Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет24/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
ЖОББ мектептегі бағдарлы оқыту


18 - дәріс.
Тақырыбы: Оқушылар мен студенттердің өздік жұмысы
Мақсаты: ЖОО мен ЖОББМ оқу үрдісіндегі өздік жұмыстың орны мен рөлін оқыту
Психология-педагогикалық әдебиеттерде өздік жұмыс түсінігін анықтауда әр түрлі пікірлерді кездестіруге болады. Мысалы, Н.Д.Никандров, студенттердің әрекеті оқытушының бағыт беруі және ұйымдастыруы бойынша болғанымен, бірақ оның тікелей жетекшілігінсіз өтеді»,- десе, Р.А. Низамов өздік жұмысты студенттердің аудиторияда және аудиториядан тыс жекеше, топпен орындайтын танымдық әрекеттерінің түрлері деп сипаттайды. Ал П.И.Пидкасистый өздік жұмысты оқу үрдісінде студенттің өздік әрекетін басқару және ұйымдастыру құралы ретінде қарастырады. Соның нәтижесінде ғылыми зерттеулерде өздік жұмыс келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығушылығын, кәсіби қарым-қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, таным үрдісі ретінде қарастырылады. Студенттің өз бетінше жасайтын іс-әрекеті, дербес әрекеттің сипаты және білім алушының қабілеттілігінің көріну формасы, оқу үрдісінің негізі, студентті өз бетімен білім алуға дайындаудың жолы, оқу әрекетін ұйымдастырудың формасы, тәсілі, оқытудың бір түрі (Ы.Алтынсарин), танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы (Т.И.Шамова), оқыту құралы (П.И.Пидкасистый) ретінде де қарастырылады. Ғалымдардың пікірлері бойынша, Н.М.Штульман өздік жұмысты «оқу материалын меңгерту мен бекітудің ең тиімді, әрі ең қажет құралы», -десе, Е.Я.Голант оны оқушының бойында өзіндік жеке қасиеттерін дамытуды тәрбиелеу, ал Р.М.Микельсон «оқытушының білім алушыға ұйымдастырған жағдайы», Н.Г.Даири, В.А.Козакова «бұл оқушының өзге біреудің көмегінсіз, өзінің біліміне, ойына, дағдысына, өмірлік тәжірибесіне, түсінігіне қарап жүзеге асыратын іс-әрекеті» деп сипаттайды. В.К. Буряк «өздік жұмыстың өзіндік белгілерін (ішкі және сыртқы) бірлікте қарау арқылы ғана ашуға болады»,- дейді. Демек, өздік жұмыстың сыртқы ерешеліктері оқытушының үйрету қызметімен, ал ішкі ерекшеліктері білім алушының танымдық әрекетімен сипатталады. Жоғарыда аталған еңбектердің барлығында өздік жұмысты ерекшелейтін басты белгі – тапсырманы оқытушының көмегінсіз білім алушының өзінің орындауы деп көрсетілген. Бұл белгі өздік жұмысты оқытудың ерекше бір формасы ретінде сыртқы ұйымдастырылуы жағынан ғана сипаттайды. «Өздік жұмыс» ұғымына ұйымдастырылуы және мазмұндық құрылымы жағынан неғұрлым терең түсінік П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінде берілген. Ғалым өздік жұмысты студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын оқу және зерттеу бағытындағы тапсырмалары деп түсінеді. Оқыту үрдісіндегі өздік жұмысқа байланысты ғалымдардың пікірлерін саралай келе, олардың өздік жұмыстың мәнін түсінуде бір пікірде емес екендігін байқаймыз. Ол өздік жұмысты екі жақты: сыртқы (ұйымдастыру) және ішкі (мазмұны) жағынан қарастырумен байланысты. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың қай-қайсысы болмасын маңызды, өйткені олар оқу-педагогикалық әрекеттегі өздік жұмыстың маңыздылығын айқындайды. Өздік жұмыс оқу үрдісінің көп аспектілі құбылысы ретінде төмендегі белгілерімен ерекшеленеді: оқыту әдістерінің бірі; танымдық әрекетті ұйымдастыру формасының бірі; оқыту құралының бірі; оқу әрекетінің бір түрі; білім алудың дербес әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет