Syllabus пәннің атауы



бет23/39
Дата04.12.2022
өлшемі3,33 Mb.
#161127
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Сил.Астрономия

Сағат саны: 1
Мақсаты: Жұлдызды аспанды оқып үйрену кезінде жылжылмалы картаны пайдалану
Құралдар: Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы, Михайловтың кіші жұлдыздық атласы.
Негізгі сұрақтар: шоқжұлдыздар, күн мен түннің теңелу нүктелері, даталар лимбісі, сағаттық лимб, азимуттар лимбісі, төменгі кульминация
Тапсырмалар:
1. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын сабақ өтіп жатқан күні мен сағатына қойып, аспандағы шоқжұлдыздардың қайсысының осы мезетте бататынын және туатынын көрсетіп, орналасуларын көрсетіңіздер.
2. Үлкен Аю (Жетіқарақшы), Кіші Аю, Арыстан, Кассиопея (Қарақұрт), Орион (Үшарқар-Таразы), Аққу, Пегас және Возничий (Арбакеш) шоқжұлдыздардың контурларын оқып үйреніңіздер.
3. Аспан сферасының жылжымалы картасын 1 қазан күнгі 0с,6с,12с,18с —қа қойып, осы уақыт мезеттеріндегі Үлкен Аю (Жетіқарақшы), Кассиопея (Қарақұрт), Орион (Үшарқар-Таразы) және Аққу шоқжұлдыздарының орналасуын көрсетіңіздер және жұлдызды аспанның түрінің тәулік бойы өзгеру сипатын оқып үйреніңдер, оның өзгеру себебі жөнінде қорытынды жасаңдар.
4. Төмендегі жұлдыз кешкі 830 мезетінде жоғарғы кульминацияда қай күні орналасқан болып шығады? 1)Вега, 2)Альтаир,3)Альдебаран, 4)Арктур, 5)Денеб, 6)Капелла, 7)Алголь, 8)Спика, 9)Регул, 10)Альфард, 11)Антарес, 12)Альферац, 13)Сириус, 14)Поллукс;
5. Дәл сол жұлдыз тәуліктің дәл сондай мезетінде төменгі кульминацияда болатын күнді тап.
6. Төмендегі жұлдыз үшін 21- наурыз, 23- қыркүйек, 22- маусым, 22- желтоқсанда туу, жоғарғы кульминация, бату, төменгі кульминация уақыт мезеттерін анықта:
1)Альтаир, 2)Сириус, 3)Поллукс, 4)Ригель,5)Антарес, 6)Бетельгейзе, 7)Процион, 8)Кастор, 9)Вега, 10)Альдебаран, 11)Арктур, 12)Денеб, 13)Капелла, 14)Спика.
7. Жылдың кез келген күні үшін Жетіқарақшы және Кассиопея
шоқжұлдыздарының бату және туу уақыттарын анықтаңыз.
8. 2-3 пункттерінің нәтижелерін талдай отырып, мына сұрақтарға жауап бер:
а) Тәулік бойына бір жұлдыздың жоғарғы және төменгі кульминациялары арасындағы уақыт ұзақтығы қандай?
ә) Жыл ішінде жұлдыздардың туу, кульминация, бату уақыт моменттерінің өзгерісі. Сонымен бірге осы моменттердің жарты жыл, бір ай, жарты ай және бір тәулік ішіндегі өзгерісін анықтаңыздар.
б) Жердің бір орнында әртүрлі шоқжұлдыздардың көріну шарттарын сипаттап бер.
9. Мына жұлдыздардың координаттарын тап
1. Лираның β, Үлкен Аюдың α. 8. Бүркіттің α, Компастың α
2. Орионның γ, Персейдің α. 9. Бүйінің α, Кассиопеяның γ
3. Киттің β, Орионның α. 10. Бикештің α, Арланның ε
4. Аққудың β, Кіші Арланның α. 11. Арыстанның α, Оңтүстік Балықтың α
5. Орионның ε, Цефейдің α. 12. Егіздердің β, Пегастың α
6.Үлкен Арланның α, Өгізшінің ε. 13. Егіздердің α, Садақшының θ
7. Лираның α, Орионның ε. 14. Арбакештің α,Садақшының γ.
10. Картадан мынандай координаталары бар обьектілерді тап:
тақ вариант: а) α= 15һ12М6S δ =-90
жұп вариант: б) α = 3һ40М δ =480
11.Мына шырақтар қай шоқжұлдызда орналасқан?
Тақ вариант:а) М31 Галактикасы, координаттары d = 0һ40М61; = 410
Жұп вариант:б) Ай координатасы =20230М, δ= 200 болса.
12. Сабақ болар күні Күннің экваторлық координатасы қандай? Ол қай шоқжұлдыздарда орналасқан?
13. Мына жұлдыз қандай географиялық ендікте зениттен көрінеді?
1. Егіздер β 8. Тоқты γ
2. Кит θ 9. Торпақ α
3. Бүркіт α 10. Кит γ
4. Андромеда β 11. Кит η
5. Арбакеш α 12. Персей γ
6. Дельфин ε 13. Персей β
7. Кассиопея ε 14. Тоқты α
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Д.И.Кенжалиев «Астрометрия» 2007 Орал –-§4-§5 21-27 бет;

  2. М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §6-§13 стр 14-26 ;

  3. П.И.Бакулин,Э.В.Кононович,В.И. Мороз «Курс общей астрономии» Москва «Наука» 1977 -§10-§11 стр 24-29

Өткізу формасы: ғылыми-зерттеу жұмысы, жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыстану, оны оқып-үйрену.
Бағалау критерийлері: 2-кесте.

4 зертханалық жұмыс: Планеталардың қозғалыс заңдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет