Түркістан облысы
Шардара ауданы
Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы
Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы филология –тарихи бейіні бойынша «Практикалық қазақ тілі» қолданбалы курсынан 10 Ә сыныпқа арналған бағдарлама
Автор: Дуйсенова Нуржамал Конисбековна
2018-2019 оқу жылы
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартында білім алушының білім, білік, дағдыны өз қажеттілігіне пайдалану және қоғам өміріне белсене араласу мақсатында ақпаратты өздігінен іздеу, талдау, тиімді қолдану мүмкіндігін дамытуға ерекше назар аударылады.
Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің толық негіздері бар. Біріншіден, елімізде қазақ тілін ана тілі ретінде қолданушылардың саны жеткілікті әрі басым.Екіншіден, қоғамдық өмірдегі, ғылым мен техника, бұқаралық ақпарат құралдары, өнер мен мәдениет, т.б. салаларда қызмет көрсетуі.Республиканың барлық аймақтарына таралуы,ауызша, жазбаша түрде де қолданылатын тілдің баршаға түсінікті әдеби тіл ретінде танылуы-үшінші сипаты. Сонымен бірге, ана тіліміздің лексика-фразеологиялық қоры өте бай, көркем, түрлі стильде жазып, сөйлеуге, аударма жасауға үлкен мүмкіндіктер беретіні де мемлекеттік тілге тән жан-жақты талаптарға сай.
«Практикалық қазақ тілі» курсы қазақ тілінің ғылыми негізін-дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылымы мен жүйесін, соларға тән басты ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын,сол тілдің барлық нормаларын қарастырады.
Лингвистика-тіл туралы ғылым. Ал кез келген тіл, негіэінен, үш түрлі құрылымнан, қалыптасқан жүйелер жиынтығынан құралады. Олар- тілдің дыбыстық жүйесі, тілдің сөз байлығы, яғни, лексикасы, тілдің грамматикалық құрылысы. Осыған орай,тіл білімі ең алдымен ірі үш тарауға бөлінеді. Олар-фонетика, лексикология, грамматика. Бұлардың өзі өз ішінен бірнеше тармақ, тармақшаларға бөлінеді.Олардың бәрі тілді жан-жақты, тілдік фактыларды (нақты мысалдарды, тілдегі барлық көріністі, сол тілдегі құбылыстардың бәрін) әр қырынан күллі сырын ашып, айқындап зерттеп, оларды ғылыми және практикалық тұрғыдан тәптіштеп түсіндіреді.
«Практикалық қазақ тілі» курсының негізгі мақсаты- оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге жүйелі түрде дайындау, лингвистиканың теориялық негіздерін меңгерту.
Мақсат-міндеті
Практикалық қазақ тілі – мектепте таңдау курсы ретінде оқытыла бастады. Бұл курстың мақсаты-балаға міндетті деңгейдегі білім көздерін меңгертумен қатар, оқушының шығармашылық қабілетін ұштау, ізденімпаздыққа, іскерлікке, зерттеушілікке бағыт-бағдар беру.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
Тіл білімі салалары бойынша төменгі сыныпта алған теориялық білімдерін жүйелеу:
Теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға машықтандыру
Оқу материалдары арқылы ана тілін меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
Алған білімін талдау, салыстырып-сараптау, өз пікіріне орынды негіз етіп алу:
Қоғам өмірінің тынысын сезініп, оған белсенділікпен араласу
Достарыңызбен бөлісу: |