Т. Бигельдинов



бет1/13
Дата08.02.2022
өлшемі25,42 Kb.
#118198
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Таратпа материал 4 сабақ Қазақ батырларының ерлігі кітапша
Тест по роману Ф.М. Достоевского «Преступление и наказание», Kabidullina Merey Outline, Презентация Жанат Канашевна сро 6 апта (копия), Көпшілік алдында сөйлегенде қай, маркировка, 5a5cb825d2517






Батырлар

Ерлігі

1

Б.Момышұлы


2

Н.Әбдіров


3

М.Ғабдуллин


4

Қ.Қайсенов


5

Х.Доспанова


6

Т.Бигельдинов


7

С.Нұрмағамбетов


8

М.Маметова


9

Ә.Молдағұлова


10

С. Баймағамбетұлы


11

Т.Тоқтаров



ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ 1941-1945ЖЖ.


1. АБДОЛОВ Михаил 1918 жылы Орал облысының Чапаев ауданындағы Бітік қыстағында малшы отбасында туған. Батыр атағына 1944 жылғы 7 қарашада Дунайдан өту кезіндегі ерлігі үшін ұсынылған.23.3.1945.
2. АЙТҚҰЛОВ Сәлім 1913 жылы Орал облысының Жаңақала ауданындағы Мұқыр қыстағында туған. Кіші лейтенант. Батыр атағына 1943 жылғы 29 қыркүйекте Днепр үшін болған ұрыста көрсеткен ерлігі үшін ұсынылған. 17.12.1943.
3. АЙТЫҚОВ Ізғұтты (1922-1944). Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Гвардия старшинасы, барлаушы. Батыс Двина өзенінде, Полоцк қаласында болған ұрыста ерлік көрсеткен. 22.7. 1944.
4. АҚБАУОВ Оразақ 1908 жылы Орынбор облысында туған. Гвардия капитаны. 1943 жылы Днепр, Припять маңындағы ұрыстарда тапқырлық, ерлік көрсеткен. 17.10.1943.
5. АУХАДИЕВ Қойгелді (1907-1943). Семей облысының Көкпекті ауданында туған. Қатардағы жауынгер. 1943 жылғы Днепр өзені үшін болған ұрыста үлкен ерлік көрсетіп, негізгі күштің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткен.16.10.1943.
6. ӘБДІӘЛИЕВ Қарақозы (1908-1943). Шымкент облысының Ленгір ауданында туған. Лейтенант. Батыр атағына 1943 жылғы Мелитополь қаласындағы ұрыста көрсеткен ерен ерлігі үшін ұсынылған. 1.11.1943.
7. ӘБДІРОВ Нұркен (1919-1942). Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Сержант. 1942 жылы Ростов облысының Вешенск ауданындағы болған әуе ұрысында жанған ұшағын жау техникасының шоғырланған жеріне дәл бағыттап, ерлікпен қаза тапқан. 31.3.1943.
8. ӘБДІЖАППАРОВ Садық. 1925 жылы Шымкент облысының Шаян ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Батыр атағына Батыс Двинадан жалғыз өзі өтіп, жау пулеметін және 30-дай неміс солдатын жойған ерлігі үшін ұсынылған. 22.7.1944.
9. ӘБЕУІЛОВ Мұқатай (1917-1944). Семей облысының Шұбартау ауданында туған. Гвардия сержанты. Батыр атағына Венгрияны азат ету соғысында көрсеткен ерлігі үшін ұсынылған. 28.04.1945.
10. ӘБУТӘЛІПОВ Әнуар. 1923 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Пулемет расчетінің командирі. Батыр атағына Тисса өзені маңында болған ұрыста өзеннен 47 рет қайықпен қатынап, рота жауынгерлерін әскери жабдықтармен қамтамасыз еткен еңбегі үшін ұсынылған. 24.03.1945.
11. ӘЖІМОВ Төлебай. 1921 жылы Астрахань облысының Икрян ауданында туған. 1944 жылы Крастностив қаласын азат етуде, Висла өзенінен өткенде үлкен ерлік көрсеткен. 29.4.1944
12. ӘЛІМБЕТОВ Абылай. 1921 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауданында туған. Батыр атағына Брянск, Украина жерлерінде өткен ұрыстарда көзсіз ерлік көрсеткені үшін ұсынылған. 30.10.1943.
13. ӘШІРОВ Сейітқасым. 1924 жылы Шымкент облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. Батыр атағына Белоруссия, Польша үшін болған ұрыстар алдындағы барлауда үлкен ерліктер көрсеткен ержүректігі үшін ұсынылған. 24.3.1945.
14. БАЙМАҒАНБЕТОВ Сұлтан (1920-1943). Қостанай облысының Семиозер ауданында туған. Аға сержант. Ленинград үшін болған ұрыста жау амбразурасын денесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан. 21.02.1944.
15. БАЙМҰҚАНОВ Мұса (1910-1945). Гурьев облысының Мақат ауданында туған. Взвод командирі. Одер өзенін кесіп өту кезінде үлкен ерлігімен танылған. 10.04.1945.
16. БАЛМАҒАНБЕТОВ Мақаш. 1914 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Днепропетровск облысының Бородаевка қыстағы маңында болған шайқаста қаһармандық, теңдессіз батылдық көрсеткен. 22. 2.1944.
17. БЕГЕНОВ Мәди (1916-1944). Астрахань облысының Ахтуба ауданында туған. Бөлімше командирі. Днепрден өту кезінде асқан ерлік көрсеткен. 19.3.1943.
18. БЕЛІБАЕВ Зәкария. 1917 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Днепрден өту кезінде асқан ерлік көрсеткен. 10.10.1943.
19. БӨКЕНБАЕВ Мәлкаждар. 1924 жылы Ақтөбе облысының Жұрын ауданында туған. Лейтенант. Ол басқарған взвод Буг өзені маңындағы ұрыста жаудың 102 солдаты мен офицерін қолға түсірген. 22.2.1945.
20. БАЛТАБЕКОВ Иманғали (1925-1945). Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған. Сержант. Пулемет расчетінің командирі. Одер өзені маңындағы Одерфельд деревнясы үшін шайқастағы бір апта ішінде 120 жаудың көзін жойып, ерлікпен қаза тапқан. 10.4.1945.
21. БАЙЫСОВ Матай (1903-1943). Талдықорған облысының Талдықорған ауданында туған. Днепрден өту кезінде үлкен ерлік көрсетіп, Киев облысының Черняхов селосы үшін болған ұрыста қаза тапқан. 10.1.1944.
22. БЕКБОСЫНОВ Серікғазы. 1925 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Свирь өзенінен өту кезінде жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен. 21.06.1944.
23. БИГЕЛДИНОВ Талғат. 1922 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданында туған. Балалық шағы Фрунзе қаласында өткен. Чкалов әскери авиация училищесін бітірген. Калинин, Воронеж, Далалық Украина, Одер мен Ниджердегі ұрыстарға қатысқан. Жауға қарсы 305 дүркін ұшып шығып, сан рет батылдық пен тапқырлықтың үлгісін көрсеткен. Сол үшін батыр атағына екі мәрте ұсынылған қазақтың дара азаматы. 26.10.1944., 27.6.1945.
24. ҒАБДУЛЛИН Мәлік (1915-1973). Көкшетау облысының Зеренді ауданында туған. Рота командирі. Майор. Атақты 8-ші гвардиялық дивизия сапында шайқасқан. Батыр атағына Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін ұсынылған.30.1.1943.
25. ДӘУЛЕТБЕКОВ Амантай (1917-1943). Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Зеңбірек командирі. Дон, Еділ өзені, Курск иініндегі шайқастарға қатысып, әр кезеңде өз зеңбірегімен жаудың 24 танк, 13 зеңбірегін, 200-ге жуық фашисті жойған. 24.12.1943.
26. ДОСМҰХАМБЕТОВ Әбу (1920-1943). Солтүстік Қазақстан облысының Приишим ауданында туған. Рота командирі, аға лейтенант. Днепрден өту кезінде ерен ерлік, қаһармандық үлгісін көрсеткен. 16.10.1943.
27. ЕЛЕУІСОВ Жәнібек 1925 жылы Алтай өлкесі, Таулы Алтай автономиялық облысында туған. Пулеметшілер бөлімшесінің командирі. Воронеж майданындағы ұрыстарда қаһармандық үлгісін көрсеткен. 16.10.1943.
28. ЕСБОЛАТОВ Нарсұтбай (1913-1941). Талдықорған облысының Ақсу ауданында туған. 28 панфиловшы жауынгердің бірі. Дубосеково разъезі түбіндегі ұрыста ерлікпен қаза тапқан. 21.7.1944.
29. ЕСТЕМІСОВ Саттар (1919-1943). Жамбыл облысының Шу ауданында туған. Сержант, автоматшылар бөлімшесінің командирі. Смоленск облысының Пречистинск ауданында болған шайқаста үлкен ерлік көрсетіп, қаһармандықпен қаза тапқан. 4.6.1944.
30. ЕСЕТОВ Расул 1924 жылы Шымкент облысының Түркістан қаласында туған. Бөлімше командирі. Шабуыл кезінде оның бөлімшесі жаудың 50 солдаты мен офицерін жойып, оқ-дәрі қоймасын қолға түсірген.13.9.1945.
31. ЕСҚАЛИЕВ Сүндетқали (1924-1944). Орал облысының Бөрлі ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Могилев облысының Лидица деревнясы маңында болған шайқаста жау амбразурасын кеудесімен жауып қаза тапқан. 24.3.1945.
32. ЖАЗЫҚОВ Қожабай. 1920 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Лейтенант. Барлаушылар взводының командирі. Әр кезеңде жаудың 250 офицер, солдатын тұтқынға алған. Будапештегі жау тобын жойып, үлкен ерлік ісімен көзге түскен. 28.4.1945.
33. ЖАҚСЫҒҰЛОВ Садық. 1924 жылы Орал облысының Жаңақала ауданында туған. Миномет бөлімшесінің командирі. Днепрден өту үшін болған ұрыста үлкен ерлік, батылдық көрсеткен. 22.2.1944.
34. ЖАНҰЗАҚОВ Абдулла (1918-1944). Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған. Автоматшы. Невель қаласы мен Глуховка елді мекенінде жанқиярлық ерлікпен көзге түскен. Батыс Двина өзенінен өту кезінде қаһармандықпен қаза тапқан. 22.7.1944.
35. ЖҮНІСОВ Мәжит (1917-1945). Орал облысының Жаңақала ауданында туған. Старшина. Автоматшы. Днепрден өту кезінде әскери басшылық тапсырмасын мүлтіксіз орындап, операцияның сәтті орындалуын қамтамасыз еткен. 20.12.1943.
36. ЖАМАНҒАРАЕВ Қашаған 1910 жылы Алматы облысының Шелек ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Сталинград, Курск, Украинадағы шайқастарда ерлік көрсеткен. 17.10.1943.
37. ЖОЛДАСОВ Лесбек. 1920 жылы Шымкент облысының Келес ауданында туған. Рота командирі. Дунай өзенінен өту кезінде ерлік үлгісін көрсеткен. 24.3.1945.
38. ЖҰМАЛИЕВ Қилмаш (1918-1945). РСФСР-дің Донбасс облысындағы Прима ауданында туған. Кіші сержант. Варшава түбіндегі ұрыста ғажап ерліктің үлгісін көрсетіп, жаудың 2 дзотын жойып, биіктегі блиндажын топталған гранатамен талқандап, немістерді қырғынға ұшыратқан. 27.2.1945.
39. ИШАНОВ Естай 1906 жылы Қостанай облысының Жетіқара ауданында туған. Гвардия кіші сержанты. Днепрдің батысындағы Медвин ауданында дұшпанның 3 танкісін, қару тиеген 7 машинасы мен бір батальонға жуық әскерін жойып, ересен ерлік көрсеткен. 17.10.1943.
40. ИБРАГИМОВ Темірбек (1922-1943). Шымкент облысының Шәуілдір ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Днепрден өту кезінде аса зор ерлік көрсетіп, қаза тапқан. 30.10.1943.
41. ИСАХАНОВ Берген (1922-1970). Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Бөлімше командирі, сержант. Днепрден өту кезінде ерлік пен батылдық көрсетіп, операцияның сәтті өтуіне үлкен ықпал жасаған.30.10.1943.
42. КЕНЖЕБАЕВ Төле. 1902 жылы Алматы облысының Шелек ауданында туған. Атты әскер полкының жауынгері. Днепрден өту кезінде үлкен ерлік пен батылдық көрсеткен. 15.1.1944.
43. КӨМЕКБАЕВ Тайымбет. 1896 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Барлаушылар бөлімшесінің командирі. Кезекті бір операцияда бір өзі 60 фашисті өлтіріп, 12-сін тұтқынға алған. Одерден өту кезінде ересен ерлік көрсеткен. 10.4.1945.
44. КӨБІКОВ Хамит (1916-1973). Талдықорған облысының Панфилов ауданында туған. Зеңбірек бөлімшесінің командирі. Сталинград, Берлин, Прага үшін болған ұрыстарға қатысқан. Одер өзенінен өткен кезде жаудың 3 танкісін, 30-дай солдат, офицері мен 4 броньды машинасын жойған. 10.4.1945.
45. ҚОСАЕВ Әлікбай (1905-1941). Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Қаһарман 28 гвардияшы панфиловшының бірі. Дубосеково түбінде болған жойқын соғыста ерлікпен қаза тапқан. 21.7.1942.
46. ҚАУЫНБАЕВ Тоғанбай. 1923 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Днепрден өту кезінде асқан ерлік жасап, көзге түскен. 30.10.1943.
47. ҚИЗАТОВ Жәлел. 1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Днепрден өту кезінде үлкен ерлік көрсеткен. 17.1.1944.
48. ҚОЖАБЕРГЕНОВ Әлиасқар (1917-1941). Талдықорған облысының Қаратал ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Қаһарман 28 гвардияшы-панфиловшының бірі. Дубосеково түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан. 21.7.1942.
49. ҚҰРМАНОВ Ақан (1918-1943). Ақмола облысының Атбасар ауданында туған. Атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, өжеттігімен көзге түскен. Днепрден өту кезінде ерлікпен қаза тапқан. 15.1.1944.
50. ҚАБЫЛОВ Төлен (1917-1945). Алматы облысының Шелек ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Сталинград, Дон, Қырым, Украина майдандарындағы көптеген ұрыстарға қатысқан. Кенигсберг қаласы үшін болған шайқаста үлкен ерлік көрсетіп, қаза тапқан. 19.4.1945.
51. ҚАЙЫПОВ Жүнісбай (1907-1944). Алматы облысының Шелек ауданында туған. Старшина. Танкке қарсы оқ ататын зеңбірек командирі. Асқан мергендігімен көзге түскен. Новгород қаласы үшін болған ұрыста үлкен ерлік жасаған. 1.7.1944.
52. ҚАЙЫРБАЕВ Махмет. 1925 жылы Семей облысының Бесқарағай ауданында туған. Аға лейтенант. Батарея командирі. Шауляй қаласы үшін болған ұрыста жауға ойсырата соққы беріп, үлкен ерлік көрсеткен.24.3.1944.
53. ҚАЛДЫҚАРАЕВ Жұмағали (1922-1944). Түркіменстанның Ташауыз облысындағы Ходжейлі ауданында туған. Қатардағы жауынгер. 1943 жылы Днепрден өту кезінде ерен ерлік жасаған. 15.1.1944.
54. ҚАМЗИН Қанаш (1919-1944). Павлодар облысының Ермак ауданында туған. Рота командирі, лейтенант. Днепрден өту кезінде асқан ерлік көрсетіп, қаза тапқан. 13.9.1944.
55. ҚАРАҚҰЛОВ Жұман (1921-1944). Қарақалпақстандағы Ахунбабаев ауылында туған. Қатардағы жауынгер. Украина, Солтүстік Кавказ майдандарында шайқасқан. Чехословакияны азат ету үшін болған ұрыстарға қатысып, ерлікпен қаза тапқан. 24.3.1945.
56. МАМЫРАЕВ Мартбек. 1908 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Аға сержант. Пулеметші. Днепрден өткен кезде үлкен ерлік, батылдық көрсеткен. 15.1.1944.
57. МӘМЕТОВА Мәншүк (1922-1944). Орал облысының Орда ауданында туған. Аға сержант. Пулеметші. Невель қаласы үшін болған ұрыста ғажайып ерлік көрсетіп, қаза тапқан. 1.3.1944.
58. МОЛДАБАЕВ Ережепбай (1925-1944). Шымкент облысының Қатынкөпір елді мекенінде туған. Қатардағы жауынгер. Висла өзенінен өту кезінде ерлікпен қаза тапқан. 23.9.1944.
59. МОЛДАҒАЛИЕВ Жанғазы (1917-1944). Семей облысының Абай ауданында туған. Рота командирі. Лейтенант. Сталинград, Воронеж, Дон майдандарында шайқасқан. Украинадағы Черонопаровка деревнясы үшін болған ұрыста жау дзотының аузын өз денесімен жауып, қаһармандықпен қаза тапқан. 19.3.1944.
60. МОЛДАҒҰЛОВА Әлия (1924-1944). Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған. Ефрейтор. Мерген. 2-Прибалтика майданында болып, Псков облысының Новосокольники станциясы маңындағы шешуші шайқаста жауынгерлерді ұрысқа бастап, қаһармандықпен қаза тапқан. 4.6.1944.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет