Syllabus пәннің атауы



бет2/39
Дата04.12.2022
өлшемі3,33 Mb.
#161127
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Сил.Астрономия

Курстың міндеттері:

  • әлемнің қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі туралы түсінікті қалыптастыру;

  • космостық объектілерді зерттеудің қазіргі заманғы ғылыми әдістері мен құралдары туралы терең білім беру;

  • орасан зор кеңістік пен уақыт сиятын өлшемдерді пайдалану, бақылау нәтижелерін талдау және астрофизикалық құбылыстардың күрделі табиғатын түсіну;

  • көптеген ғалымдардың еңбексүйгіштігі мен ерлігінің, мақсатқа жетудегі табандылығының куәсі болып келетін, тарихи тағылымдарға толы Астрономия ілімін жастарды ғылымға тәрбиелеудің негізгі құралына айналдыру;

  • студенттің эстетикалық және тәлімдік тәрбиесін жетілдіру;

  • курсты оқыту студенттерге физика мен астрономияның түпкілікті мәселелерінен терең білім алудың арқауы болуы тиіс.



Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)

Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:



  • астрономиялық құбылыстың физикалық механизмін аша білуі,

  • статистикалық әдісті қолдана білуі;

  • құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі;

  • процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай
    білуі, компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің
    нәтижесін ала білуі;

  • молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі;

  • кеңейе беретін Ғалам жөніндегі ғылымның соңғы жетістіктерінен хабардар болу.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:


- негізгі астрономиялық құбылыстарды, олардың табиғатта байқалуын және
техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын;
- астрономиялық приборлармен жұмыс істеуді, астрономияның нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Игерілетін дағдылар:



  • жұлдызды аспанның негізгі шоқ жұлдыздары мен айқын көрінетін жұлдыздарды таба білуі;

  • жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істеу;

  • өз бетінше астрономиялық бақылаулар жүргізу;

  • Күннің аспан сферасындағы қозғалыс заңдылығын және Жердің климаттық белдеулерінің астрономиялық себептерін түсіну;

  • уақытты өлшеудің негізгі принциптерін, сағаттарға (жұлдыздық және күндік) түзету енгізу;

  • планеталардың конфигурациясын, Айдың фазасын, Кеплер заңдарын толық игеру;

  • Жердің жасанды серіктері мен зымырандардың қозғалысын есептеу үшін Кеплердің және бүкіләлемдік тартылыс заңдарын қолдана білу;

  • Күн жүйесінің құрылымы және аспан денелерінің табиғаты туралы нақты түсініктің болуы;

  • Ғарыштық денелерді зерттеудің соңғы әдістері туралы мағлұматтың болуы;

  • Жұлдыздық каталогпен атластармен жұмыс істей білу.



Пререквизиттер:
Астрономия курсын зерттеуге қажетті пәндер: орта мектеп курсы бойынша жалпы физика, астрономия пәні; оптика: негізгі түсініктер, заңдар, экспериментті орындау; механика: физикалық шамалардың өлшем бірліктері жүйесі, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы; орта мектеп курсы бойынша география пәні.


Постреквизиттер:
Астрономия курсында үйренетін білім, дағдылары қажет болатын пәндер: математика, физика, философия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет