ҚР ҚЖ 4.01-106-2018 6
4.3
Қоныстанған
аумақтардан
тыс
(өнеркәсіп
кәсіпорындарынан,
қойма
шаруашылықтарынан және басқа ұйымдардан), сондай-ақ қалалардың қоныстанған
аумақтарында орналасқан аса ластанған участке дерінен (бензин құю станцияларынан,
автомашиналардың тұрағынан, ірі автобус станцияларынан және т.б.) беттік ағынды сулар
жергілікті тазарту құрылыстарында оларды су айдындарына немесе жаңбырлы кәріз
желісіне ағызар алдында тазартылуы керек.
4.4
Кәріздің өндірістік және жаңбырлы жүйесінің тазарту құрылыстарын, әдетте,
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының және ҚР ЕЖ 3.01-101 талаптарына сәйкес арнайы
мақсаттағы аймақтарда орналастыру керек.
Кәріз жүйелерін жобалау кезінде ҚР ҚН 4.01-03 сыртқы желілер мен кәріз (су бұру)
құрылыстарын жобалау бойынша нұсқауларын басшылыққа алған жөн.
4.5
Қазақстан Республикасының Су кодексінің және Қазақстан Республикасының
Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес белгіленген нормативтерге дейін тазартылмаған
су объектілеріне қоныстанған аумақтардан және кәсіпорын алаңдарынан ұйымдасқан түрде
бөлінген жаңбырлы, еріген және суғаратын суларды тастауға рұқсат етілмейді.
Тазарту құрылыстары су қоймасына жіберу алдында жаңбырлы кәріздің бас
коллекторларының сағалық учаскелерінде орналасуы керек. Қалыптасқан құрылыс
жағдайлары бойынша мұндай орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, тазарту
құрылыстары ағыс бойынша жоғары немесе жаңбырлы кәріздің бас коллекторына ең ірі
ағындарда орналасуы керек.
Бұл жағдайларда су жинау бассейнінің бөлігінен үстіңгі ағысы су қоймасына
тазартусыз ағызылады.
4.6
Су қоймаларына тазартусыз беттік суларын тастауға рұқсат етіледі:
- қалалық орман саябақтарынан;
- су айдынына өз бетінше жіберілуі бар көлемі 20 га дейінгі су жинағыштардан.
Ескертпе - бұл талаптар ауыз сумен жабдықтау үшін пайдалануға арналған су қоймаларына өздігінен
шығаруға қолданылмайды.
4.7
Тазарту құрылыстарына жаңбырдың түсуі, қар жамылғысының еруі және жол
жамылғысын жуу кезінде түзілетін жер бетіндегі ағынның ең ластанған бөлігі бөлінуі тиіс.
Жаңбырдың ең қарқынды бөлігіне және еріген судың ең үлкен ағысына жататын ең
жоғары шығыстар су қоймасына тазартусыз ағызылады.
4.8
Жаңбырлы кәріздің коллекторлары бойынша тазарту құрылыстарына шартты-
таза су түсуі мүмкін, оларды қалалық жаңбырлы кәріз желісіне тастауға жол беріледі:
- шартты таза өндірістік сулар;
- тазартуды талап етпейтін конденсациялық және өндірістік аппаратураны
салқындатудан;
- жер асты (дренаждық) сулар;
- жергілікті тазарту құрылыстарында оларды тазартқаннан кейін автомашиналарды
жуудан болатын су.
4.9
Жаңа құрылыс аудандарында тазарту құрылыстары жаңбырлы кәріз
коллекторлары жобаларының құрамына кіруі керек.