3.30 Ағыс қабаты:
Су жинаудан қандай да бір уақыт аралығында ағатын су
мөлшері, осы су жинағыштың ауданы бойынша біркелкі бөлінген қабат қалыңдығына тең.
3.31 Ағынды сулар:
Суды пайдаланғаннан кейін белгіленген тәртіппен су
объектілеріне ағызылатын немесе ластанған аумақтан түскен су
.
3.32 Фондық концентрация:
Осы көзден басқа, қоспалардың барлық көздерінің
әсерін ескеретін, есептік гидрологиялық жағдайларда су объектісінің фондық
жармасындағы қоспалардың осы көзіне қатысты есептелетін, судағы заттың
концентрациясы.
3.33 Табиғи фондық концентрация:
Су объектісінің жармасы суындағы заттардың
концентрациясы, одан жоғарыда су объектісі антропогендік әсерге ұшырамайды.
3.34 Фондық жарма:
Су объектісінің суындағы заттардың фондық концентрациясы
анықталатын су ағынының көлденең қимасы.
Осы нормалар мен ережелерде мынадай белгіленулер мен қысқартулар қолданылды:
ОБТ
20
, ОБТ
толық
- Оттегіні биохимиялық тұтыну, 20 тәулік ішінде қол жеткізіледі;
ОХТ - Оттегіні химиялық тұтыну.
Достарыңызбен бөлісу: |