«Свободный орта мектебі» мм модульдік технология бойынша оқыту



бет5/10
Дата23.08.2017
өлшемі1,03 Mb.
#25372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мақал – мәтелдер:

Еңбектің наны - тәтті,

Жалқаудың жаны – тәтті.

Ас атасы – нан.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбегіне қарай өнбегіне.

Еңбек – адамның көркі,

Адам – заманның көркі.

Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

Күш жақсы,

Күштен іс жақсы.

Өнерпаздың он қолы бар.

Ерінбеген етікші болады.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Өнер алды - қызыл тіл.

Жігітке жеті өнер аз,

Жетпіс өнер көп емес.

Ер дәулеті – еңбек.

Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

Көз қорқақ, қол батыр.

Ердің атын еңбек шығарар.

Шыдамды еңбек, алғыр ой –

Анық досың, біліп қой.

Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Жұмыстың жаманы жоқ.

Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді.
Еңбек туралы

Еңбек

- Еңбек, еңбек, еңбек, - деп

Еңбек бәрін жеңбек, - деп

Кен қопарды жұмысшы

Ақ маңдайы терлеп кеп.

- Еңбек, еңбек, еңбек,- деп

Еңбексіз не өнбек?? – деп

Жер жыртады диқандар

Кең даланы өрнектеп!

Бар керемет қашаннан

Еңбекпенен жасалған.

Еңбекпенен өзгеріп,

Қарт дүние жасалған.

Құлпырсын деп ізгі өмір,

Еңбек егер түзге гүл.

Тері ме деп еңбектің

Үңілем әр ізге бір.

К.Күзембаев
Еңбек

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Н.Жанаев
Бір апта

Бір аптаның күндері өтті,

Дүйсенбіде гүлдер ектім.

Сейсенбіде жуа тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім.

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен кино бардым,

Жексенбіде бір демалдым.

М.Жаманбалинов



Атам менің – қарауыл

Атам менің – қарауыл,

Сыйлайды оны бар ауыл.

Қол үзбеген еңбектен

Еңбекпенен ер жеткен.

Жылқы баққан,

Қой баққан,

Асау тұлпар ойнатқан.

Егін еккен ауылда

Қой күзеткен жауында...

Айтып оған ел алғыс,

Берген қазір демалыс.

Сонда да дем алмайды,

Жұмысынан қалмайды.

Ол – қырманда қарауыл,

Сыйлайды оны бар ауыл!

С.Оспанов



Мұғалім

Нұр шуағын түсірген,

Бала жанын түсінген.

Мектепте де, сыртта да,

Үлгі болған ісімен.

Білім нәрін сыйлаған,

Көпке әр кез сыйлы адам.

Оң жол тілеп шәкіртке,

Жамандыққа қимаған

Ол кім? Мұғалім.

Н.Жанаев
Тігінші

Өнері қол үшінде.

Апам менің – тігінші

Тігіншінің ішінде

Бас бармақтай бірінші.

Озып шығып қатардан

Көп алысқа кенелген.

Үздік шебер атанған

Мақтаныш қып келем мен.

Мамам менің – тігінші

Сәнді киім тігеді.

Мамам шебер бірінші,

Ісін жақсы біледі.

Қандай әсем қарашы

Мамам тіккен жейделер

Киген кезде баласы

Ырза болып жүр жеңгелер.

Р.Қунақова
Зергерлік өнер

Ойнап бал-бұл жаңамын,

Кітап оқи аламын.

Әке сөзін тыңдайтын

Мен талапты баламын.

Есейемін толамын,

Қияға ұшып, қонамын.

Ойлау мұрат бүгіннен.

Өскенде кім боламын?

Б.Исаев
Мамандық жоқ маған ұстаздан ұлы,

Ол үйретті өмірде ең бағалыны,

Ұстаздардың жемісі деп білемін,

Еңбегімнің жақса елге жаңалығы.

А.Оразақын

Сұрақ қою:

Етістік деген не?

Етістіктің неше шағы бар?

Осы шақ қалай жасалады?

Өткен шақ қалай жасалады?

Келер шақ қалай жасалады?

Еңбек туралы қандай мақал – мәтелдерді білесің?

Қандай мамандықтарды білесің?

Жаңа мамандықтарды ата.

Мұғалім не істейді?

Дәрігер не істейді?

Аспаз не істейді?

Суретші не істейді?

Кітапханашы не істейді?

Құрылысшы не істейді

Әнші не істейді?

Биші не істейді?

Тігінші не істейді?

Програмист не істейді?

Кім жер жыртады?

