Байланысты: Таратпа материал 4 сабақ Қазақ батырларының ерлігі кітапша
94. ҮРГЕНІШБАЕВ Ыдырыс (1912-1943). Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған. Сержант. Бөлімше командирі. Днепрден өту кезінде жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойып, осы ұрыста қаза тапқан. 15.1.1944. 95. ҮСЕНОВ Абдолла (1924-1943). Шымкент облысының Түркістан қаласында туған. Қатардағы жауынгер. Украина жерінде жаудың 8 танкісін жойып, сол жойқын ұрыста ерлікпен қаза тапқан. 25.8.1943. 96. ХҰСАЙЫНОВ Ахмедияр (1924-1986). Орал облысының Орда ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Мелитополь қаласын азат ету кезінде бір өзі 40 шақты жауды жойып, ерен ерлік көрсеткен. 1.11.1943. 97. ШӘКЕНОВ Кенжебек. 1924 жылы Семей облысының Жарма ауданында туған. Пулемет училищесін бітірген. 2-Украина майданында болып, Днепрден өту кезінде жаудың шабуылын 3 рет тойтарып, 17 солдаты мен офицерін, ірі калибирлі пулеметін жойған. 22.2.1944. 98. ШӘКІРОВ Астанқұл (1921-1945). Өзбекстанның Әндіжан қаласында туған. Барлау взводының жауынгері. Неман өзенінен ең бірінші болып өтіп, бүкіл полктың әскери тактикасын өзгертіп, жауға жойқын соққы беруге жағдай жасаған. Сөйтіп, ерлікпен қаза тапқан. 24.3.1945. 99. ШӘКІРОВ Сәду. 1922 жылы Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Днепрден өту кезінде Лоеводағы биіктікке алдымен жетіп, ту тіккен. 30.10.1943. 100. ЫСҚАҚОВ Қапай. (1906-1973). Семей облысының Жарма ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Сталинград, Украина майдандарында үлкен ерліктер көрсеткен. 13.9.1944. 101. ЫБЫРАЕВ Әйткен. (1924-1944). Семей облысының Жаңасемей ауданында туған. Старшина. Жаудың 6 зеңбірегі мен 12 пулемет ұясын жойып қаза тапқан. 24.3.1945. 102. ЫБЫРАЕВ Ысқақ (1911-1965). Солтүстік Қазақстан облысының Приишим ауданында туған. Атқыштар взводының командирі. Одер өзенінен өту кезінде қаһармандықтың ерен үлгісін көрсеткен. 27.2.1945. 103. ІЛИЯСОВ Нағи. 1920 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Дунай өзенінен өту кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен. 9.4.1945.