Т. А.Ә. Мұхамбетжан А. Е



бет1/3
Дата02.10.2019
өлшемі69,4 Kb.
#49064
  1   2   3
Байланысты:
Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат


Атырау «Болашақ» көпсалалы колледжі «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі 4 курс»

Т.А.Ә. Мұхамбетжан А.Е.



Кіріспе

Қазақ тілі ғылыми пән болып есептеледі.Басқа пәндерді ана тілінде оқу – жазуға дағдылану арқылы оқып үйренуге болады.Тіл –сауаттылық негізі. Тіл – тәрбие құралы.Қазақ тілі әдістемесі пәні – теориялық жағынан жүйеленген, дамыған педагогика ғылымының бір саласы.

Методика – грек сөзінен алынған, ол «бір нәрсені оқыту, үйрету»дегенді білдіреді.Қазақ тілі әдістемесі – жүйеге түскен ғылыми сала.Пәннің тарихибастамасы халқымыздың ұлы ағартушысы педагогі Ы. Алтынсаринмен тығыз байланысты.Оның айғағы 1879жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы»,т.б – алғашқы Әліппе оқулығы.ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілі білімін, сөйлеу мәнерін дамытуда ғалым А.Байтұрсыновтың орны ерекше. 1900 – 1930 жылдар арасында «Оқу құралы»,«Тіл құралы» жарық көрді.

Қазақ тілі әдістемесі – үнемі дамып, жетіліп отырады.Ол лингвистика, логика тарих, әдебиет т.б ғылымдармен тығыз байланысты.

Қазақ тілі әдістемесі теориялық білімді практикалық іс – і-әрекетпен ұштастыратын ғылыми пән.

Тіл – халықтың жаны, сәні тұтастай кескін – келбеті,болмысы.Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтың қасиетті мұрамыз,ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақ тілі – дүние ж.үзіндегі ең бай ,оралымды да бейнелі тілдердің бірі.Ол – өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық – саяси өмірдің барлық саласын көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және стильдік нормасымен танымал көркем тіл.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады.Қазақ тілі әдеби тілмен және еларалық сөзімен қалыптасқан.

1. 1940ж. дейін қазақ жазуы латын графикасымен;

2. 1940жылдан бастап осы уақытқа дейін қазіргі қазақ тілі жүйесі кириллица графикасымен беріліп жүр.

«Тіл – ұлттық аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі, ұлттық өзінің болашағы тілдің дамуына оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.

Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз.Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз.Әлемді танимыз.Сондықтан адам баласының байлығының бірі – сөз өнері. «Өнер алды – қызыл тіл» деген сөздің астарында қаншама сыр бар?!

Әрбір елдің қуат – күші, байлық – бағыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады.Ал мәдени өріс, рухани талғам деген халықтың ақыл – ойының көрінісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі.Халықтық сақталуы тіліне байланысты.

Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрьір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы.Ол атадан балаға мұра болып қалған баға жетпес мұра.Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі – ар өлшемі.

Менің ана тілім – шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам – меніңше, ақын емес. Қандай ақын – жазушы болса да, әр жүрек өз анатілін жырлауы тиіс. Ана тілін жырламаған адам жоқ болар.

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз.

Ана тілінде сөйлеу, ана тілін құрметтеу ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі болып табылады.Қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.

Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат

Сын есім – өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге «Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? ,- деген қысқаша анықтама берілген.

Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбектерде де жалғасын тапты. Қ.Жұбанов «Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері» атты мақаласында заттың не істің сипан белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын түбірді сын есім деп атаған. Кейінгі қазақ тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықтарда сын есімге «заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түрін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы», «Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру» , - деген анықтамалар берілген. Олай болса, сын есім зат есімнің сын-сипатын білдіріп, зат есімді ғана анықтайды. Мысалы, терең көл, қатты ағаш, ұзын арқан, тұнық су, сұлу қыз, ақылды жігіт, биік тау, т.б.. Бірақ сын есім кейде етістікті де анықтайды. Мысалы, қайтып кірер есікті қатты серіппе. Жасы өзгелерден кішірек, аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты. (М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі қатты, жақсы деген сөздер – сын есімдер. Олар сөйлемдердегі етістіктерге қатысты болып, олардың сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде тұр. Бұл жөнінде профессор М.Балақаев еңбегінде анық айтылған: «Сын есімдердің етістіктерімен тіркесуі сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді.

Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады,» - дей келіп, бұл пікірін одан әрі «олардың лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады,» - деп нақтылаған.

Олай болса, аз ғана сын есімнің санаулы етістікпен тіркесіп келуі сын есімнің негізгі табиғи қызметін – зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі сындық белгісін білдіруден өзгертпейді.

Сондықтан да «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) «Бір қатар сын есімдердің зат есімдерді анықтаулармен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды.... үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады»,-деп көрсетілген.

Сын есімдерді басқа сөз табынан ерекшелейтін белгісі – бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін, оның шырай категориясы. Осы категорияны жан-жақты зерттеген – Ғ.Мұсабаев. Ғалым бұл еңбегінде шырай категориясының зерттелуіне қысқаша сипаттама беріп, шырайлардың түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталған. Ал Ж.Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен профессор А.Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелденген. Сондай – ақ қазақ тіл біліміндегі сын есім мәселесіне байланысты көзқарастарға тоқтала келіп, автордың бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты – «сын есім мәселесінде айтылған бұрын–соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айтып беру» болған. Ғалым осы мақсатына сай сын есімнің түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасай отырып, сын есімнің мағыналық түрлеріне, шырайларына және олардың жасалу жолдарына, сын есімнің тұлғасына және құрылысына қарай бөлінуіне, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің зат есім, етістік, үстеумен байланысы, сын есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестерін де қамти отырып, белгілі бір жүйеде сипаттаған.

Сын есімнің жалпы сипаттамасы

Тіліміздегі заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын сан алуан қасиеттерін білдіретін сөздер үлкен бір топ құрайды. Осы топқа жататын сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы, абстракциялануы нәтижесінде оларда заттың сындық белгісін білдіретін жалпы грамматикалық мағына пайда болады.

Заттың сындық белгісін байқататын жалпы грамматикалық мағына сын есім деген жеке сөз табын тануға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылымдағы сөздерді таптастырудың бірінші белгісіне, яғни семантикалық ұстанымға сәйкес – «сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика – грамматикалық тобы әрі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы болып табылады.

Сөз таптарының морфологиялық сипатын сөз еткенде, алдымен олардың құрылымы, екінші жасалу тәсілі, одан соң түрлену жүйесі ескерілуі керек. Осы тұрғыдан келгенде сын есім құрылымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Ал жалаң сын есімдер өз ішінде негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер болып бөлінсе, күрделі сын есімдер біріккен, қосарланған, тіркескен сын есімдер болып бөлінеді.

Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады. Бірақ бұл мәселе сөзжасамда қаралатындықтан, бұған тоқталмаймыз.

Сөздерді топтарға бөлгенде олардың грамматикалық сипатын ашатын белгілердің бірі ретінде сөздердің түрлену жүйесі де ескеріледі. Мысалы, зат есім өзінің көптелу, тәуелдену, септелу жүйелері арқылы басқа сөз таптарынан ажыратылады. Бірақ сын есімде мұндай түрлену жүйесі жоқ, яғни сын есім өзінің негізгі қызметіне сай зат есімге тіркесіп, оны анықтағанда, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан сын есім түрленбейтін сөз табына жатады. Сын есімнің тұлғалық өзгеріске түспеуі, түрленбеуі сөздерді таптастырудың морфологиялық ұстанымына байланысты белгісі болып есептеледі, өйткені «түрлену жүйесіне (немесе оған қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі (морфологиялық) принципі. Бірақ сын есімде басқа сөз таптарында кездеспейтін шырай категориясы бар.

Ғылымда қалыптасқан қағида бойынша жеке сөз табы болатын сөздер сөйлемде белгілі қызмет атқарып, басқа сөздермен байланысқа түседі. Осы тұрғыдан келгенде сын есім зат есімдермен тіркесіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Олай болса сын есімнің белгілі сөйлем мүшесі бола алу қабілеті – оның синтаксистік ұстанымға сай белгісі.

Осы айтылған ерекшеліктер сын есімді жеке сөз табы ретінде танытатын белгілер деп есептеледі.



Сын есімнің семантикалық топтары

Өмірдегі заттардың сындық белгілері өте көп, қасиеттері де сан алуан. Сонымен байланысты сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді. Сол себепті сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді:



  1. Сапалық сын есімдер;

  2. Қатыстық сын есімдер.

Сын есімдерді мағыналық жағынан осылай екі топқа бөлу – ертеден келе жатқан дәстүр. Мысалы, А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығының 1915 жылы шыққан 2-бөлімінде сын есімдерді тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлген және ғалым бұлардың әрқайсысына сипаттама берген. «Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді», - дей келіп, оған ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік т.б. мысалдарды келтірген.

Ал «Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді», - деп, биік, аласа, жуан, жіңішке, толық, нәзік, арық, семіз, қызыл, көк секілді мысалдармен көрсетілген. Әрине тек сынына келтірілген мысалдарда түбір күйіндегі екі зат есім бір-бірімен тіркесіп келіп, бірін-бірі анықтап тұр, яғни аяқтың ағаштан, қасықтың күмістен, жүзіктің алтыннан жасалғанын білдіріп, анықтауыштық қызметте тұр, бірақ олар (ағаш, күміс, алтын) сын есім емес, сөз табы жағынан зат есім сөздер екендігі кейінгі ғалымдар еңбектерінде дәлелденген жайт.

Ал сыр сынына берілген анықтама, мысалдары қазіргі оқулықтардағы сын есімнің сапалық деген мағыналық тобына келеді, сондықтан ғалымның сын есімдерді осылай топтап аталуының үлкен мәні бар.

Сын есімнің шырай категориясын арнайы зерттеген (1951) және 1957 жылғы академиялық грамматикада «Сын есім» тақырыбын жазған Ғ.Мұсабаев сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлген.



Сапалық сын есімдер

Сапалық сын есімдер, оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, мағынасы жағынан заттың түрі мен түсін, сыры мен сапасын, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіреді.

Сапалық сын есімдер негізінен қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер ретінде қарастырылады. Мысалы, ақ, көк, сары, жақсы, биік т.б. секілді сын есімдер түбір сөздер, бірақ сапалық сын есімдерді қосымшасыз негізгі түбірлер дегенді шартты түрде ғана алып, белгілі бір кезең, қалыптасқан дәстүр тұрғысынан қарамау жөнінде грамматикаларда еркертілген. Осы пікірді профессор А.Ысқақов та жалғастырып, сапалық сын есімдерге түбір сөздерді жатқызу салты бар екендігіне тоқтала келіп, «бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы, ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыды, момақан, ашылды, жабылды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған»,-дейді.

Бірақ ғалым келтіріп отырған сын есімдер тарихи жағынан түбір сөздер болғанымен, сапалық сын есімдер қатарына жатады, өйткені сапалық сын есімдерге тән белгілер бар. Ал сапалық сындардың ерекшеліктері мыналар: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және сынның әрқилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады, екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я есіре түсу үшін қолданатын үстеме буындар жалғанады, үшіншіден, олар семантикалық ерекшелігіне қарай атрибуттық (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады. Сонымен бірге, заттың сапалық белгісі өзінің бастапқы қалпын үнемі сақтап тұрмайтын ерекшелігі де айтылып жүр. «Мысалы, жаңа дәптер, қызыл орамал десек, мұндағы анықталушы зат есімдер (дәптер, орамал) осы қалпында тұра бермей, пайдалану барысында сындық сипатын өзгертеді (ескі дәптер, қызғылт орамал).



Қатыстық сын есімдер

Сын есімнің мағыналық топтарының бірі қатыстық сын есімдер туралы грамматикаларда «қатыстық сын есімдер өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен сыбайлас келіп, сол белгілі бір заттың белгісін басқа бір заттың, я іс-қимылдың қатысы арқылы білдіретін сөздер», «бір заттың белгісін басқа бір заттың, қимыл іс-әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сөздер», - деген анықтамалар берілген. Мысалы, жауынды күз, білімді студент, сулы жер, үкілі домбыра, малды ауыл,күзгі жел, көршілес ауыл, қатулы қабақ, үюлі шөп, т.б.

Осы мысалдардағы жауынды, білімді, сулы, үкілі, малды, күзгі, көршілес, қатулы, үюлі сөздері – қатыстық сын есімдер.

Қатыстық сын есімдер морфемдік құрамы жағынан – негізгі және көмекші морфемалардан тұрады, яғни «әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады. Мысалы, оюлы (текемет), тастақ (жер), қарлы (қыс) т.б. секілді туынды сын есімдердің тығыз байланысты, өйткені оюы жоқ текемет оюлы, тасы жоқ жер тастақ, қар жаумаған қыс қарлы деп айтылмаған болар еді, ал оларға жалғанған –лы, -тақ, -лы жұрнақтары текеметте, жерде, қыста сол белгілердің бар екенін көрсетіп тұр.

Олай болса, қатыстық сын есімдердің құрамындағы негізгі морфема мен қосымша морфеманың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады.

Қатыстық сын есімдер негізінен есімдер мен етістіктерден жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, қамысты, шилі, пайдалы, намысқор, күлдіргі, тапқыш, береген, т.б. Осы қатыстық сын есімдер қамыс, ши, пайда, намыс есім сөздеріне –ты, -лы, -лі, -қор жұрнақтары жалғану арқылы, ал күлдір, тап, бер етістіктеріне және етістіктерден қатыстық сын есім жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар өте көп. Ол жұрнақтар профессор Н.Оралбайдың «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты оқулығында кеңінен талданған.

Осылайша, «сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар, я жоқ, соған бейімділік мекендік, т.б. тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болу арқылы қатыстық сын есім болады.

Қатыстық сын есімнің, еңбектерде көрсетіліп жүрген тағы бір ерекшелігі олар сын есімнің шырай қосымшаларымен түрленбейді. Ал егер сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер шырай тұлғалары арқылы түрленетін болса, онда олар сапалық сын есімдерге ауысқан сөздер болып есептеледі. Мысалы, білгір – білгір-леу, біл-білгір, өте білгір, икемді-икемдірек, икемділеу, т.б. бұл ерекшелікке соңғы зерттеулерде де көңіл бөлініп жүр. Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипатын қарастырған Г.Сыздықова өз зерттеуінде осы мәселені де қамтыған. Автор сапалық сын есімге ауысқан қатыстық сын есімдерді толық және жартылай ауысқан деп екіге бөліп толық түбегейлі түрде ауысқан қатыстық сын есімдерде сапалық мән үстем болатындығын, ал жартылай ауысқан қатыстық сын есімдер бірде қатыстық, бірде сапалық мәнде қолданылатындығын мысалдармен дәлелдеген.



Сын есімнің морфологиялық құрылымы

Морфемдік құрылымына қарай жалаң деп есептелетін сын есімдер өз ішінде негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі сын есімдер бөлшектеуге келмейтін бір түбір морфемадан тұратын сөздер. Мысалы, үлкен, биік, тар, кең секілді сын есімдер – одан әрі морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер. Алайда сын есімдерді осылайша жіктеудің шартты нәрсе екенін, олардың құрамында да тарихи этимологиялық тұрғыдан туынды түбір болатын, негізгі түбір қосымшаларымен арасы ажырамастай кірігіп кеткендері де кездесетіндігі оқулықтарда айтылып жүр. Мысалы, тұнық, сұйық, жазық секілді сын есімдер бастапқы тұн, сұйы, жаз етістіктерінен жасалған.

Жалаң сын есімдердің көпшілігі «түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдер. Мысалы, әдепті, байыпты, сөзшең, ұғымтал, жеңілтек, жинақы, сөнгіш, ширақ, т.б. секілді сын есімдер түбірге жұрнақтар (-ті, -ты, -шең, -тал, -тек, -қы, -гіш, -қ) жалғану арқылы жасалған.



Күрделі сын есімдер

Тіліміздегі заттың белгісін білдіретін сын есімдер үнемі негізгі, туынды түбір бола бермейді, кейде олар екі немесе одан көп сөзден құралып, сындық белгіні білдіреді. Мысалы, шұнақ қызық аяз, бұлаң түлкі мінез, қызыл ала көйлек, кедір-бұдыр жер, т.б. Осындай екі не одан да көп сөздерден құралып, бір сындық ұғымды, белгіні білдіретін сын есімдер күрделі сындар болатындығы ғалымда дәлелденген жағдай. «Күрделі сын есімдер» деген

атау ғалымдар А.Ысқақов пен К.Ахановтың авторлығымен шыққан мектеп грамматикасынан бастап айналымға түсіп, содан бері оқулықтарда қолданылып келеді. Күрделі сындарға тін ерекшелік ол қаншама сыңарлардан құрылса да, бір белгіні білдіретін бір сөз, бір лексема болып саналады, бір сөздің қызметін атқарады, сөйлемде бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір мүшесі болады. Мысалы, Байжандар келгенде қызыл көк ат ерттеулі тұр еді (Ғ.Мүсірепов). Есболаттан жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, өр жүзді Оразбай отыр (М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі қызыл көк, жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, өр жүзді деген күрделі сын есімдер ат, Оразбай деген зат есімдерді анықтап, сөйлемнің анықтауыш мүшесі болып тұр.

Оның үстіне «күрделі сындар біртұтас сөз болғандықтан, олардың құрамындағы сыңарлардың орны тұрақты және олардың орнын ауыстыруға болмайды, яғни күрделі сындардың мағыналары сыңарларының белгілі бір тәртіпте тұруы арқылы жасалады. Мысалы, ұзын бойлы адам, қалың қамысты көл дегендегі күрделі сын есімдердің орнын ауыстырып, бойлы ұзын адам, қамысты қалың көл деуге болмайды.

А.Ысқақов «күрделі сын есімдер негізгі сындардан да, туынды сындардан да, олардың өзді-өзінің де, өзге сөздермен де тіркесуі, қайталануы, қосарлануы, әредік бірігуі арқылы жасалып, бір бүтін күрделі тұлға ретінде қызмет етеді» - дей келіп, күрделі сындардың тілдегі жасалуының бірнеше үлгісін берген.

Солардың негізі мынадай:



  • сапалық (негізгі) сын есімдер бірімен-бірі тіркеседі. Бұл топқа қара ала, сары ала, торы ала, шұбар ала, қызыл ала деген үлгі бойынша жасалатын, демек алғашқы компоненті ауысып, соңғы компоненті өзгермей тіркесетін сындар да, қара көк, қара кер деген үлгі бойынша, демек алғашқы ауыспай, соңғы компоненті ауысып жасалатын екі компонентті күрделі сындар да, ал қара көк, ал қара кер үш компонентті күрделі сын есімдер де жатады.

