М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Кафедра ___Физика_____
SYLLABUS
Пәннің атауы ____Астрономия_____
Кредиттік білім беру бағдарламасы
Құрастырғандар: ____Есенгалиева А.Н оқытушы____
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Орал, 2020 ж.
SYLLABUS 16 тамыз 2013 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5В011000 «Физика» мамандығының оқу жұмыс бағдарламасының негізінде дайындалды
Кафедра мәжілісінде қаралды
Хаттама №1 « 10 » қыркүйек 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі: __Имангалиева Б.С.__
(қолы, ТАӘ)
Пікір беруші: ____Сырым Ж.С., пед.ғыл.кандидаты, доцент______
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Пікір беруші: ____Искалиева А.О., аға оқытушы, магистр________
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Сарапшы: ______Кабибуллин М.Д., оқытушы, магистр _______
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
1 Пән туралы мәліметтер:
Астрономия дүниетану ғылымдарының ішінде алдыңғы сапта келе жатқан ғылым. Астрономия – аспан денелері мен олардың жүйелерінің қозғалысын және құрылымын, пайда болуын және дамуын зерттейтін ғылым.
Астрономия табиғат аясында туындайтын-күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдері мен ай фазаларының алмасуы, теңіздер деңгейінің көтерілуі мен төмендеуі, әр ендіктегі тәулік уақытының өзгерісі, аспан денелерінің қозғалысы, кометалар мен метеорлар шоғырының пайда болуы, аспан денелерінің физикалық табиғаты секілді сұрақтарға жауап береді.
Астрофизикалық зерттеулер саласындағы ғылыми мағлұматтың мөлшері мен құндылығы жылдан-жылға арта түсуде. Сондықтан адамзат өркениетінің дәуірі болып табылатын бұл процестердің барлығының жоғарғы оқу орындары деңгейінде астрономия курсында орын алуы, яғни пәннің бағдарламасының астрофизикалық бағытты ұстануы заңды үрдіс.
Курстың мазмұны бір-біріне логикалық жалғастағы келесі бөлімдерден тұрады:
Сфералы және тәжірибелі астрономия негізі;
Күн жүйесінің құрылымы, аспан механикасы мен теориялық астрономия негіздері;
Астрофизика мен жұлдызды астрономия негіздері;
Ғаламның құрылымы және эволюциясы.
Кредит
|
2
|
Курс
|
3
|
Семестр
|
6
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Жазбаша емтихан
|
Дәріс (сағаты)
|
15
|
Лабораториялық сабақтар (сағаты)
|
15
|
СОӨЖ (сағаты)
|
15
|
Барлық сағаттар
|
45
|
Мақсаты:
Аспан денелерінің құрылымы, қозғалысы және дамуы жөніндегі жалпы түсініктерді қалыптастыру. Студенттерді Ғаламның дамымалы моделімен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |