|
Суреттерді салыстырыңыз
|
Дата | 06.02.2022 | өлшемі | 4,57 Mb. | | #80868 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Абай Құнанбаев Өлең -сөздің патшасы .. Сұрақтар бойынша ойларыңызбен бөлісіңіздер - Суреттерде не бейнеленген?
- Суреттер мазмұнын не біріктіреді?
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыпты қарастырамыз деп ойлайсыздар?
Абай Құнанбайұлы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Бүгінгі сабақта Шығармадағы көркемдегіш құралдар түрлерін анықтау; Көркемдегіш құралдардың қызметін талдау; Идеяны өмір шындығымен байланыстыру. Бағалау критерийлері Көркемдегіш құралдардың мағынасын ашу; Идеяны өмірмен байланыстыруда мысалдар келтіру. 1-тапсырма: Мақсаты: Өлең мазмұнымен танысу. Өлеңді оқыңыз; Кестені толтырыңыз; Дескриптор: Әр шумақтың түсінген мазмұнын өз сөзімен жазады; Шумақтардың мағынасын дұрыс анықтайды. 2-тапсырама: Мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдар түрлерін анықтау; Көркемдегіш құралдардың қызметін талдау. Дескриптор: Көркемдегіш құрал анықтамасын біледі; көркемдегіш құралдың астарлы мағынасын ашады; 3-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Автордың ойынша, заманындағы өлеңдердің деңгейі қандай болған?
- Абай заманында өлең қандай мақсатта пайдаланылған?
- Автордың ойынша, өлең қандай болуы тиіс?
- Автордың ойынша, өлең мен автордың арасындағы байланыс қандай?
- Автор осы шығармасы арқылы сізге қандай ой тудырды?
- Қазіргі кездегі өлеңдердің деңгейі қандай деп ойлайсыз? Неге?
- Сіздің пікіріңізше, поэзия мен жеңіл өлеңдердің айырмашылығы неде?
Дескриптор:
Жауаптарында өлеңнен дәлел келтіреді;
Жауаптарында өмірден дәлел келтіреді.
Рефлексия - Бүгінгі сабақта қандай өмірлік білім алдым?
- Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті?
- Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды?
- Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|