  • бірыңғай я негізгі (сапалық), я туынды (қатыстық) сындар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы, кішкене-кішкене, аппақ-аппақ, үлкенді-кішілі, т.б.

  • негізгі сын мен –лы(-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы, кең маңдайлы, қызыл шырайлы, т.б.



  • зат есім, сан есім, есімдік, есімше формалар мен –лы(-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы, алтын баулы, төрт бұрышты, түк пайдасыз іс, қажымас қажырлы, т.б.

Н.Оралбай оқулығында да күрделі сындар біріккен, қосарланған, тіркескен күрделі сындар деп бөлініп, біріккен күрделі сындардың онша көп емес екендігі, оларға көнетоз, көнтері, тілалғыш, есерсоқ, біртоға, алаңғасар, аласабыр, бұратана, кемтар, кертартпа, қонақжай, жарымжан, балажан, қарапайым, кеудемсоқ, үшқұста (ашу), өтжеңді, кірпияз, можантопай, өтекбасты (мінез) секілді сөздер жататындығы көрсетілген.

Сонымен бірге екі және үш құрамды күрделі сындардың жасалу үлгілері жүйелі түрде берілген. Екі құрамды күрделі сындардың жасалу үлгілері:



  1. Сапа сыны + сапа сыны: қызыл ала, қара көк, т.б.

  2. Қатыстық сын + сапа сыны: сыбызғыдай нәзік, т.б.

  3. Зат есім + қатыстық сын: күміс қоңыраулы, т.б.

  4. Қатыстық сын + қатыстық сын: сәнді киім, т.б.

  5. Сан есім + қатыстық сын: сегіз қанатты, т.б.

  6. Етістік + қатыстық сын: піскен алмадай, т.б.

Осы үлгілерден тіркесті күрделі сындардың тілде өте жиі қолданылатындығын байқауға болады. Бірақ бұл сын есімдердің өзіне тән ерекшеліктері соңғы кезде ғана зерттеу нысаны ретінде жан-жақты қарастырылды. Г.Мамаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі тіркесті күрделі сын есім сөздер» деген диссертациялық еңбегінде тіркесті күрделі сындардың мағына тұтастығы мен оның күрделі ұғымды білдіретіндігі, олардың құрамы анықталып, сапалық сыны мен қатыстық сынның негізінде жасалған тіркесті күрделі сындардың ерекшеліктері жан-жақты сипатталған.

Сондай-ақ Г.Сыздықова өз зерттеуінде қосарлану тәсілімен жасалған қатыстық сын есімдердің күрделі жасалу жолына және семантикалық сипатына қарай былай топтастырған:

Жасалу жолына қарай:


  1. Бірыңғай аффикстер арқылы жасалған қатыстық сын есімдердің қайталануы: көлемді-көлемді, бармақтай-бармақтай, т.б.

  2. Бірыңғай аффикстер арқылы жасалған қатыстық сын есімдердің қосарлануы: ащылы-тұщылы, өлді-малды, т.б.

  3. Әр түрлі аффикстер арқылы жасалған қатыстық сын есімдердің қосарлануы: сулы-сусыз, ғылыми-әдістемелік, т.б.

Семантикалық сипатына қарай:

  1. Өзара мәндес қатыстық сын есімдер: даусыз-талассыз, күшті-қуатты, т.б.

  2. Ұштас мәндес қатыстық сын есімдер: ерлі-зайыпты, т.б.

  3. Қарама-қарсы мәндес қатыстық сын есімдер: ашпалы-жаппалы, ұзынды-қысқалы, т.б.

  4. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қатыстық сын есімдер: үйлі-баранды, қоралы-қопсылы, т.б.

  5. Болымды-болымсыз мағыналы қатыстық сын есімдер: таулы-таусыз, сулы-сусыз, т.б.

Сөйтіп, күрделі сындар ең кемі екі сөзден құралып, ішкі құрамы түрліше үлгіде жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет