Сағат саны: 1
Мақсаты: Аспан сферасының моделінің көмегімен оның негізгі элементтерін және тәуліктік айналуын оқып үйрену.
Құралдар: Аспан сферасының моделі, қара глобус, жұлдызды аспанның жылжымалы картасы.
Негізгі сұрақтар: математикалық горизонт, зенит, надир, солтүстік және оңтүстік полюстер, дүние осі
Тапсырмалар:
1. Аспан сферасы моделі бойынша оның негізгі элементтерін тауып үйреніңіз және аспан сферасының тәуліктік айналысы кезінде бұл элементтердің бақылаушыға карағанда орнының өзгеруін зерттеңіз.
2. Аспан сферасының негізгі элементтерінің нақты (шын) немесе матиматикалық горизонтқа қатысты алғанда орналасуын көрсетіңіз.
3. Қара глобустің бетінде бормен аспан сферасының кескінделуі мүмкін болатын элементтерін сызыңыз.
4. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасында аспан сферасының қандай негізгі элементтерін көрсетілген?
5. Еңкею дөнгелегінің бірінде аспан шырақтарын бейнелейтін екі саптаманы, бірін аспан экваторы маңында, екіншісін солтүстік дүние полюсының маңында болатындай етіп бекітіңіз. Модельді аспан сферасының тәуліктік айналу бағытында айналдырып, аспан параллелдерінің орналасуында және аспан шырақтарының аспан экваторына және нақты(шын)немесе матиматикалық горизонтқа қатысты алғанда тәуліктік қозғалыстарындағы ұқсастықтары мен айырмашылығын көрсетіңіз.
6. 5 пункттің қорытындыларына сүйеніп, аспан шырақтарының тәуліктік қозғалысының сипаты жөнінде және еңкеюіне байланысты тәулік бойына олардың көріну шарттары жөнінде қорытынды шығарыныз.
7. Аспан сферасының мына жазықтықтырға проекциясының кескінің салыңыз: а) аспан меридианы. б) нақты(шын) немесе матиматикалық горизонт. в) аспан экваторы.
8. Мына қалада зенит нүктесінен дүние полюсына дейін бұрыштық қашықтығын анықтаңыз.
1. Москва (φ=550 48/) 2. Алматы (36044/) 3. Ашхабад (37057/) 4. Баку (40021/) 5. Житомир (50015/) 6. Киев (56 027/) 7. Санкт-Петербург (59007/) 8. Самарканд (39059/) 9. Семей 10.Ташкент(41018/) 11. Орал (51012/) 12.Якутск (68002/) 13.Ярославль(57038/) 14.Смоленск (54040/) 15. Одесса (46029/)
9. Осы қалада зенит нүктесінен өтетін параллель экватордан қандай қашықтықта орналасқан.
10. Көктемгі күн мен түн теңелу нүктесі шығып бара жатқан мезетте эклиптиканың горизонтпен жасайтын бұрышы қандай болады?
11. Коктемгі күн мен түн теңелу нүктесінің бату мезетінде эклиптиканың экваторымен жасайтын бүрышын анықта.
12. Аспан сферасында аспан меридианын тауып, өлшеу құнын анықта.
13. Аспан сферасында дүниенің оңтүстік және солтүстік полюстерін, олардың арасындағы бұрышты анықтаңыздар.
14. РР’осі қалай аталады?
15. РР’осін айналдырып аспан меридианы айналама, жоқ па соны тексер.
16.Аспан сферасы айналатын осі калай аталады?
17. Математикалық горизонтты тауып өлшеу құнын анықта.
18. Дүние осі мен математикалық горизонт арасындағы бұрышты L-ты анықта.
19. Аспан меридианын Орал қаласының ендігіне φ=51º30 орналастыр.
20. Енкею шеңберлері нешеу,олар бір-бірінен неше градусқа қашық?
21. Бір енкейю шеңберінде қанша градус бар?
22. Аспан сферасында аспан экваторын тауып бөлігінің кұнын анықтаңыздар.
23. Аспан сферасында аспан эклиптикасын тауып өлшеу кұнын анықтау.
24. Эклиптика мен экватор арасындағы бұрыш неге тең?
25. Аспан сферасының үлкен шеңберлерін ата.
26. Моделнде бақылаушы қай жерде орналасқан?
27. Аспан сферасында зенит пен надирді тауып арасындағы бұрышты анықта.
28. Аспан сферасындағы вертикалды тауып бөлігінің кұнын анықта.
29. Модельде қанша аспан параллелдері көрсетілген,оларды экватордан ара қашықтығы қандай.
30. Аспан сферасында қанша аспан параллелдері бейнеленуі мүмкін?
31. Тәуліктік параллелдер аспан экваторынан қандай бұрыштық қашықтықта орналаскан ? Дүние осімен ше?
32. Аспан экваторы математикалық горизонтпен қандай бұрыш жасайды?
33. Тәуліктік параллелдер математикалық горизонтпен қандай бұрыш жасайды?
34. Еңкею дөңгелегінде шырақты бейнелейтін модельді төмендегі координаттарға сәйкес орынға бекітіп қойыңыз: 1) α=0h, δ=40º 2) α= 3h,δ=20º 3) α=5h,δ=45º 4) α=12 h,δ= -30º 5) α=6 h δ= 30º 6) α= 9 h δ= 60º 7) α=18 h δ= -30º 8) α= 15 h δ= -60º 9) α=6 h,δ= -45º 10) α= 0h,δ= 45º 11) α=6h,δ= 30º 12) α=10h,δ= 60º 13) α= 8h,δ= -30º 14) α= 3h,δ=20º
35. Шырақтардың орындарын өзгертпей, горизонттық координаттарын анықтаңыз.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Д.И.Кенжалиев «Астрометрия» 2007 Орал –-§4-§5 21-27 бет;
М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §6-§13 стр 14-26 ;
П.И.Бакулин,Э.В.Кононович,В.И. Мороз «Курс общей астрономии» Москва «Наука» 1977 -§10-§11 стр 24-29
Өткізу формасы: ғылыми-зерттеу жұмысы, аспан сферасы моделімен жұмыстану, оны оқып-үйрену.
Бағалау критерийлері: 2-кесте.
№3 зертханалық жұмыс: Жұлдызды аспанның жылжылмалы картасы
Достарыңызбен бөлісу: |