Кім егін егеді?

Кім комбайын жүргізеді?

Кім машина жүргізеді?

Кім нан пісіреді?

Кім нан сатады?

Кім сиыр сауады?

Кім балық аулайды?

Кім мал бағады?

Кім аспанда ұшады?

Кім шаш қияды?

Кім болғың келеді?

Оқушының еңбегі неде?

Тест сұрақтары:

1. Еңбек деген сөз қай сөз табына жатады?

а) етістік ә) зат есім

б) есімдік

2.Мамандық деген сөзде неше буын бар?

а) екі ә) төрт

б) үш

3.Еңбек деген сөздің синонимын тап.

а) жұмыс ә) мамандық

б) қызмет

4. Осы шақта тұрған етітікті тап.

а) кетті ә) оқып отыр

б) барады

5. Өткен шақта тұрған етістікті тап.

а) алды ә) тұр

б) әкеледі

6. Келер шақта тұрған етістікті тап.

а) жату ә) айтады

б) жүр

7.Наубайшы не істейді?

а) қияды ә) күзетеді

б) пісіреді

8.Мектепте кім жұмыс істейді?

а) жүргізуші ә) шаштараз

б) мұғалім

9.Кім егін егеді?

а) егінші ә) әнші

б) сауыншы

10.Кім машина жүргізеді?

а) дәрігер ә) жүргізуші

б) ұшқыш

11.Жалқау деген сөздің аудармасын тап.

а) прилежный ә) хороший

б) лентяй

11. Мақалды аяқта:

Ас атасы - …

а) сөзі ә) нан

б) арқауы

12.Сөйлемдерді аяқта:

Әнші ән … Аспаз тамақ ...

а) сатады, алады ә) кеседі, ұшады

б) айтады, пісіреді

13.Бұл қай сөз табы?

Отыр

а) зат есім ә) есімдік

б) етістік

14.Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді көрсет.

а) алты, су, барды ә) әнші, мұғалім,дәрігер

б) мал, адам, бес

15.Дұрыс аудармасын көрсет:

Я буду летчиком.

а) Ол ұшқыш болады. ә) Мен ұшқыш боламын.

б) Сен ұшқыш боласың.

16.Мына етістікке қойылатын сұрақ:

Емдейді

а) не істеді? ә) не істедің?

б) не істейді?

17.Мақалды аяқта:

Мектеп – кеме, білім ...

а) гүл ә) теңіз

б) мекеме

18.Адам ауырғанда кімге барады?

а) аспазға ә) әншіге

б) дәрігерге

19. Сөздерге қандай жалғау жалғанған?

Кітабыңыз, сағаты

а) көптік жалғау ә) жіктік жалғау

б) тәуелдік жалғау

20.Омоним сөзді табыңыз

а) ат ә) кісі б) бала
Диктанттар:

Тұңғыш ғарышкер

Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров. Ол Қарағанды облысында дүниеге келген. Жастайынан әке – шешесінен жетім қалып, әпкесінің тәрбиесінде болады. Тоқтар бала кезінен ұшқыш болуды армандаған. Ер жеткен соң Армавир әскери – әуе училищесін бітіреді.Әскери – әуе күштерінде қызмет атқарады. Ол – сынақшы-ұшқыш. Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшты.
Орман күзетшілері

Халық «Орман күзетшілері» деп айтатын құстар көп. Олар:

орман шымшығы, сары торғай, ала тоқылдақ, кішкентай тоқылдақ. Бұл құстар ағаштардың жәндіктерін қырады. Орманға, бау – бақшаға, астық өсімдіктеріне пайдалы құстар көп. Олар: қарлығаш, қараторғай, бозторғай. Бұл кішкентай әнші құстарды халық қанатты достар деп те атайды. Өйткені олар адамға пайдалы өсімдіктердің жауларын қырады.
Қажымұқан

Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ халқының атақты балуаны. Ол жас кезінен өте күшті бала болып өскен. Бала кезінде жалшылыққа жүріп, жұмыс істеген. Кейін жекпе – жек күрестерге шыққан. Ол осы өнерімен жер жүзін аралаған. Талай елде жеңіске жеткен.



Жаңа мамандықтар

Қазіргі уақытта қоғамыздың өзгерістеріне байланысты жаңа мамандықтар пайда болды. Осыған орай жаңадан енген сөздер де көп. Олар: дизайнер, менеджер, маркетолог, программист, брокер, провизор, имиджмейкер, мерчендайзер.

Брокер – акцияларды, облигацияларды, қозғалмайтын заттарды сату – сатып алуда делдалдық қызмет атқаратын адам.



ағашкк


Ағаш егудің егінге пайдасы
Ағаш егу дегеннің шын мәнісін бағбандар осы жиналыста ұқты. Бұрын олар жеміс беретін ағаштардан басқаларын сәндік

Ағаш егудің егінге пайдасы
Ағаш егу дегеннің шын мәнісін бағбандар осы жиналыста ұқты. Бұрын олар жеміс беретін ағаштардан басқаларын сәндік үшін немесе керек-жарақ үшін ғана егіледі деп ойласа, енді тыңдаса, өзге пайдаларын қоя тұрып, оның бұл жер үшін зор үш пайдасы бар екен.
Бірінші. Ағаш егінді желден қорғайды. Жел егінді қуратып, көк егісті жайпап кетеді. Егінді желден қорғау үшін ағашты егістіктің айналасына егу керек..
Екінші. Бұл маңайдың егіні суарылатындықтан, жерінің беті дымқостанып жатады. Сол дымқос күннің ыстығына буланып ұшса, жердің беті қабыршақтанып қата береді. Қатқан қабыршақ егістіктің сабағын қысып еркін бой жаздырмайды. Ал ағаш егілсе, әрі ауаны желпіп салқындатып, әрі күн сәулесін өзіне көбірек тартып, әрі ыстық лепке сая болып, жердің бетін қабыршақтандырмайды.
Үшінші. Егін көп суарылатын жердің біразы су қалың сіңгендіктен, сазға айналып кететіні мәлім. Осы сазды құрғатуға ағаштың пайдасы көп: жуандап алған ағаш тәулігіне үш мың метрдей жер астының ылғалын бойынша тартып, керегін алады да, өзгесін бу қып ұшырады, тігілген жас шыбықтың өзі күніне бес жүз метр ылғал тарта алады.

а) тілек білдіру

  • Кім боласың?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің?

Кең балағын түсіріп,

Ойға, тауға жүрісіп,

Балуан болар ма екенсің?

Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің?

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?


  • Ой шақыру

Мамандық деген не?

Қай сөз табына жатады?

Қандай мамандықтар бар?


  • Сөздік жұмыс:

Жал…ау, ди...рмен, ...сіру, е...бек, т...тті, м...найшы, ж...мыс, ...ойма, м...рат, с...рақ, мазм...ны, ...нші, ...арышкер, д...кенші,...ріс.


  • Венн диаграммасын толтырып, салыстыру. Етістіктің шақтарын бір топ екінші топқа сұрақ қою арқылы айтады.



Сұрақтар: не істейді?

не істеді?

не істеп отыр?

Атамның батасы

- Еңбек, - деп, - бағалы!

Көп «бестік» бағамды

Көрді де аташым,

Берді ол батасын:

- Жалынсын – жарығым!

Дамысын дарының!...

Оқуда, еңбекте

Озат бол сен көптен! –

Деп мені мақтады.

Атамның «ақ таңы» -

Боламын мақтаны.

Біздің үй

Әкем менің – қауыншы,

Апам менің – сауыншы,

Ағам менің – егінші,

Жеңгем менің – тігінші.



Атам болса, ол ұста,

Бәрі – бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

Бұл кімдер?

Алып жатқан жан-жақты,

Үйлерді кім тұрғызады?

Жарқыратып кім жақты,

Жердегі көп жұлдызды?

Балалар не білдіңдер,

Білгенің айт, бұл кімдер?

Шекарада сақ тұрып,

Көз ілмей кім шығады?

Ерте өріске ат мініп,

Қой жайып кім шығады?

Балалар не білдіңдер,

Білгенің айт, бұл кімдер?

Үстіндегі киімді

Кімдер тігіп береді?

Газет – журнал үйіңді

Қалай тауып келеді?

Бұл жайлы не білдіңдер,

Білгенің айт, бұл кімдер?

Ғарышта кім самғайды,

Кім зулатар пойызды?

Кім айдынды шарлайды,

Тіліп мұхит, теңізді.

Бірі – апаң, бірі – ағаң,

Бірі – атаң, бірі – анаң.


  • Еңбек туралы

мақал – мәтелдер.


  • Диалог

«Менің болашақ мамандығым»



  • Менің мамандығым

( презентация жасау)

Әңгімелеу

Нан дастарқанға қалай келеді?

Диқандар көктемде жер жыртып, егін егеді. Егін жақсы шығу үшін жәндіктерден қорғайды.

Содан кейін күзде піскен егінді комбайнмен жинайды. Машинамен элеваторға тасиды, себебі элеваторда астық жақсы сақталады. Элеваторда бидайдан ұн тартылады. Содан соң ұн элеватордан наубайханаға түседі.Онда наубайшылар тәтті тоқаштар, дәмді нандар пісіреді.Наубайханадан нан дүкенге түседі.Дүкеннен қалаған нанымызды сатып аламыз.

Нан дастарқанға көп еңбекпен келеді. Сондықтан нанды қастерлеу керек.

Жүргізушілер

Әр адамның мақсаты – мамандық таңдау. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Бізге жүргізуші мамандығы ұнайды. Көлік жүргізу өте қызықты жұмыс. Жақсы маман болу үшін машинаны , жол жүру ережелерді, белгілерді жақсы білу керек.

Кейбір жүргізушілер алыс рейстарға барады, шетелде болады, біраз жер көреді, адамдармен танысады.Бірақ көп жүргенде адам дұрыс демалмайды, ұйқысы келеді, шаршайды.

Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі, қызығы мен қиыншылығы болады, соған төзе білу керек.

Тігіншілер

Әр адам өз мамандығының шебері болуы тиіс. Біз киім тігуді ұнатамыз. Киім тігетін адамның ерекше қабілеті байқалады.Бұл ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Тігінші киім тігетін шебер.

Әдемі, сәнді киімді бәріміз де жақсы көреміз.

Киім тігуде ең маңызды рөл атқаратын нәрсе мата болып табылады. Матаның құрылымы мен сыртқы көрінісі киімді жарасымды да қонымды болуына үлкен рөл атқарады.


  • Сен кім болғың келеді?

  • Мәтінмен жұмыс

Мамандық

Адамда бір ғана мамандық болуы тиіс.

Сенің мүмкін инженер болуың да, кейіннен заңгер, не жазушы, не мұғалім, тіпті музыкант болуың да ықтимал, бірақ қайда да, қайсы мамандық таңдасаң да, саған ол қызықты болады және өмірге бағалы бір нәрсе бере аласың.

Ең негізгісі – қандай маман болсаң да, адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болуың қажет. Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, зор және маңызды болмақ.


  • Тест өткізу

1. Еңбек деген сөз қай сөз табына жатады?

а) етістік ә) зат есім

б) есімдік

2.Мамандық деген сөзде неше буын бар?

а) екі ә) төрт

б) үш

3.Еңбек деген сөздің синонимын тап.

а) жұмыс ә) мамандық

б) қызмет

4. Осы шақта тұрған етітікті тап.

а) кетті ә) оқып отыр

б) барады

5. Өткен шақта тұрған етістікті тап.

а) алды ә) тұр

б) әкеледі

6. Келер шақта тұрған етістікті тап.

а) жату ә) айтады

б) жүр

7.Наубайшы не істейді?

а) қияды ә) күзетеді

б) пісіреді

  • Қорытындылау . Бағалау

  • Үйге тапсырма 127-132 бет. әңгімелеу

Сабақтың тақырыбы: Оқу орындары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау. Дамытушылық - Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік -Уақытты үнемді пайдалана білуге дағдыландыру, мемлекеттік тілге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін дамыту, тереңдету.

Сабақтың түрі: емтихан сабағы

Сабақта қолданалатын әдіс-тәсілдер: тестік әдіс, іздендіру, практикалық ойландыру, жаттықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: хат, анкета, карточкалар, сертификаттар

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу


Кіріспе сөз

Бүгін 14 ақпан. Енді үш айдан кейін сіздер тоғызыншы сыныпты бітіріп, біреулер оныншы сыныпқа барасыздар, басқалар әр түрлі оқу орнына баруға барасыздар.



Ой толғау.

Сен қандай мамандықты таңдадың?

Кім болғың келеді?

Қандай оқу орнына барасың?

Осыдан екі ай бұрын мен өзіміздің облысымыздағы Қатаркөл ауылшаруашылық колледждің басшылығына хат жазып жібердім. Екі күн бұрын хатыма жауап келді.

II Мәтінмен жұмыс

Сөздік жұмыс

мамандық - специальность

қор - фонд, база

құрамы - состав

ақылы негізде - на платной основе

оқыту- обучение

мәртебелі - престижный

қажет мамандықтар - востребованный

даярлайды - готовит

жоғары дәрежелі - высококвалифицированный

оқу әдістемелік - учебно- методическая

шығармашылық студиялар - творческие студии

тағайындалады - назначается

сабақ процесі - учебный прцесс

пайдаланады - используется

құжат - документы

ұсыну керек - необходимо предоставить

жеке басының куәлігі - удостоверение личности



Хатты мәнерлеп оқу

Аудару, түсіну



Құрметті Свободный орта мектебінің

9 сынып оқушылары!

Сіздердің хатыңызға былай деп жауап береміз:

2013-2014 оқу жылына күндізгі және сырттай бөлімтүрімен оқушыларды қабылдайды.

Бюджеттік (ақысыз) түрде (стипендия тағайындаумен)

«Мал дәрігері» (9- сыныптан кейін) оқу мерзімі үш жыл он ай.

«Ауылшаруашылық өнімдер сапасын стандарттау, сертификациялау және бақылау» (9-сыныптан кейін) оқу мерзімі екі жыл он ай.

«Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы» оқу мерзімі екі жыл он ай.

«Ауылшаруашылық механизация» оқу мерзімі үш жыл алты ай.

Шартты (ақылы) түрде

«Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп, экономика және аудит»

«Құқықтану»

Оқуға қабылданған оқушыларға жатақхана беріледі;

Жаңа үлгідегі материалдық – техникалық база бар,

Дәрісханалар, компьютерлік сыныптар, спорттық және

шынығу залы, кітапхана, оқу залы.

Үйірмелер мен секциалар жұмыс істейді.

Ал қазақ тілі жөнінде айтатын болсақ, қазақ тіліне көп мән беріліп отыр. Өйткені қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі сабақтарында компьютерді жиі пайдаланады. Кітапханада жақсы – жақсы оқулықтар ең әдістемелік нұсқаулар, қазақша – орысша, орысша – қазақша сөздіктер жеткілікті.

Біздің оқу орнына түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну керек:

Анкета

Жеке басының куәлігі



Сіздерге оқуға түсу емтиханның тапсырмаларын жіберіп отырмыз. Өз білімдеріңізді тексеруіңізге болады.

Колледждің басшылығы.



Сұрақ қою:

Хат қайдан келді?

Колледж туралы не білдіңіз?

Онда қазақ тіліне қандай мән беріледі?



III . Анкетаны толтыру.
IV. Разминка

(реттік, сандық сан есімдерді 2 бағанға бөліп жазу).



V. Бір - бірін тексеру.
VI. Практикалық жұмыс.

1 билет

1 Менің болашақ мамандығым.(әңгімелеу)

2 Фонетикалық талдау жаса.

Құжат, Есіл



3 Сөздердің құрамына қарай талда.

Оқулықтарым, Талдықорған



2 билет

1Менің болашақ мамандығым. (әңгімелеу)

2Фонетикалық талдау жасау

Үстеу, толқын.



3Морфологиялық талдау жасау

Мұғалімнің , қайтты



3 билет

1.Менің болашақ мамандығым (әңгімелеу)

2Сөздерді сөз құрамына қарай талда.

Егіншілердің, кітапханашыларымыздың



3Мына сын есімдерге салыстырмалы шырайларды жазыңдар

Үлкен, жасыл, тәтті.



4 билет

1.Менің болашақ мамандығым (әңгімелеу)

2.Сөйлем мүшелеріне және сөз таптарына қарай талда.

Ағаштардың жапырақтары күзде сарғаяды, жерге түседі.



3.Мына сын есімдерге салыстырмалы шырайларды жазыңдар

Жеңіл, жақсы, қоңыр.


5 билет

1.Менің болашақ мамандығым. (әңгімелеу)

2.Сөйлем мүшелеріне және сөз таптарына қарай талда.

Мұхтар Әуезовтың шығармалары шетел тілдеріне

аударылды.

3.Зат есімді жікте

Әнші, тарихшы.


6 билет

1.Менің болашақ мамандығым. (әңгімелеу)

2.Фонекалық талдау жаса

Өнер, оқыту



3.Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдыр:

Кел, оқы, бер, ал.


VII Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың ұпайларын санап грант, сертификатпен

марапаттау



25, 36, 2013ж, 5217, 15, 261, 1923ж, 53, 2001ж

Анкета
Фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты

Туған жеріңіз, жылыңыз

Ұлтыңыз

Мектеп

Сынып

Болашақ мамандығыңыз

Отбасы

Мекен-жайыңыз
Қолы

Күні, айы, жылы

Қатаркөл ауылшылық колледжі


ГРАНТ
Свободный орта мектебінің
9 сынып оқушысы

Қабылдау

Комиссиясының мүшелері:

  1. Жүсіпова Т.Х.

  2. Ильгундинова М.Н.

  3. Сулейменова М.Ш.

5



6





43



42





7



8



41






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет