесінде бекініс жоспары және өлшеу аспабы жатқан архитектор ретінде көрсетеді.
Месопотамиялық құрлысшылар көптеген ғылымдардан хабардар болды, архитекторлар да жоғары білімді саналды: олар сауат ашумен қатар арифметиканы, геометрияны және алгебраның басын меңгере білді, квадраттық теңдеуді шеше алды, төңіректің ұзындығын және дөңгелектің алаңын есептей білді.
Құрылыстық экономикалық жағы туралы неғұрлым қызықты мәліметтер Хамурапидің (б.з.б. XVIII ғ.) билік жүргізген уақытына жатады, мәселен, қараушылардың Умма қалаларының олардың иелігіндегі жұмыс күшін пайдалану туралы жылдық есептерін атауға болады. Бұл кестешелер беттік және артқы жағы жазылған ұсақ сына жазумен толтырылған кірпіштің үлкен пішіні түрінде болып келеді. Мәтін (текст) мынандай үш бөлмеге бөлінеді: жұмыс күшінің жалпы саны; бұл күштің қолданылуы туралы мәліметтер; жұмыс күшін және оның шығынын белгілеуші баланс. Кестешелердің бірінде еңбек шығындары туралы мынандай қызықты мәліметтер келтірілген: 20 жұмыс істеуші және 360 жұмыс күні көрсетілген; онан әрі қараушы 20 жұмысшыға емес , бір күнде жұмыс істейтін 7200-ге сүйеніп жұмыс жүргізген . Сол сонау ертедегі дәуірде бүгінгі «адам-күн» ұғымын дәл бейнелей алған болуы мүмкін, бірақ мұнымен есеп біткен жоқ: осы қараушыға өзгелермен ұсынылған жұмыс істеушілердің мөлшерлері туралы да және ақырында, 1813 адам – күн (жалдамалы адамдар ескеріліп) туралы да баяндалған; мұның барлығы қосындыланған. Сонымен «жұмыстарды жүргізушінің» алда тұрған жұмыстар көлемі, бұл үшін қажетті жұмыс күші туралы айқын түсінігі болды. Еңбек шығындары нормалары бізге дейін жеткен кестелерде сақталған. Бір күндегі бір адамға арналған есепте былай көрінеді: қабырғаны қалау – 1,5 м³; кірпішті -360 м қашықтыққа тасу - 1 м³; каналдарды 1 шынтаққа (0,5 м) дейін терендікте қазуға арналған жұмыстар көлемі - 6 м³; сондай 2-3 шынтақтар -3м³ (топырақты себеттерде тасу қажеттігіне байланысты болуы мүмкін).
Антикалық уақытта жобалаудың әдістерін, әсіресе, Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде жетілдірді. Тұрғын үйдің тпін жасап шығаруға тек көп жылдық тәжірибе мен халық даналығы ғана мүмкіндік беретін еді. Зерттеушілер эллиндік сәулеткерлердің еңбектерінің әр жақтылығы бәрінен бұрын ірі тапсырыстар бойынша жұмыс істейтін неғұрлым белгілі сәулетшілер үшін сипатты екендігін атап көрсетті; кәдімгі жеке тұрғын үйлердің құрылысшылары неғұрлым бір текті жобаларды орындады. Сәулетшілердің жалпы шоғырынан спорттық имараттардың жобалаушылары дараланып бөлініп шыққаны қызық.
Қала-мемлекеттердің (полистердің) (құл иеленуші дәуірдегі) сәулеткерлері маңызды мемлекеттік құжаттарды халыққа хабарлау үшін тас тақталар дайындауды ұйымдастырды. Сәулетші жұмыс құжаттамасын дайындауды қалай аяқтасымен, құрылыс әкімшілігі солай саудаларда құрылыстың барлық бөліктерінің мердігерлігін өткізді. Құрылыс комиссиясы мен мердігерлікті алған тұлға арасында берілген құрылыс тапсырысы шарттары, оны орындау мерзімдері және жиі түрде – келісімді бұзған келісуші тараптарға қолданылған жазалау шаралары белгіленген шарт жасалды.
Грек сәулетшілері жобаларын сызбалармен және үлгілермен құрастырғанына еш күмән келтіруге болмайды. Гректердің демократиялық құрылысы сәулеттік түпкі ойларды көрнекі түрде көрсетуді міндеттеді. Периклдің халық жиналыстарында Акропольдегі ғимарат жобаларын қорғағаны мәлім. Олар тек сызбаларда ғана ұсынылмаған болуы мүмкін, жобалар үлгілер түрінде ұсынылған ойлауға болады. Бірақ үлгілер салынымдардың өздері секілді әдетте сызбалар бойынша құрылады. Сәулетшіге қалалық билік тарапынан жұмыстарды тапсырудың өзі жариялылықты талап етті, ал жобаны бекіту өте демократиялық түрде ерекшеленді. Өзін «арзан, үздік және жедел» тұрғызатындығын дәлелдеген авторды таңдау жүргізілетін конкурстар жарияланды. Таңдау жасалған авторға жобаны заттай өзін орындау да жүктелді.
Ғалымдар ірі жұмыстарға жасалған құрылыс құжаттарының мәтіндерінің мағынасын ашуға көп назар бөледі. Тас тақталарда ойып жазылған бұл мәтіндер жалпыға бірдей шолып қарауға қойылды. Мәселен, афиналық халықтардың Пирея қаласының қабырғаларын және Ұзын қабырғаларды тұрғызуға арналған келісімі пританияның хатшысына қаулы мәтінін және сәулетшілер әкелетін мердігерлік жұмыстар туралы жоғарыда айтылған шарттарды ойып жазу жөніндегі нұсқауында көрініс тапқан.
Әдетте барлық бұл құжаттарда мердігерші істеуі қажет жұмыс, оны орындау ережелері толық сипатталған және материалдық шарттар ескертілген: мердігерді алушының, бір немесе бірнеше кепілдік берушілердің есімдері келтірілген. Келісім жасаушы кепілдік беруші (кепілдік иесі) өзінің ақшасымен немесе еңбегімен мердігерші алған міндеттемені қамтамасыз етуге міндетті болды.
Ертедегі Римде кейде мемлекеттік қызметкерлер де өзін архиктураға арнады. Император Адрианның жобаларымен бірнеше ірі ғимараттар тұрғызылғаны мәлім. Сәулетшілердің негізгі дені жеке тапсырыс иелеріне, мәселен, атақты саяси қайраткерлерге, соның ішінде 22 үй иеленген және бес сәулетші қызметін пайдаланған Цицеронға қызмет көрсете отырып, қарапайым орын алды. Сәулетшілер көбінесе жобалау еңбегін және салынымға басшылықты бірлестіріп отырды. Сәулетшә мердігерші болған жерде, ол таспырысты алу үшін конкурсқа (саудаға) қатысты. Бұл үшін жобаны құрастыру міндетті болды. Оны жарғақтарда (пергаменттерде) сызды, бірақ тапсырыс иелері өзінің болашақ имаратының үлгісін көруді артық санады. Имараттың, өзгеше смета түріндегі, құнының есебі міндетті болды. Сызбаларды мәрмәрлық тақталарда орындау тәжірибе жүзінде қолданылды.
Ертедегі Римнің архитектурасын «тараулардың» мынандай бағыттары бойынша қарастырды: ординациялар, яғни, жобалаулар; диспозициялар , яғни, жайғасымдаулар; «эвритмияларды» сақтау – үйлесімдер, «симметриялар» - мөлшерлестіктер және «декорума» - қоғамдық орындардың бекіткен тәртіп ережелері; дистрибуция, яғни, ресурстарды бөлу.
Ординациялар «ғимараттардың, жекелеп алынған мүшеленуінің оларды табиғи бөлуге және ғимарат қатыныстыраның оның нақты масштабына бүтін пропорциональдығының қалыпты сәйкестігінен » көрінеді.
Диспозиция ғимарат элементтерін жоспарлы орнастыру, үйлесімдік тәсілдерді және көркем мәнерлілікті іздеу түрінде болып келеді. Диспозицияның грекше аспектілер деп аталған түрлері мынандай: ихнография (сөзбе-сөз алынғанда – ізжазу), ортография (тікжазу) және сценография (сахнажазу), яғни топырақтық , нобайлық, маңдайалдылық , беттік, көріністік.
Ихнография (ізжазу) (горизонтальды проекция) циркуль мен өлшеуіш сызғыштың нәтижесінде ғимараттың белгіленген сұлбаларының горизонтальды проекцияларының құрылыс учаскесінде қатысты әрекеттерін үйлестіру.
Ортография (тік беттік жобалау) – ғимараттың қасбетін оның болашақ бейнесін суреттейтін нақты қатаң дәл есептерімен бейнелеу.
Сценография – қасбеттің, бүйірлерімен және брлық сызықтарды оның доғаларын белдеулеуші орталығына «өзгертумен», оның кейін кететін көріністік жобалауы және жиексызбасы.
Эвритмияны сыртқы түрдің тартымдылығы және оның үйлесімді бейнесі ретінде түсінді. Ол ғимаратты мүшелеу кезінде вертикаль және горизонталь параметрлер үйлесімді ара қатысты болғанда көрінді. «Симметрияны» , яғни мөлшерлестікті осындай жолмен анықтады. Бұл жағдайда жоба негізіне адам денесінің бөліктерінің ара қатысы алынды. Оның эвритмияларының (үйлесімдерінің) қасиеттері – адам денесіндегі секілді дененің басқа бөліктерімен қатар шынтақтан, табаннан, өкшеден, саусақтан алынған өлшемдердің мөлшерлестігінің қасиеті.
Декорума – ол сол уақыттағы жалпы қабылданған түсінікке сәйкес ғимараттың ішкі тыныштығының әсем күйінің оның есік алдына (шерулік кіреберісіне) сәйкестігі ретінде түсіндірілді.
Жобаның сонғы, аяқтаушы бөлігі дистрибуция, құрылысты орынын орынды үлестіру, иелік ету және «шығындарды саналы есептермен үнемді реттеу» болды. Дистрибуция , егерде сәулетші іздеп табуға болмайтын нәрсені іздемейтін болса немесе басқаша жағдайда ірі шығынның бағасы ретінде есептелген жағдайда сақталған деп саналады.
Дистрибуцияның (немесе экономикалық есептің) өзге жоғары сатысы қожайындары оны қаражаттық табыстылығына сәйкес бейімдеп иелік еткенде көрінді. Витрувий астаналық үйлер мен ауылшаруашылық үнемдерден өнімдер тасқындап түсетін үйлерді әр түрлі пайдалану керектігін жазды.
Құрылыс басталар алдында жобалардың, яғни сызбалардың, есептердің және сметалардың дайындалғаны жөнінде ешқандай кумән болмауы тиіс. Күмбездердің және тоғыспалардың үлкен салмағына байланысты құрылымның беріктігінің математикалық есептеулерін жүргізу қажет болды. Бұл осы құрылыстағы кернеу неғұрлым көп болатын күмбез тірегі аймағындағы тоғыспалардың жұқа қималары немесе жұқа аралықтар секілді көптеген жетістіктерімен дәлелденді. Күмбездердің, тоғыспалардың, қақпабағаналардың беттері мен көлемдерінің есептеулерінің формулалары болды. П (пи) шамасы барынша дәл алаңды , материалдың қасиеттері белгілі болды, күрделі құрамды бетон мен ерітінділер қолданылды. Сейсмикаға қарсы шешімдердің тәжірибесі қолданыста болды, имараттың орнықтылығының шарттары зерттелді.
Сәулеткерліктің көтерілуі ХІ ғасырдан бастап, феодалдық бытыраңшылдықпен күресте корольдік туған Франция аумағында неғұрлым айқын байқала бастады. Қалаларда сәулет өнерінің қайта өрлеу процесі романдық кезінде (Х-ХІІ ғ.ғ.) көрініс тапты және готикалық кезенде (ХІІ-XIV ғ.ғ.) айтарлықтай биіктерге жетті.
Ортағасырлық имараттардың жобалары мен сызбалары сақталған, мәселен, Сан-Гален монастырының жоспарындай әжептеуір сұлбалы болып келеді, ХІІ ғасырда сызбалар барынша мұқият және толық орындалған. ХІІІ ғасырдан бастап сызба өнері жедел өсті, XV ғасырға қарай Францияда, Англияда, Германияда жобалар жоғары деңгейде орындала бастады, имараттың үлгілері (модельдері) дайындалды.
Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуіріне жобалау ісі дамуының сәулеткер Ф.Брунеллески шығармашылығында айқын бейнеленген келесі кезең жатуы мүмкін. Ол инженер, суретші, кәсіпкер және қоғамдық қызметте белсенді болған. Бұл кезеңді сәулеттік ілімнің онан әрі гүлденуі ретінде де және, мәселен, Флоренциядағы күмбезді соборды тұрғызу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған мехиникаландыру енгізумен байланысты инженерлік тәсіл ретінде сипаттауға болады. Ф.Брунеллески бірнеше аспалы крандар жасады, олардың үлгілерін сынауға көп жылдарын арнады. Мұндай механикаландыру материалдарды 60 метрден астам биіктікке көтеруге және тастарды тоғыспалардың кескінімен дәл қалауға мүмкіндік берді. Мұнан өзге тапқырлық білдіре топыраққа емес, тоғыспаның қалыбын үйлесімді құрылымдады.
Бұл дәуірдің жаңа стилінің сипаты қабырғалар жазықтық ретінде қарастырылатын бұрынғы сәулет өнерінен кейінгі қайта өрлеу дәуіріндегі көлемдердің архитектурасына өтуден көрінді. Бұл шығармашылық ойлаудың өзінің әдісінің өзгеруін білдірді, өйткені екі өлшемді геометриядан үш өлшемдіге өту талап етілді, бұл үшін сәулеткерлерге өздерінің математикалық білімдерінің деңгейлерін арттыру қажет болды.
Ортағасырлық еуропалық қалаларда қуатты бекіністі қабырғалармен белдеуленген аумақтарда қорған, шіркеу соборы немесе сауда алаңы төңірегінде қисық және тар көшелер торабы қатарлас салынды. Қала қабырғаларының орнында, орталықтан қала бекінісінің қақпасына бастайтын , тармақталған көшелермен бірге үйлесімде қалалардың сипатты тарамды-сақиналық (сирек желпуіш тәріздес) құрылымдарының қалыптастырылуын белгілеген сақиналы көшелер пайда болды.
Қалалардың көпшілігі алғашқы кезінде қандай бір абаттандырудан болсын құралақан жұрдай болды. Қалалық бекіністермен қорғалған аумақтардың шектеушілігі қала құрылысының көп қабатты тұрғын үйлермен және қоғамдық ғимараттармен өте тығыздалуына алып келді. Орыс қалаларында үлкен қалыптастырушы мәнге кремльдерге ие болды.
Қазақстан аумағындағы алғашқы отырықшы елді мекендер (кенттер, қалалар) және олардың жоспарлық жайғасымы көптеген зерттеушілердің мағлұматтары бойынша, біздерге антикалық дәуірден (б.з.б. III ғ. – б.з. IVғ.) қалған қала қорымдарынан, қорғандардың жер суландыру құрылыстары бар арықтардың орнынан белгілі. Олар: Ботай, Жартөбе, Қаратөбе, Жуантөбе, Майбалық, Қосқоңыр, Жұмабай төбе, шерік-Рабат, Бабыш-молда, Баланды, Күйік қала, Жетіасар, Қызыл Аңғар, Битянь, Топырақ Қала, Шигі және т.б. Өзінің кескіндері бойынша аталған кенттер алуан түрлі болып келеді: жоба пішіні дөңгелек, сопақ, көп қырлы, тік.
Баспана тұрғызу қазақ даласында ежелгі заманнан бастап орныға бастаған. Ескі деректер мен ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, тұрақты мекен-жайлардың алғашқы үлгілері бір жағынан үйреншікті түрде - аңшы қосының сұлбасын жаңа материалға қайталап салу жолымен, екінші жағынан – оңтайлылығы жан-жақты көріне бастаған шымның, сазбалшықтың, шабақталған бұтақтың, тақтатастың ерекшеліктеріне орайластырылған жаңа түрлер қарастыру арқылы қалыптасқанға ұқсайды. Мысалы, қазаққа тән тұрақты мекен-жайдың ең көне нұсқасы – шошаланы алсақ, оның құрылымдық жағынан ғасырларды артқа салып, аздаған өзгерістерге түскенімен, негізінен аңшы қосынын қайталайтыны анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет