Тақырыбы:Оқыту мен даму
Сағат саны: 1
Мақсаты: Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендендіру әдістерін іздестіру мәселесін талдау және пысықтау.
Негізгі сұрақтары:
1.Оқыту мен дамудың өзара қатыстылығы ретіндегі Л.С.Выготскийдің оқыту теориясы.
2.Оқыту үрдісіндегі білімнің игерілуінің тиімділігі жағдайлары.
Әдістемелік нұсқаулық: дөңгелек үстелде сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талқыланады, студенттер өз ойын еркін ортаға салады.
Өткізілу формасы: Дөңгелек стол.
Әдебиеттер: [1;3;8;11;15]
№ 4 семинар Тақырыбы: Жоғары оқу орнында дамытып оқытуды жүргізу
Сағат саны: 1
Мақсаты: Жоғары оқу орнындағы дамытып оқытудың қазіргі әдістерін талдау және білімді бекіту.
Негізгі сұрақтары:
1.Жоғары оқу орнында дамытып оқытудың жағдайлары, оқу материалының мазмұны және оның ойлауды дамытудағы рөлі.
2.Теориялық білімнің негізгі сипаттамалары.
Әдістемелік нұсқаулық: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі
Өткізілу формасы: Коллоквиум.
Әдебиеттер: [1;2;5;8;12]
№ 5 семинар Тақырыбы: Мұғалім мен студенттің шығармашылық және бірлескен өнімді әрекетін ұйымдастыру мен жобалау ситуациялары.
Сағат саны: 1
Мақсаты: Педагогикалық оқу орындарының алдыңғы қатарлы ұжымдары және шығармашылық ізденіс бағыттарын талдау және пысықтау.
Негізгі сұрақтары: 1. Педагогикалық іс-әрекет субъектілерінің өзара қатынасы.
2. Педагогикалық іс-әрекет субъектілерінің бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру.
3. Мұғалім мен студенттің шығармашылық және бірлескен өнімді әрекетін жобалау ситуациялары.
Әдістемелік нұсқаулық: дөңгелек үстелде сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талқыланады, студенттер өз ойын еркін ортаға салады.