Байланысты: Таратпа материал 4 сабақ Қазақ батырларының ерлігі кітапша
79. СЕҢГІРБАЕВ Мұсабек (1914-1941). Талдықорған облысының Қаратал ауданында туған. Қатардағы жауынгер. 28-гвардияшы-панфиловшының бірі. Дубосеково разъезі түбінде өз серіктерімен жаудың 50 танкісіне қарсы тұрып, ерлікпен қаза тапқан. 21.7.1942. 80. СИХЫМОВ Есмұрат (1922-1942). Талдықорған облысының Ақсу ауданында туған. Пулемет расчетінің командирі. Погудино қыстағында 2 сағат айқасып, 60 гитлершілді жер жастандырып, ерлікпен қаза тапқан.18.10.1943. 81. СЫПАТАЕВ Қарсыбай (1918-1942). Шымкент облысының Шаян ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Сталинград іргесіндегі болған ұрыстарда ғажайып ерлік үлгісін көрсетіп, соңғы бір шайқаста жау танкілерімен жеке дара айқасқан. Ақырғы минасын қолына ұстап, танк астына құлап, оны жойып жіберіп, қаза тапқан. 17.4.1943.