Білімділік – оқушылардың модуль бойынша білімдерін қорытындылау, мамандық туралы мәлімет беру,әр мамандықтың пайдалығын түсіндіру, етістіктің шақтарын еске түсіру, меңгерту.
Дамытушылық – ойлау қабілетіне сай тапсырмаларды қолдана отырып, байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Тәрбиелік – адамдардың еңбегін бағалауға, оларға құрметпен қарауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Мамандықтар Нан дастарқанға қалай келеді? Кім не істейді? Бұл кімдер? Кім болғым келеді? Отбасы мүшелерінің
мамандықтары. Көйлекті маған кім берді? Мұратқа жету
45 минут 45 минут
45 минут 45 минут 45 минут 45 минут
45 минут 45 минут
10 –шы
11 - ші
Қорытынды сабақ. Тест. Диктант
45 минут 45 минут
32
17
Тірек сызбалар:
Еңбекпен тапқан тиын
(грузин ертегі) Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:
- Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.
Ұлын аяп анасы он сомдық алтын береді.
- Кешке дейін бір жерде бола тұр, - дейді ол баласына.
- Қараңғы түскен соң үйге кел. Сонан соң: «Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе бер..
Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, - депті.
Ұлы жимиып күліпті де түк айтпай шығып кетіпті.
Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, - деп ақыл айтыпты.
Анасының тілін алып бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді.
- Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,- депті.Бұған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:
- Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.
Сонда әкесі тұрып:
- Бұл ақшаны, шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті,- депті.