Курстың міндеттері:
-
әлемнің қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі туралы түсінікті қалыптастыру;
-
космостық объектілерді зерттеудің қазіргі заманғы ғылыми әдістері мен құралдары туралы терең білім беру;
-
орасан зор кеңістік пен уақыт сиятын өлшемдерді пайдалану, бақылау нәтижелерін талдау және астрофизикалық құбылыстардың күрделі табиғатын түсіну;
-
көптеген ғалымдардың еңбексүйгіштігі мен ерлігінің, мақсатқа жетудегі табандылығының куәсі болып келетін, тарихи тағылымдарға толы Астрономия ілімін жастарды ғылымға тәрбиелеудің негізгі құралына айналдыру;
-
студенттің эстетикалық және тәлімдік тәрбиесін жетілдіру;
-
курсты оқыту студенттерге физика мен астрономияның түпкілікті мәселелерінен терең білім алудың арқауы болуы тиіс.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
-
астрономиялық құбылыстың физикалық механизмін аша білуі,
-
статистикалық әдісті қолдана білуі;
-
құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі;
-
процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай
білуі, компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің
нәтижесін ала білуі;
-
молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі;
-
кеңейе беретін Ғалам жөніндегі ғылымның соңғы жетістіктерінен хабардар болу.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- негізгі астрономиялық құбылыстарды, олардың табиғатта байқалуын және
техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын;
- астрономиялық приборлармен жұмыс істеуді, астрономияның нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;
Игерілетін дағдылар:
-
жұлдызды аспанның негізгі шоқ жұлдыздары мен айқын көрінетін жұлдыздарды таба білуі;
-
жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істеу;
-
өз бетінше астрономиялық бақылаулар жүргізу;
-
Күннің аспан сферасындағы қозғалыс заңдылығын және Жердің климаттық белдеулерінің астрономиялық себептерін түсіну;
-
уақытты өлшеудің негізгі принциптерін, сағаттарға (жұлдыздық және күндік) түзету енгізу;
-
планеталардың конфигурациясын, Айдың фазасын, Кеплер заңдарын толық игеру;
-
Жердің жасанды серіктері мен зымырандардың қозғалысын есептеу үшін Кеплердің және бүкіләлемдік тартылыс заңдарын қолдана білу;
-
Күн жүйесінің құрылымы және аспан денелерінің табиғаты туралы нақты түсініктің болуы;
-
Ғарыштық денелерді зерттеудің соңғы әдістері туралы мағлұматтың болуы;
-
Жұлдыздық каталогпен атластармен жұмыс істей білу.
Пререквизиттер:
Астрономия курсын зерттеуге қажетті пәндер: орта мектеп курсы бойынша жалпы физика, астрономия пәні; оптика: негізгі түсініктер, заңдар, экспериментті орындау; механика: физикалық шамалардың өлшем бірліктері жүйесі, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы; орта мектеп курсы бойынша география пәні.
Постреквизиттер:
Астрономия курсында үйренетін білім, дағдылары қажет болатын пәндер: математика, физика, философия.
Достарыңызбен бөлісу: |