апаттарға алып келетін төтенше жағдайлар. жалпы ережелер
1)Төтенше жағдайлар пайда болу сипатына, түрі мен тегіне, ауқымына, ұзақтығы мен таралу қарқынына, жағдайдың күрделілігіне және салдардың ауырлығына, және т.б факторлардың болуына байланысты табиғи және техногендік сипаттағы тж болып бөлінеді.
2)Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жер сілкінуі, су тасқыны, сел және қар көшкіні, дауыл, қардың қалың жаууы, нөсер жаңбырлар, ауа температурасының күрт өзгеруі, шаңды борандар, өрт және де басқа табиғи апаттар жатады.
3)Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға:
1. өндірістік апаттар (кәсіпорындардағы апаттар, өрт және жарылыстар, жабдықтың сынуы, техногендік сипаттағы өндірістегі қайғылы жағдайлары; мұнай және мұнай өнмдерінің су көзіне тасталуы);
2. радионуклидтер, улағыш заттектер мен улы заттардың лақтырысы болған апаттар;
ғимараттар мен құрылыстардың қирауы (көпірлердің бұзылуы, тасбөгет және су қоймасының опырылуы;
3. көлік апаттары мен оқиғалары (су, темір жол, автомобиль , мұнай және газ магистральдық құбырларында және де басқалары жатады.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымдары, оның ішінде сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелері істен шығарлуы мүмкін.
4)Сумен жабдықтау көздері үшін ең қауіпті болып суларға улы қалдықтардың, оның ішінде радиобелсенді қалдықтардың тасқыны,жаңбыр не қар суымен ағып келіп түсуі саналады.
Қалалардың шекараларын кеңейту барысында өндірістік кәсіпорындар қаланың ішінде немесе оларға өте жақын болып шығуы мүмкін.Осының салдарынан олар экологиялық ластанудың және әртүрлі ТЖ пайда болу көзіне айналады.
Қазіргі қалалар үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды, сарқынды суларды жинау және жою, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, топырақты тазарту және қайтару, жер асты және жер үсті суларының сапасының нашарлауын тоқтату мәселелері маңызды болып табылады.
5)Сумен жабдықтауда негізгі ТЖ былай бөлінеді:
1.сумен жабдықтау көздеріндегі апаттар.сумен жабдықтау жүйесіне суды ластайтын және залал келтіретін бөтен заттардың түсуі;
2.су алынатын жердегі химиялық қауіпі бар нысандардың қирауы (хлор және реагент шаруашылығы);
3.шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз етуі қажет су көздерінің суалуы немесе ластануы.
6) су бұрудағы негізгі ТЖ-лар былай бөлінеді:
1.технологиялық жабдықтардың сынуы немесе апатқа ұшырауы, су бұру жүйесінің бітеліп қалуы;
2. су бұру жүйесіне дұрыс тазаланбаған сарқынды сулар тасталуы мүмкін электр станциялары мен энергиямен қамту жүйелеріндегі апаттар мен диверсиялар;
3.сарқынды су жинақтағыштардың тасбөгеттерінің, шлюздарының бұзылуы, өзен-сайлардан дюкерлік немесе өтпежолдардың қирауы;
5. қатты минералданған сумен жерді суарғанда оның тұздануы.
7)Техногенді сипаттағы көптеген ТЖ;
өндірістік апаттар,магистральдық құбырлардың қирауы, ,өрт, қауіпті химиялық және биологиялық заттардың төгілуі, радиобелсенді ластану сумен жабдықтаудағы апаттар мен ақауларға, су көздерінің ластануына әкеп соқтырады.
8)ТЖ-да зардап шеккен адам санына, материалдық шығын өлшеміне, таралу ауқымына және ауыртпалығына байланысты төтенше жағдайлар: локалдық, жергілікті, аумақтық,аймақтық, ұлттық және трансшекаралық болып бөлінеді.
Суағарлар мен бұру каналдарында олардың едәуір тозуына байланысты болатын апаттардың басым бөлігі локалдық және жергілікті сипатта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |