Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет7/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

6. Дәрістер кешені
1 - дәріс.
Тақырыбы: Физика және астрономия оқытушысы мен мұғалімі қызметінің негізгі элементтері
Мақсаты: Оқытушының кәсіби біліктілігін білу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесі мен білім беруді жаңаша ұйымдастыру қолға алынуда. Жалпы білім беретін негізгі мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуды, оның ішінде физика мен астрономияны оқытуды жақсарту; оның оқулықтарын жазуда түрлі әдістемелік оқу құралдарын, есептер мен түрлі жаттығуларды терең талдай отырып, оқушылар меңгере алатын дәрежеде, міндетті түрде басқа пәндермен кешенді байланыстыра отырып жазу міндеті алға қойылып отыр. Осы күнге дейін орта мектепте оқытылып келген физика және астрономия оқулықтар мен оқу құралдары, негізінен алғанда шетелдік және орыс тіліндегі кітаптардың аудармалары. Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін негізгі мектептерді төл оқулықтармен, әдістемелік оқу құралдарымен қамтамасыз ету, олардың сапасын басқа елдердің оқулықтарымен бәсекелесе алатын дәңгейге жеткізу- осы күнгі негізгі талаптардың бірі. Оқушылардың санасында физика пәні адам мен техника және табиғат туралы біртұтастық түсінік қалыптастырып, өзінің маңызды міндеттерін атқаруда. Алайда оның жеке пән ретіндегі мүмкіндіктерінің шектелі екендігін баршамызға аян. Сондықтан да, табиғат құбылыстарын, техникалық феномендерді тереңірек пәнаралық негізде, жалпы теориялық тұрғыда зерттеп қарастырудың қажеттілігі туындап отыр. Осы талаптарды зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай нақты оқу пәндері ғана жүзеге асыра алады. Осындай оқу пәні ретінде "Физика және астрономия" интеграцияланған курсын атауға болады. "Физика және астрономия" оқу бағдарламасында (7-10 сынып) физиканың маңызды тарауларының материалдары да, астрономия элементтері де бір-біріне негізделе біріктірілген, әрі толық аяқталған курс түрінде берілген. Курстың мазмұнына қоршаған орта туралы жалпы сипаттама, сонымен қатар Ғаламшарлардың құрылысы және әр түрлі табиғат құбылыстары туралы деректер, физикалық, астрономиялық ұғымдар енгізілген. Оқушылардың зерттеу әдістері мен физикалық шамаларды өлшеу тәсілдерін меңгеруі, құралдар мен құрылғыларды оқып танысуы, алған білімдерін оқу әрекеті барысында пайдалана білулері де қарастырылған. Жалпыға міндетті негізгі мектептің 7-9 сыныптарына арналған "Физика және астрономия" жаңа оқулығының ең басты ерекшеліктері мыналар:
1.Біріншіден, табиғат туралы ғылымның сүбелі салаларын құрайтын физика және астрономия білім берудің отандық тарихында тұңғыш рет бір оқу пәніне бірігіп отыр;
2. Екіншіден, бұр оқулықта білімді құрғақ жаттап қабылдау амалы емес, оны өз бетімен ғылыми ізденіп табу жолына басым көңіл бөлінеді;
3.Үшіншіден, оқулық адамзаттың, оның ішінде қазақ халқының тарихи деректер даму үрдісімен шебер байланыстырылған. Оқулықтағы тарихи мәліметтер оқушыларды ұлтжандыққа тәрбиелеп, ұлттық дәстүрлерді білуге және оны ары қарай дамыта білуге ұйтқы болады;
4.Төртіншіден, оқулықтың құрылымы негізінен өтілетін тараулардың базалық ғылымдағы орнына қарай, яғни материя қозғалысы формасының күрделену тәртібі бойынша анықталған;
5. Бесіншіден, оқу материалдарын баяндау, оқушылардың қабылдауы мен даму ерекшеліктерінің ескере отырып көп деңгейлік негізде құрылған.
"Физика және астрономия" курсының жаңа оқулығы мұғалім мен оқушының шығармашылық бірлікте жұмыс істеуін талап етеді. Оқу-тәрбие үрдістерін оқушы мүддесіне бағындыру талабынан жаңа оқулықтың үшінші ерекшелігі туындайды. Яғни тек оқулық қана емес, оқу-әдістемелік кешендерге кіретін дидактикалық материалдар да, есептер мен жаттығулар жинақтары да оқушының ой- өрісін белсенді дамытуға негізделіп, көп деңгейлі жүйе ретінде қаралған. Себебі, оқу материалдарын көпдеңгейлі құрудың ғылыми негізін оқушылардың ой-рісін бірте-бірте баспалдақтап көтеру жайлы психологиялық теория құрайды. Бұл физика пәнінен білім беру жүйесін жүйелі түрде жаңарту деген сөз. Жүйелі жаңартудың мақсаты білім берудің жеке тұлға мәртебелілігін нақтылаудың дидактикалық, әдістемелік механизмдерін негіздеуді қажет етеді. Осы бағытта еліміздің жалпы физика пәнінен білім беру саласында жүріп жатқан жаңартулардың нәтижелілігі мұғалім қауымының ғылыми дүниетанымының кеңдігіне, рухани дүниенің баюына, кәсіби әрекетінің жаңаша ұйымдастыруына байланысты. Болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби дайындығы жоғары оқу орындарының қабырғасынан басталады. Сонымен қатар болашақ физика мұғалімі аталған білімдерді өздері меңгеруімен бірге оқушыларға үйретудің де теориясы мен әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Бұл жағдай оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру мақсатында болашақ физика мұғалімін әдейі арнап дайындау арқылы оқушыларға терең және жүйелі білім қалыптастыруға, олардың жасампаздық белсенділігін одан әрі дамыту үшін астрономиядан сабақ беру барысында әртүрлі жаңа технологияларды, инноовациялық әдістерді енгізу керек. Солардың бірі- астрономиядан сапалық есептерді көптеп шығарту болып табылады. Қорыта айтқанда, 7-10 сыныптарға арналған "Физика және астрономия" оқулықтарында оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет